Get Mystery Box with random crypto!

BAQ.kz

Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz B
Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz
Арна мекенжайы: @baq_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.01K
Арнадан сипаттама

BAQ.KZ – Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-08-02 05:24:16 Құтқарушылар Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыштың мәйітін кешкі уақытта өзеннен тапты.

Полиция шенеуніктің өліміне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ринат Жанқылыш Ортақшыл ауылындағы суға түскен. Қайғылы жағдай кезінде оның жанында кім болғаны белгісіз.

@baq_kz
292 views02:24
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 15:11:07
ҚР Үкіметінің Қаулысымен
Олжас Темірбекұлы Ордабаев
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымына тағайындалды.

@baq_kz
232 views12:11
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 14:47:44 Елімізде балаларды 1-сыныпқа қабылдау науқаны аяқталды

Құжаттарды қабылдау толық 4 айға, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейін созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандықтар шамамен 400 мың өтініш беріп үлгерді. Балалардың 70%-дан астамы мемлекеттік тілде оқуды таңдады.

@baq_kz
263 views11:47
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 13:01:25 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 13-15 қыркүйекте Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

Сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған.

@baq_kz
257 views10:01
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 12:50:23
Петропавлдың «Қызыл-Жар» командасының бас бапкері Әли Әлиев Қазақстан азаматтығын түрік азаматтығына ауыстыруға келіспеді.

Бұл туралы Kazfootball Instagram парақшасы жариялады. 

@baq_kz
256 views09:50
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 12:25:05 Қаңтар оқиғасы бойынша ІІМ 4642 қылмыстық іс қозғаған

Оның ішінде 2,5 мыңнан астамы – ұрлық, 708 қару ұрлау немесе оны сақтау фактісі, 418 бұзақылық, 199 мүлікті жою фактісі, 26 қарақшылық және тонау. Осы қылмыстық істер аясында полиция тергеушілері 15 мыңға жуық адамнан жауап алды. 35 мыңнан астам тергеу әрекеті және 2,5 мың сараптама жүргізілді.

ҚҚР ІІМ тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев

Толығырақ мына сілтемеде.

@baq_kz
257 views09:25
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 11:50:11 Қаңтар оқиғасы бойынша 717 адам сотталып кетті

Жаппай тәртіпсіздіктерге ұйымдасқан қылмыстық топтар, диструктивті діни ағымдардың мүшелері және бұрын сотты болған адамдардың қатысқанын Бас прокуратура анықтады. Бүгінгі күні 286 күдікті амауда отыр. Олардың қиратуларға, ғимарат өртеуге, қару жымқыруға және мемлекеттік нысан мен құқық қорғау органдарына белсенді түрде қарулы шабуыл жасауға белсенді қатысқаны анықталды.

ҚР Бас Прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары Нұрлыбек Сәбитов

@baq_kz
261 views08:50
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 11:08:13 Алаяқтың құрбаны болмау үшін нені білу керек?

- Бейтаныс адамға, тексерілмеген сайтқа, басқа күмәнді көздерге жеке мәліметтерді сеніп беруге болмайды.
- Нақты көз жеткізіп, тексермейінше ақша аударымы жасалмауы тиіс.
- Төлем тауар алынған соң жасалуы керек.
- Қосымшаларды App Store, Play Market сияқты ресми көздерден ғана жүктеу керек.
- Спам сілтемелерден сақтанған жөн.
- Алаяқтар көбіне төлем жасау үшін фишинг сілтемелер арқылы өтуді талап етеді.

Сондай-ақ лицензиясы бар антивирус бағдарламаларын орнату және логин мен парольді күрделі ету маңызды.

@baq_kz
292 views08:08
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 08:34:19
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы күнге дейін Президент Үкімет пен әкімдерге қандай тапсырмалар жүктегенін бір шолып шығуды жөн көрдік.

Толығырақ мына сілтемеде.

@baq_kz
315 views05:34
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 07:01:57 Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚМА мұнай өнімдерін шетелге экспорттаудың ұйымдастырылған схемаларының жолын кесу бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.

Жыл басынан бері ҚМА 4 млрд теңгеге жалпы көлемі 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғады.
Анықталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жанар-жағармайдың шығу көздері мен оның айналымына қатысы бар тұлғалар анықталуда.
Өңірлерде шекара қызметі және мемлекеттік кіріс органдарымен өзара іс-қимыл жолға қойылып, бірлескен жұмыс жоспарларына қол қойылды.

@baq_kz
318 views04:01
Ашу / Түсініктеме