Get Mystery Box with random crypto!

Қанағат... Халифа Абдулмәлік ибн Маруан (һижри 65) қайтыс бол | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Қанағат...

Халифа Абдулмәлік ибн Маруан (һижри 65) қайтыс болатын түні кір жуушының дауысын естиді. Басын көтеріп: «Қап, әттеген-ай табысын күнбе-күн тауып, күнін көріп жүретін кір жуушы болсам етті!» деген екен.

Халифаның әлгі дүниеден озар шағындағы айтқан сөзін ғалым Әбу Хазим (һижри 133) естігенде: «Оларды өлер шағында біздің күйімізді армандап өтетін еткен, ал бізді тірі шағымызда олардың мына дүниедегі күйін армандатпаған Алла Тағалаға сансыз шүкір» деген екен.

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!