Get Mystery Box with random crypto!

Ғибрат Хусейни ибн Амр әл-Анқари: былай деп әңгімелейді. «Мен | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Ғибрат
Хусейни ибн Амр әл-Анқари: былай деп әңгімелейді.
«Мен мынадай бір уақиғаға куә болдым. Біреу Әбу Нуғайым Фадл ибн Даккиннің (130-219) үйіне келіп есігін қақты.
Ол: «Бұл кім?» деп сұрады.
Есікті қаққан кісі: «Мен ғой» деп жауап қатты.
Әбу Нұғайым: «Менің кім?» деді.
Ол: «Адам нәсілінен тараған адаммын (кісімін)» деп жауап берді. Әбу Нұғайым есіскті ашты.
Әлгі кісіні құшақтап бетінен сүйіп: «Мархабат! Қош келдің! Мен Адам нәсілінен кісі қалмады деп жүрсем, әлі бар екен ғой» деді.

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!