Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми) Б
Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Арна мекенжайы: @bauirjanaliuli
Санаттар: Дін , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.57K
Арнадан сипаттама

Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 13

2021-12-10 21:25:22 Атпен ойнаған тайдың жілігі сынады. Мақал
308 views18:25
Ашу / Түсініктеме
2021-12-10 07:27:24 Адамдардың екі түрі болады. Күнделікті уақытын беске бөлетіндер және босқа жүретіндер. Н.Ф.Кысакүрек
678 views04:27
Ашу / Түсініктеме
2021-12-10 05:26:43 Ықыласты екеніңді қалай тануға болады?

Бәз біреулер мұсылмандар арасында уағыз айтумен, насихат жасаумен танылған Яхия ибн Муғаздан (Алла оны рақымына бөлесін):
«Құл (мұсылман пенде) өзінің ықыласты екендігін қашан байқай алады?» деп сұрайды.
Яхия: «Өзін мақтаған кісі мен сынаған кісіні тең көрген сәтінен бастап байқауына болады» деп жауап берген екен.

Жұмаңыз мүбарак болсын!

Алла Тағала баршамызға ықыласты құл болуды нәсіп етсін!
Жұма күнгі жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
811 views02:26
Ашу / Түсініктеме
2021-12-10 05:18:35 Айла....
Ертеректе екі кісі біреудің иман келтіргендігін біліп қойып бұл жайтты перғауынға жеткізеді. Мақсаттары оны перғауынның қолымен өлтіру болатын. Себебі перғауын өзін құдай санайтын. Дереу иман келтірген жанды құзырына алдырады. Əлгі хабар жеткізген екеуін де алдырады. Алдымен екеуін тергеуге алып: "Сендердің Құдайларың кім?" деп сұрайды. Олар: "Əрине Сенсің" деп жауап береді. Кейін мүмінге қарап:"Сенің Құдайың кім?" деп сауал қояды. Мүмін:"Менің Құдайым мына екеуінің Құдайы" деп жауап қатады. Перғауын ашуға мінеді. Əлгі екеуіне қарап: "Сендер менің дінімде жүрген адамды менің қолыммен өлтірмекші болған екенсіңдер ғой" деп екеуінде дереу өлтіруге пəрмен берген екен.

Жұмаңыз мүбарак болсын!
811 views02:18
Ашу / Түсініктеме
2021-12-09 21:28:52 Шошқаға ерген – балшыққа аунар. Мақал
263 views18:28
Ашу / Түсініктеме
2021-12-09 05:22:56 Жүрегіме байламаймын...

Бір кісі имам Әбу Ханифаға келіп: «Уа, имам! Мен намаздарымды хушуғпен (Алланың ұлылығын сезініп) оқи алмаймын. Намазда тұрғанымда түйелерімді ойлап, солардың қамын жеп тұрамын. Сіз менен гөрі бай адамсыз. Сіз қылған құлшылықтан қалайша ләззат алып жүрсіз? Құлшылықтарыңызды хушуғпен қалайша өтеп жүрсіз?» деп сұрайды.
Имам Әбу Ханифа: «Мен түйелерімді жүрегіме байламаймын. Ақырға байлап кетемін» деп жауап берген екен.

Алла Тағала баршамызға шынайы құлшылық қылуды нәсіп етсін!

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
713 views02:22
Ашу / Түсініктеме
2021-12-08 05:22:57 Біліміне сай...

Аббасит халифасы Һарун Рашид имам Әбу Ханифаның шәкірттерінің бірі имам Әбу Юсуфты бас қазилық қызметіне тағайындайды. Бір күні бір кісі келіп, сауал сұрайды.
Имам Әбу Юсуф: «Мен білмеймін» деп жауап береді.
Әлгі кісі таңырқап: «Сен бұл сауалдың жауабын қалайша білмейсің? Халифалықтың қазынасынан жалақы да алып отырсың» дейді.
Имам Әбу Юсуф: «Бауырым! Бізге білетін ғылымымыздың көлемінде жалақы беріледі. Егер білмейтін нәрселеріміздің көлемінде жалақы берілсе, қазынадағы қаражат жетпей қалады» деп жауап берген екен.

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сәтті өтсін!
633 views02:22
Ашу / Түсініктеме
2021-12-07 23:54:59 "Кейбір жандар ислам діні тек Еуропадан келсе ғана мойындайтын секілді". Н.Ф.Кысакурек (Алла оны рақымына бөлесін ).
725 views20:54
Ашу / Түсініктеме
2021-12-07 05:13:33 Яхия ибн Мұғаз: "Адамзат баласы сорлы жан! Кедейліктен қорыққанындай тозақтың азабынан қорықса жəннатқа кірер еді",-деген екен.
1.0K viewsedited  02:13
Ашу / Түсініктеме
2021-12-07 05:13:04 "Ақылдылықтың төресі тақуалық. Ақымақтықтың зоры күнәһарлық. Шындықтың шыңы аманатқа беріктік. Өтіріктің үлкені қиянат жасау".
Сахаба Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын).
774 views02:13
Ашу / Түсініктеме