Get Mystery Box with random crypto!

BAQ.kz

Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz B
Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz
Арна мекенжайы: @baq_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.01K
Арнадан сипаттама

BAQ.KZ – Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-08-29 06:00:55
Бүгін Семей полигонының жабылғанына – 31 жыл.

1949 жылдың 29 тамызында Кеңес елі Семей өңірінің Абай және Абыралы аудандарында қуаттылығы 30 килотонна болатын алғашқы атом бомбасын жарды.

Ал 1991 жылы 29 тамызда «Семей ядролық полигонының жабылуы туралы» Жарлығы шығып, қазақ еліне жаншошырлық қасірет әкелген ядролық қару толықтай жабылды.

@baq_kz
388 views03:00
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 16:06:19 Мемлекет басшысы Пәкістан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістандағы адамдардың қазасы мен көпшіліктің зардап шегуіне әкелген жойқын су тасқыны туралы хабарды қатты қайғыра қабылдағанын жеткізді.

Мемлекет басшысы жеделхатта
Пәкістан Президенті Ариф Альвиге және жақындарынан айырылған отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасып, осы қиын кезеңде Пәкістан халқы мен үкіметімен бірге екенін білдірді.

@baq_kz
403 views13:06
Ашу / Түсініктеме
2022-08-27 15:46:50
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қаулысымен
Ғани Бектайұлы Бейсембаев
ҚР оқу-ағарту вице-министрі
қызметіне тағайындалды.

@baq_kz
483 views12:46
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 13:15:14
Ғазиза Құдайберген елордадағы Ұлттық академиялық кітапханаға директор болып тағайындалды.

@baq_kz
109 views10:15
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 11:09:43 18 жастағы жігіттің мойнында 9 млн несиесі болады. Ахмедиев әскердегі суицидке қатысты пікірін айтты

Әскерге 18 жастағы жастар келеді, олардың мойнында сол кезде 9 млн несие тұрады. Бұл тұрмыстық несие де болуы мүмкін. Бұдан бөлек басқа да әлеуметтік жағдайлар болады. Әрбір жағдай ерекше, сондықтан оны жеке қарастыру керек. Бұл адамның өмірі болғандықтан, осы үшін деп жеңіл болжай салуға болмайды.

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев

Толығырақ мына сілтемеде.

@baq_kz
225 views08:09
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 09:16:42
Қарағанды облысында Осакаров ауданы атауы өзгереді. Жергілікті тұрғындар жиырма жыл бойы "Сарыбел" тарихи атауын қайтару мәселесін көтеріп келген болатын. ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясы осы мәселеге байланысты бірауыздан оң шешім қабылдады.

Сонымен қатар Шымкент қаласы әкімдігінің жаңа ауданға "Тұран" атауын беру туралы ұсынысы да қолдау тапты.

@baq_kz
252 views06:16
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 08:50:09
«Әл-Каида» көсемі Айман әз-Зауахиридің көзі жойылды. Оны АҚШ-тың Орталық барлау агенттігі Ауғанстан астанасы Кабулда дронмен шабуылдап өлтірген.

Бұл туралы Ақ үй басшысы Джо Байден мәлімдеді.

Мұны "Талибан" өкілі де растады және америкалықтардың әуе соққысын "халықаралық қағидаларға қайшы" деп айыптады. Ресми Вашингтон лаңкестікке қарсы операция кезінде бейбіт тұрғындардың қаза таппағанын хабарлады.

@baq_kz
254 views05:50
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 07:08:01 Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы

20 маусымнан бастап республика бойынша КВИ жұқтыру көрсеткіші арта бастады.

Соңғы екі аптада вирус жұқтырғандар саны 3,2 есеге өсті.

Өткен тәулікте КВИ-дің оң нәтижесімен 2021 жағдай, КВИ-дің теріс нәтижесімен 1 жағдай тіркелді, өлім-жітім тіркелген жоқ.

Бағалау матрицасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы сары аймақта, Қазақстан Республикасы және қалған өңірлер жасыл аймақта тұр.

Бүгінгі күні инфекциялық төсек-орынмен қамту 30%-ды, реанимациялық төсек-орынмен қамту 7%-ды құрайды. 

Қазіргі уақытта 5 млн астам адам ревакциналаудан өтті (ревакциналауға 7 млн 430 мың адам жатады), бұл тиісті контингенттің 68%-ын құрайды.

Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният


@baq_kz
281 views04:08
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 07:00:28 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты.

@baq_kz
257 views04:00
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 06:01:42 Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2021 жағдай тіркелді. 

@baq_kz
284 views03:01
Ашу / Түсініктеме