Get Mystery Box with random crypto!

BAQ.kz

Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz B
Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz
Арна мекенжайы: @baq_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.01K
Арнадан сипаттама

BAQ.KZ – Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-08-31 12:34:56
Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Оңдасын Сейілұлы Оразалин Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды.

@baq_kz
111 viewsedited  09:34
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 11:33:03
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

Нұрлыбек Нәлібаев мұнай қорының сарқылуы салдарынан мұнай өндіру көлемінің кемуінің орнын толтыру үшін сейсмикалық барлау, газ қорларын игеру жұмыстары қолға алынғанын жеткізді.

Инвесторлармен жұмыс қарқын алып келеді. Президенттің тапсырмасына сәйкес, құны 215 миллиард теңгені құрайтын, қуаты 240 мегаватт жаңа жылу электр орталығы салынып, 2025 жылы тапсырылады. Сонымен қатар жеке инвестор есебінен 11,8 миллиард теңгеге Қызылорда қаласы әуежайының жаңа терминалы 2024 жылы халық игілігіне берілмек.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне өңірдегі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуді тапсырды.

@baq_kz
70 views08:33
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 11:14:39 ​​ Елде 1 қыркүйекке қарай 80-ге жуық жаңа мектеп ашылады

Жыл соңына дейін барлығы 230-дан астам мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа мектептің басым көпшілігі демографиялық өсім белсенді және оқушылар орны жеткіліксіз аймақтарда салынып жатыр. Бұл Алматы, Атырау облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары.

@baq_kz
103 views08:14
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 09:25:06
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Таниды қабылдады.

Кездесуде қазақ-қатар қарым-қатынастарын дамыту перспективалары талқыланды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, соның ішінде экономиканың негізгі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

@baq_kz
178 views06:25
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 08:40:47
Дархан Сатыбалды бұған дейін Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылды.
Президент аймақ басшысы қызметіндегі көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты.

@baq_kz
223 viewsedited  05:40
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 08:06:44
ҚР энергетика министрінің бұйрығымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

@baq_kz
26 viewsedited  05:06
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 06:48:15 Отын мәселесі: Үкімет тиісті шаралар қабылдап, жауапты адамдарды жазалады

Уақытында тиісті шаралар қабылдамағаны үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы М. Мырзағалиев пен энергетика вице-министрі
А. Мағауовқа қатаң сөгіс жарияланды.
Сонымен қатар тәртіптік жазалау шаралары қабылданып, Энергетика министрлігі мен ҚМГ компаниясының бірқатар жауапты қызметкерімен еңбек қатынастары бұзылды.

Бұл мәселе – Үкіметтің ерекше бақылауында, қыркүйек айының басында жағдай тұрақталады деп күтілуде.

@baq_kz
110 views03:48
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 06:04:29 Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирде көрсетілетін болады.

@baq_kz
141 views03:04
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 05:54:34
КСРО-ның тұңғыш президенті Михаил Горбачев 92 жасына қараған шағында дүниеден өтті.

@baq_kz
150 views02:54
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 11:59:37
27-28 тамызда Венгрия астанасы Будапешт қаласында өткен көркем гимнастикадан Gracia Fair CUP турнирінде қазақстандық спортшы Айбота Ертайқызы бірден бес медальді иеленді.

Ұршықпен болған сайыста алтын медаль тақты. Баумен орындаған жаттығуда және көпсайыста екінші орын алды.
Доппен және шеңбермен болған сында күміс пен қола медальді қанжығасына байлады.

@baq_kz
301 views08:59
Ашу / Түсініктеме