Get Mystery Box with random crypto!

Қайғыдан құтылудың жолы... Қайғыға, мұңға тап болып Алла Тағал | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Қайғыдан құтылудың жолы...
Қайғыға, мұңға тап болып Алла Тағаланың мына бір аятына беттемеген, ұмтылмаған адамға таң қаламын. Алла Тағала Әнбия сүресінің 87 аятында: "Сосын (Жүніс пайғамбар) қараңғылықтардың (теңіз, түн және балық құрсағы қараңғылықтарының) ішінде: "Сенен өзге (құлшылыққа лайық) құдай жоқ. Сен (барша кемшілік атаулыдан) Пәксің. Расында, мен залымдардан болдым!" деп жалбарынды" дейді. Келесі аятта Алла Тағаланың былай деп айтқандығын естідім.
"Сонда Біз оған (тілегіне) жауап бердік те, оны қайғыдан құтқардық. Мүміндерді де солай құтқарамыз". (Әнбия сүресі, 88 аят).

Шейх Шағрауи (Алла оны рақымына бөлесін).

Дұғаның арапшасы:
"لا إله إلا أنت سبحانك إني كنت من الظالمين"