Get Mystery Box with random crypto!

Кеше Ғабит Мүсіреповтің жазған, айтқан ойларын ортаға салып ед | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Кеше Ғабит Мүсіреповтің жазған, айтқан ойларын ортаға салып едік. Бүгін Немат Келімбетовтің бір пайымын жеткізе салайық.
2007 жылы «Қариялар» атты кітабы жарық көрді. Эссе түрінде жазылған еңбекте қазақ жасы еңкейген адамды түрліше атайтыны түсіндірілген.
«Шал», «қария» «қарт» және «ақсақал» атауын барлық жерде бірдей қолдану дұрыс емес .
Қарт – жасы келгеннің бәрі. Бұл сөз «қартайды» деген етістіктің түбірі екені көрініп тұр.
Өз тіршілігінің, бала-шағасының күйбеңімен ғана жүрген қарт кісі - шал.
Ауылдың, айналаның қамын ойлайтын, бала-шағасынан басқаға да қамқор қарт кісі – қария. Ол ауыл мен ауданға өнеге көрсетіп аталы сөз айта біледі.
Ал бүкіл қазаққа танымал және тұтас халықтың бірлігі мен тірлігі үшін ойлы сөз айта білетін қарт кісі – «ақсақал».
Немат ақсақал осылай тұжырған. Кімге қандай атау берерін халық өзі түсініп жатыр ғой.

Журналист Қайнар Олжайдың жазбасынан алынды.