Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми) Б
Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Арна мекенжайы: @bauirjanaliuli
Санаттар: Дін , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.57K
Арнадан сипаттама

Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 11

2021-12-25 05:28:15 Жақсыларға жанасып жүрейік..

Алла Тағала Құран Кәрімде: "(Уа,Алла!) Біздің жанымызды жақсылармен бірге ала гөр!"деп тіпті өлімнің өзінде жақсылармен бірге болуға шақырады.
Демек өмірде де өлімде де жақсылармен бірге болу үлкен мәртебе. Сондықтан бабаларымыз "Жақсыға жанастыр, жаманнан адастыр" деп дұға еткен.

Алла Тағала сіз бен бізге дүниеде де ақыретте де жақсылармен бірге болуды нәсіп етсін!

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
93 viewsedited  02:28
Ашу / Түсініктеме
2021-12-24 05:43:12 Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!

М. Дулатов (Алла рақымына бөлесін).
895 views02:43
Ашу / Түсініктеме
2021-12-23 05:36:01 Өзімізді түзейік...

Халифа Һишам ибн Абдулмәлік (71-125/691-743) табиғин Ағмашқа (61-147): «Маған сахаба Османның жақсы қасиеттері жайлы, ал сахаба Әлидің жағымсыз кемшіліктері жайлы жазып бер!» деген хатпен нөкерін жібереді. Нөкер хатты Ағмашқа жеткізеді. Ағмаш хатты қолына алып оқып шығады. Артынша күйсеп тұрған суалықтың аузына хатты салып жібереді. Саулық шайнап хатты жұтып қояды. Нөкерге қарап: «Оған хаттың жауабы осылай болды деп сәлем айт» дейді.
Нөкер: «Ол сенен жауапхат әкелмесем, мені өлтіремін деп ант ішті. Маған жаның ашысын! Жауап жазып бер!» деп қиылады. Ағмаштың жанында отырғандар: «Әбу Мұхаммед (Ағмаш)! Жанын аралашалап алып қалсаңшы» деп өтініш жасайды. Осындай мазмұндағы сөздерді бірнеше мәрте қайталайды. Ағмаш қолына қалам алып:
«Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Уа, момындардың әміршісі! Сахаба Османның бойында бүкіл жер бетіндегі адамның жақсы қасиеті болса да саған оның тигізер пайдасы жоқ. Сондай-ақ сахаба Әлидің бойында бүкіл жер бетіндегі адамның жағымсыз қасиеті болса да саған тигізер зарары жоқ. Сондықтан әуелі өзіңді түзе! Уәс-сәлам!» деп жазған екен.

Өзгелердің жағымды яки жағымсыз қасиеттерін тізбектеумен айналыспай, өзімізді түзеумен айналысайық.

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
374 views02:36
Ашу / Түсініктеме
2021-12-22 05:30:14 Өзгелердің артықшылығын мойындау..
Құранда Мұса пайғамбар: "(Уа, Аллаһым!) Бауырым Һарун маған қарағанда сөзге жүйрік" деген (Қасас сүресі, 34 аят). Мән беріп қарасаңыз Мұса пайғамбар бауыры һарунның артықшылығын айтқан. Демек өзгелердің артықшылығын мойындау пайғамбарлардың сипаты. Ал өзгелердің артықшылығын мойындамау малғұн шайтанның сипаты. Құранда: "(Шайтан) Мен одан (Адамнан) әлдеқайда артықпын" деген‏ (Ағраф сүресі, 12 аят).

Қайырлы күн! Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
224 views02:30
Ашу / Түсініктеме
2021-12-21 03:56:39 Лұқман Хакім өсиеттерінен..

Лұқман Хакім баласына:
«Уа, балам! Адамдарға уәде етілген (ақырет) ұзақ болып көрінеді. Ал олар шынтуайтында ақіретке бірінен соң бірі асығыс кетіп жатыр. Сен туылғанан бері дүниеден сырт айналып, ақіретке беттеп барасың. Сен беттеп бара жатқан жер шыққан жеріңнен саған жақынырақ»,-деп өсиет айтқан екен.

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
325 views00:56
Ашу / Түсініктеме
2021-12-20 05:36:58 Халифа Һарун Рашидтің уәжге тоқтауы
Бір кісі халифа Һарун Рашидтің билігіне қарсы шығып, ел арасына бүлік салады. Біраз уақыт өткен соң әлгі харижит реті келіп қолға түседі. Дереу халифаның құзырына жеткізіледі. Халифа оған қарап тұрып: «Мен саған не істейін?» деп сұрайды. Харижит: «Ертең Алланың құзырында шыққаныңда Алланың саған не істеуін қаласаң соны істе» деп жауап жауап береді. Халифа сәл ойланып: «Мынаны босатып, жібере салыңдар!» дейді. Сол мәжілісте отырған уәзірлердің бірі: «Уа, момындардың әміршісі! Әлгіні ұстау үшін қаншама қаражат жұмсадыңыз, жауынгерлерді титықтатып шаршаттыңыз. Енді келіп айтқан бір ауыз сөзіне бола, жібере салдыңыз?! Бұл үрдіс осылай жалғаса беретін болса халифаның ешбір дұшпаны қорықпайтын болады» дейді. Халифа: «Әлгіні кері қайтарыңдар!» деп бұйырады. Харижит халифаның құзырына қайта шығады. Халифаның ойын жанында отырғандардың өзгертіп, қиянат жасамақ болып бекінгендіктерін байқайды. Халифаға қарап: «Уа, момындардың әміршісі! Қолға түскен тұтқының жайлы ешкімнің сөзін тыңдама! Мен жайында өз ойыңда қал! Егер Алла Тағала сен жайында біреудің сөзін тыңдайтын болса, сен мына тақтың үстінде бір сәт отырмас едің» дейді. Халифа: «Мынаны босатып жіберіңдер! Қайтіп құзырыма әкелмеңдер» деген екен.
(Харижит – исламның алғашқы ғасырында саяси мақсатта пайда болған, діни-саяси тақырыптарда әсіре көзқарас, іс-әрекеттерімен танылған топтың мүшесі)
231 views02:36
Ашу / Түсініктеме
2021-12-19 02:43:51 "Адамдарға пайдаң тиіп жүрсең ғана дұрыс сый көресің".
(Бір сыйлы ақсақалдың аузынан)
Күндеріңіз сəтті өтсін!
20 views23:43
Ашу / Түсініктеме
2021-12-19 02:43:23 "Іштарға (жаза ретінде) сен сүйінгенде күйініп жүргендігі жеткілікті".
Сахаба Осман ибн Аффан (Алла оған разы болсын)
21 views23:43
Ашу / Түсініктеме
2021-12-18 05:30:38 Лұқман Хакім өсиеттерінен...
Уа балам! Денсаулықтан артық байлық жоқ. Кеңпейілділіктен артық нығмет жоқ.
(Ахкамул-Құран, 3 том, 1496 бет. )
269 views02:30
Ашу / Түсініктеме
2021-12-18 05:23:26 Лұқман Хакім ағаш ұсталығымен айналысатын құл еді. Бір күні қожайыны оған: «Бір қой сой! Кейін сойған қойыңның ең тәтті екі кесегін маған алып кел»,-деп бұйырады. Лұқман қожайынына қойдың тілі мен жүрегін алып келеді. Кейін қожайыны тағы бір қойды шалуды бұйырып: «Шалған қойыңның ең жаман екі кесегін лақтырып жібер!»,-деп айтады. Лұқман қойдың тілі мен жүрегін лақтырып жібереді. Қожайыны таңырқап: «Мен саған қойдың ең тәтті екі кесегін алып келуді бұйырдым. Сен маған тілі мен жүрегін алып келдің. Артынша кейін сойылған қойдың ең жаман екі кесегін лақтырып жіберуді бұйырдым. Сен тілі мен жүрегін лақтырып жібердің. Мұның мәнісі қалай?»,- деп сұрайды.
Лұқман: «Қожайыным! Егер бұл екеуі жақсы болса, бұл екеуінен жақсы еш нәрсе жоқ. Ал бұл екеуі жаман болса, бұл екеуінен жаман еш нәрсе жоқ»,-деп жауап береді .
(Ахкамул-Құран, 3 том, 1495 бет. )
296 views02:23
Ашу / Түсініктеме