Get Mystery Box with random crypto!

Бала тілі... Ибн Дарраж әт-Туфайли былай деп әңгімелейді. «Б | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Бала тілі...
Ибн Дарраж әт-Туфайли былай деп әңгімелейді.

«Бір күні балам екеуміз отырған едік. Тұсымыздан мұсылмандар бір мәйітті көтеріп алып өтті. Жаназаның соңынан келе жатқан бір әйел: «Сені үй жиһазы жоқ, көрпесі жоқ, меймандығы жоқ, жамылғышы жоқ, наны жоқ тіпті суы да жоқ үйге алып барады» деп жылап-еңіреп келе жатты.
Балам маған қарап: «Уа, әкешім! Уаллаһи, мына мәйітті мыналар біздің үйге апара жатыр» деді.

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!