Get Mystery Box with random crypto!

BAQ.kz

Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz B
Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz
Арна мекенжайы: @baq_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.01K
Арнадан сипаттама

BAQ.KZ – Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-07-29 06:33:31
«Қызылжар» «Осиектен» басым түсті.

​Қазақстанның командасы Еурокубок ойынына тұңғыш рет қатысып отырған еді. Сол алғашқы қарсыласынан басым түсті.

Осиектегі ойын "Қызыл-жардың" сенсациялық жеңісімен 2:0 есебімен аяқталды.

62-минутта Гиорги Иваниадзе қазақстандықтарды алға шығарды, ал 71-минутта Мусса Коне гол салды.

Осылайша, "Қызылжар" екі матчта да жеңіске жетті және конференциялар Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты.

@baq_kz
265 viewsedited  03:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 05:31:39 Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 3175 жағдай тіркелді. @baq_kz
261 views02:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 14:28:12 Доллардың ресми бағамы (сағат 15:30-дағы мәлімет бойынша) 478,78 теңгені құрады. @baq_kz
337 views11:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 13:59:26 Қазақстанның қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қантпен қамтылады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Сауда және интеграция министрлігі, Нұр-Сұлтан әкімдігі және Қоғамдық тамақтану қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен бизнес субъектілерін қанттың қажетті көлемімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша бірінші кезеңде халық саны неғұрлым көп үш аймаққа мың тоннадан астам қант жеткізілетін болады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі қанттың қосымша көлемін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына жөнелтеді. Осы қалалардағы шағын бизнес өкілдері қанттың қажетті көлемін ала алады.

Сондай-ақ Қауымдастық басқа қалалар бойынша тізім жасап, қажетті қант көлемін есептейді. Бұл орайда Қауымдастық пен әкімдіктер аталған қантты беру алгоритмін әзірлейді.

@baq_kz
343 views10:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 13:28:16
Ақтауда жаңбыр толассыз жауып, көшелерді су басты.

Кеше түнде басталған толассыз жаңбыр салдарынан көшелерді су басып қалды.

Қалалық әкімдік коммуналдық қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.


@baq_kz
308 views10:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 12:43:01
Елорда көшелеріне шығып, биыл қазақстандықтардың қайда демалғанын сұрап қайттық.

Сауалнамада қала тұрғындары мен қонақтары жазғы демалысты қайда барғанын ғана айтып қоймай, өз әсерлерімен бөлісті.

Ал сіздің демалысыңыз қалай өтіп жатыр?

@baq_kz
299 views09:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 12:38:41 Доллардың ресми бағамы (сағат 17:00-дегі мәлімет бойынша) 479,98 теңгені құрады. @baq_kz
269 views09:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 11:34:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты қабылдады

Ералы Тоғжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Бағдарлама шаралары аясында бюджет саласындағы 850 мың қызметкердің, квазисектордың өндірістік бағытында жұмыс істейтін 240 мың және бизнес құрылымдарындағы 1,2 миллион еңбеккердің жалақысы өскенін баяндады.

Президентке Үкіметтің барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындап жатқаны туралы айтылды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, табысы жоқ азаматтардың экономикаға әлеуметтік тұрғыдан жұмылдырылуына қатысты кешенді шаралар атқарылып жатыр. Бұл ретте оларға жұмыс орындары ашылып, жаңа кәсіп түрлерін меңгеру үшін біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік жасалуда.

Премьер-министр орынбасарының айтуынша, 2025 жылға дейінгі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында 2 миллионнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның 444 мыңы биыл ашылмақ.

@baq_kz
278 viewsedited  08:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 11:12:11 ​​ Шетелге көшетіндер саны жыл сайын азайып келеді

Биыл бірінші тоқсанда елімізге 4,1 мың адам көшіп келді. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда 2 есе артық.

Қазақстанға Өзбекстаннан келетіндер саны көбейген. Өзбекстаннан 2 000-нан астам адам, бұл бір жыл бұрынғыдан 4 есе көп. Сондай-ақ үздік үштікке Ресей (810 адам, жылына минус 4,8%) және Түрікменстан (218 адам, жылдық өсім 5,7 есе) кірді.

@baq_kz
281 views08:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 09:29:57 Елорда әуежайы аумағына жарылғыш зат қойылды деген хабар жалған болып шықты.

Құқық қорғау органдары тексеру жүргізді.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тексеру кезінде әуежай аумағынан жарылғыш зат табылмаған.

@baq_kz
295 views06:29
Ашу / Түсініктеме