Get Mystery Box with random crypto!

BAQ.kz

Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz B
Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz
Арна мекенжайы: @baq_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.01K
Арнадан сипаттама

BAQ.KZ – Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-08-30 09:45:00 ​​ Конституция – Қазақстан халқын біріктіруші үлкен күш. Өйткені, дәл осы Ата заңның алғашқы сөйлемінде.

Елдің алтын тұғыры ұзақ жыл бойы қалыптасты.

Хандықтан республикаға дейін Ата заңымыз қалай қалыптасты?

Біздің тілшілер дайындаған арнайы материалды оқи отырыңыз.

@baq_kz
321 views06:45
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 08:55:03
Жаңа Қазақстан болу үшін, әр азамат өзінің құқығын білуі керек - Серік Ақылбай

Әр соттың бастығы тек қана – заң. «Қазақстан заңгерлері одағының» миссиясы не, олар не істейді?
Соты сатылатын елдің халқы да, жемқорлыққа көз жұма бастай ма?

Осы жөнінде "Желмая" қонағы «Қазақстан заңгерлері одағының» Серік Ақылбай айтып берді.

Сұхбатымыздың толық нұсқасы Youtube- каналымызда.

@baq_kz
294 viewsedited  05:55
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 07:17:02
Головкин–Канело жекпе-жегі кинотеатрлардан көрсетілмек

Жекпе-жек Мексиканың бірқатар қалаларында үлкен экрандарда көрсетіледі.
Билет құны үш доллардан жеті долларға дейін болады деп күтіледі.

@baq_kz
299 views04:17
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 06:38:29 Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады.

@baq_kz
286 viewsedited  03:38
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 05:37:11 Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

"Сіздерді Қазақстан Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Биыл бұл мейрам айрықша саяси мәнге ие болып отыр. Ата заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумның нәтижесі халқымыздың бірлігін және елімізді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалардың барынша қолдау тапқанын көрсетті.

Біз заң үстемдігі, әділдік және жалпыға бірдей мүмкіндік қағидаттарын ұстанып, Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Еліміздің әрбір жауапты азаматының реформаларды іске асыруға белсене қатысып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосатын кезі келді.

Конституцияда белгіленген демократия құндылықтары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасы дамуының нақты стратегиялық бағдарын айқындайды.

Қолға алынып жатқан өзгерістердің басты міндеті – халықтың әл-ауқатын арттыру, мемлекеттілігімізді мейлінше нығайту және қоғамды үйлесімді дамыту. Бұл міндеттерді орындауға еліміздің әрбір азаматы атсалысуы қажет, қадірлі отандастар!

Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Отанымыздың игілігі жолындағы барлық мақсатқа жете беріңіздер!".

@baq_kz
304 views02:37
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 05:34:38
Конституция күні құтты болсын!

@baq_kz
295 viewsedited  02:34
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 09:58:03
Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері Щучинск қаласы бағытындағы мұсылман зираты аумағынан жасырылған атыс қару-жарағын тапты.

Орыннан "НЦ-12" маркалы тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, "Сайга-410" маркалы тегіс ұңғылы мылтық, 36 және 9 калибрлі патрондар тәркіленді. Табылған мылтықтар мен патрондар сараптамаға жіберілді.

Тексеру барысында иесі анықталды. Ол 48 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Ер адам 2015 жылы полицияға қарудың жоғалғаны туралы өтінішпен жүгінген.

Қаруды жоғалту немесе ұрлау иесін әртүрлі жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, дереу полицияға хабарлау қажет.

@baq_kz
386 views06:58
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 08:56:06
Беларусь саяхатшысы теңізге түсу үшін Ақтауға жаяу шыққан

Мұнайлы ауданы полиция бөлімі ППР аға қызмет инспекторы Ж. Таджибаев әдеттегідей, өзіне белгіленген аумақта қызмет атқарып жүріп, түнгі мезгілде жол бойында отырған белгісіз ер адамды байқаған. Белгілі болғандай, ер адам теңізге түсу үшін Беларусь елінен Ақтау қаласына қарай жаяу жол тартқан. Орта жолда қаражат мәселесі туындап, қиындыққа ұшыраған.

Полицейлер туристі қонақүйге орналастырған. Кейін тамақтандырып, теңіз жағалауына жеткізіп тастаған.

Беларусь саяхатшысы полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

Жақсылық жасаңыз - ол сізге міндетті түрде қайтып оралады!)

@baq_kz
363 views05:56
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 07:23:35
Ауаға оқ атқан қызылордалыққа қатысты тергеу басталды

Тексеру барысында анықталғандай, оқиға қаланың шет аумағында «келін түсіру» шарасы өту кезінде орын алған. Атыс салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

@baq_kz
354 viewsedited  04:23
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 06:09:12
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-де Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні туралы жазды.

@baq_kz
356 viewsedited  03:09
Ашу / Түсініктеме