Get Mystery Box with random crypto!

BAQ.kz

Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz B
Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz
Арна мекенжайы: @baq_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.01K
Арнадан сипаттама

BAQ.KZ – Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-08-01 06:33:58
Қазақстандық балуан Камил Куруглиев 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында финалға шықты.

Балуан жартылай финалда 92 келі салмақта АҚШ елінің өкілі Максвелл Райан Макенеллимен күш сынасып, 12:2 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алған еді.

@baq_kz
313 views03:33
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 05:33:04
Атырау облысында аудан әкімі Жайық өзеніне батып кетті

Бұл деректі Махамбет ауданының әкімдігі мен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы растады.

Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш Ортақшыл ауылының тұсында Жайық өзеніне суға түскен. Бірақ судан кері шықпай қалған.

Әзірге суға кеткен әкімнің денесі табылған жоқ.

@baq_kz
329 views02:33
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 05:23:45 Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған
2414 жағдай тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 352 594 жетті.

@baq_kz
326 views02:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 14:30:02 Бүгін экс-министр Елжан Біртанов пен оның экс-орынбасары Олжас Әбішевтің ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Жоғарғы сот кеңесі Елжан Біртановтың судья Ибрагим Әлкеновті жұмыс істемейтін электронды денсаулық платформасы ісіне қатысты ашық сот…
16 views11:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 13:01:33 Доллардың ресми бағамы (сағат 17:00-дегі мәлімет бойынша) 478,86 теңгені құрады. @baq_kz
96 views10:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 12:02:00
Абай және Ұлытау облыстарының ТЖД бастықтары тағайындалды:

Полковник Манарбек Шапағатов Абай облысының ТЖД бастығы болып тағайындалды.

Полковник Eсен Байыров Ұлытау облысының ТЖД бастығы болып тағайындалды.

@baq_kz
143 viewsedited  09:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 11:10:48
Қаңтар оқиғасына қатысқан 717 адамға үкім шықты – Бас прокуратура

Олар тәртіпсіздікке қатысып, ұрлық, тонау, қару-жарақ сақтау мен алып жүру сияқты қылмыстар үшін сотталды.

Бас прокуратура мәліметінше, жыл басынан бері 1077 адамға қатысты негізсіз қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған. Бірақ олардың қаншасы Қаңтар оқиғасына байланысты екені нақтыланбаған. Уақытша қамау изоляторынан 512 адам босатылған.

@baq_kz
184 views08:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 08:47:56
Аса ірі көлемдегі психотропты заттарды сатуға қатысы бар күдікті «А» есімді елордалық тұрғын ұсталды.

ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті жүргізген процессуалдық іс-шара барысында заңсыз айналымнан 1,5 кг «мефедрон», 1,4 кг «альфа-PVP» және 659 таблетка МДМА («экстази» деп айтылатын) тәркіленді.

Есірткіні жалдамалы пәтерде орап, Интернет онлайн алаңы арқылы тұрақты түрде сатылғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

@baq_kz
227 viewsedited  05:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 08:15:39
Тамызда еліміздің бірнеше өңірінде қуаңшылық болуы мүмкін. Қазгидромет осындай болжам жасап отыр.

Құрғақшылық деңгейі әсіресе солтүстік-батыс, оңтүстік пен оңтүстік-батыс аймақтарында жоғары болмақ.

Атап айтқанда, Қызылорда облысындағы Қармақшы мен Маңғыстау облысының Маңғыстау аудандарында, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Мұғалжар аудандары мен Қарағандыдағы Нұра, Қостанайдағы Жангелді, Амангелді аудандарында да жауын-шашын көлемі күрт азаяды.

@baq_kz
225 views05:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 06:56:30 ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшіcі қайтыс болды.

2022 жылдың 27 шілдесінде ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды.

Өлімнің алдын ала себебі миға қан кетуімен байланысты екені анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

@baq_kz
249 viewsedited  03:56
Ашу / Түсініктеме