Get Mystery Box with random crypto!

Аса ірі көлемдегі психотропты заттарды сатуға қатысы бар күдік | BAQ.kz

Аса ірі көлемдегі психотропты заттарды сатуға қатысы бар күдікті «А» есімді елордалық тұрғын ұсталды.

ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті жүргізген процессуалдық іс-шара барысында заңсыз айналымнан 1,5 кг «мефедрон», 1,4 кг «альфа-PVP» және 659 таблетка МДМА («экстази» деп айтылатын) тәркіленді.

Есірткіні жалдамалы пәтерде орап, Интернет онлайн алаңы арқылы тұрақты түрде сатылғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

@baq_kz