Get Mystery Box with random crypto!

-ХАДИС: Ибн Масғуд (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи у | ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

-ХАДИС:

Ибн Масғуд (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Исрайылұлдарының (діни тұрғыдан) құлдырауы олардың бірі екіншісіне кезіккенде: «Әй, сен осы Аллаһтан қорықсаңшы! Мына қылығыңды қой, олай істеуге болмайды», – деп айтып алып, ертесі күні әлгі күнәһардың тыйылмағанын көрсе де, түк болмағандай онымен бірге баяғыша ішіп-жеп, дос болып жүре беруден басталған. Олар солай істеген соң, Аллаһ тағала олардың арасына жік түсіріп (бір-біріне дұшпан қылды) – деп, мына аятты оқыды: «Исрайылұлдарынан күпірлікке бой алдырғандар Дәуіт пен Мәриямұлы Исаның тілімен лағынеттелді, өйткені олар бойсұнудан бас тартып, (күнә істеуде) шектен шықты. Сондай-ақ, олар бір-бірін жамандық атаулыдан тыймайтын еді. Расында, олардың бұл қылығы қандай жаман! Басым көпшілігінің кәпірлерді дос тұтқанын көресің. Олардың (ақырет күніне) дайындығы қандай жаман! Шынында, олар (осы қылықтарының кесірінен) Аллаһтың қаһарына ұшырады, сондықтан (тозақта) мәңгі-бақи азап шегеді. Егер олар Аллаһқа, Пайғамбарға және оған түсірілген (кітапқа) иман келтірсе, кәпірлерді дос тұтпас еді. Алайда, олардың көбі түзу жолдан тайғандар» (34) Соңында Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жоқ, Аллаһтың атымен ант етейін! Сендер міндетті түрде жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын боласыңдар. Залымның қолын байлап, оны хақ жолға салып, әрі сол жолдан таймауына кепіл боласыңдар. Әйтпесе, Аллаһ тағала ауызбіршіліктеріңді бұзып, Исрайылұлдарын лағынеттегендей сендерді де қарғысқа ұшыратады», – деп айтты», – деген.

(Әбу Дәуіт, мәләхим 17; Тирмизи, тәфсиру сура 5-6).

(34) «Мәида» сүресі, 78-81-аяттар

@hadister_jinagy