Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми) Б
Telegram арнасының логотипі bauirjanaliuli — Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Арна мекенжайы: @bauirjanaliuli
Санаттар: Дін , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.57K
Арнадан сипаттама

Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 12

2021-12-17 05:23:14 Ақсақал керек...

Әйгілі Варна шайқасында сұлтан II Мұрат (1404-1451) соғыс майданында өлген дұшпан әскерінің кіл жас жігіттерден құралғандығын байқайды. Жанында келе жатқан қолбасшының біріне:
«Қарашы! Оғаш емес пе? Осыншама өліктің ішінен бірде-бір ақсақалды кісіні көрмедім. Бәрі жап-жас жігіттер екен» дейді.
Қолбасшы: «Падишаһым! Араларында бір ақсақал кісі болса, осындай бәлекетке ұрынар ма еді?» деп жауап берген екен.

Жастарымыз ақсақалдарымыздан тәжірибе үйреніп, ақсақалдарымыз жастарымызды қолдауды жазсын! Себебі тәжірибе мен шынайы қолдау сатылатын дүние емес.

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
561 views02:23
Ашу / Түсініктеме
2021-12-17 05:18:54 Лұқман Хакім өсиеттерінен...

Уа балам! Ғалымдармен мәжілістес бол! Екі тізеңді солардың тізесінен айырма! Өйткені Алла Тағала қуаңсыған жерді нөсер жаңбырмен тірілткеніндей өлі жүректерді ғылыммен тірілтеді.
(Ахкамул-Құран, 3 том, 1496 бет. )
477 views02:18
Ашу / Түсініктеме
2021-12-16 18:30:11 Сізді Елімнің ең басты мерекесі – Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын!
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған кешегі қыршын ерліктері біздің есімізде!
Ендеше Бостандық пен Еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Берік болсын еліміздің керегесі.
Татту-тәтті босын елім, жерім!
Кетпесін туған жердің берекесі.
Тәуелсіздік – Аллам берген ең әуелі аманат.
Тәуелсіздік - қадірін біл бағалап!
Құттықтаймын!
Құрметпен, Бауыржан Әлиұлы.
407 views15:30
Ашу / Түсініктеме
2021-12-15 04:18:03 Күнә жасағың келсе...
قال إبراهيم بن أدهم رحمه الله: إذا أردت أن تعصي الله فاعصه في مكان لا يراك فيه.
"Аллаға қарсы шығып күнə жасағың келсе, Ол сені көрмейтін жерде күнə жаса!".
Ибраһим ибн Əдһам (Алла оны рақымына бөлесін)
Қайырлы күн! Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
689 views01:18
Ашу / Түсініктеме
2021-12-14 06:16:04 Ешкімді төмен санамаңыз..

"Ешкім ешбір мұсылманды өзінен төмен санап қор көрмесін. Себебі мұсылмандардың кішік болып көрінгені Құдайдың құзырында ұлық болуы бек мүмкін".

Сахаба Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын)

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
495 views03:16
Ашу / Түсініктеме
2021-12-13 04:28:31 "Ара бал жасайды, бірақ балға түсініктеме бере алмайды".

Н.Ф.Кысакүрек (Алла оны рақымына бөлесін).
711 views01:28
Ашу / Түсініктеме
2021-12-12 14:38:04 Сырттай оқып жүрген кезінде далаға аңсары ауып, негізінен сыртта жүретін Есенқұл Жақыпбекке топтың старостысы:
"Осы сендер сабақ кезінде неге үнемі сыртта жүресіңдер?"-десе, Есекең:
"Біздің оқудың өзі сырттай емес пе?"-деген екен)

Абай Қалшабектің парақшасынан алынды.
723 views11:38
Ашу / Түсініктеме
2021-12-12 04:29:07 Үлкендік, ағалық...

Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) немерелері Хасан мен Хұсейн (Алла екеуіне де разы болсын) сөзге келіп қалып, біраз уақыт ренжісіп жүреді. Сонымен бәз біреулер Хұсейнге келіп: «Ағаңа барып, кешірім сұрасаңшы. Ол сенен үлкен емес пе?» дейді.
Хұсейн: «Сауапты әуелі кешірім сұраған кісі алады екен. Ағамның алдына түсіп, сауапты алып одан артық болғым келмейді» деген екен.
Мұны естіген Хасан кешірім сұрауға Хұсейнге өзі келген екен.

Ағайынмен ренжіскен шақта «мен одан үлкенмін немесе кішімін ғой» деп бәлсінбей кешірім сұрауға асығайық. Өмірдің қысқа, ренжісуге тұрмайтындығын ұмытпайық.

Қайырлы күн.
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
421 views01:29
Ашу / Түсініктеме
2021-12-12 04:24:55 "Жер-көкке сыйғызбай дəріптегенім, мені "сау болыңыз!" деген бір ауыз сөзге сыйдырып жіберді".
Нəжиб Фазыл Кысакүрек (Алла оны рақымына бөлесін).
423 views01:24
Ашу / Түсініктеме
2021-12-11 04:06:44 Қанағат...

Бір кісі әйгілі ғалымның мәжілісінде: «Жұмақта маған кішкене жер берілсе болды, сол маған жетеді» дейді.
Ғалым: «Ақірет үшін көрсеткен қанағатыңды, мына дүниеде де көрсетсең дұрыс болар еді» деген екен.

Қанағатты ғұмыр кешуді Алла Тағала баршамызға нәсіп етсін!

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
715 views01:06
Ашу / Түсініктеме