Get Mystery Box with random crypto!

Әулие, тақуа құлдардың бірі өлім төсегінде жатқанда анасы көрі | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Әулие, тақуа құлдардың бірі өлім төсегінде жатқанда анасы көріп қатты мұңайған екен. Анасының көңіліне қаяу түскендігін байқаған тақуа: "Уа, Анашым! Менің есеп-қисабым дәл сенің алдыңда болса, қайтер едің?" деп сұрайды. Анасы: "Міндетті түрде мейірімділік көрсетер едім" деп жауап қатады. Тақуа: "Анашым! Жаратқан Ием сенен гөрі маған мейірімдірек. Сондықтан қам жеме!" деген екен.
Алла баршамызды рақымына бөлесін!