Get Mystery Box with random crypto!

BAQ.kz

Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz B
Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz
Арна мекенжайы: @baq_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.01K
Арнадан сипаттама

BAQ.KZ – Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-09-01 09:04:16 Президент биыл күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды.

@baq_kz
333 viewsedited  06:04
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 08:57:20 Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдады.

@baq_kz
328 views05:57
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 08:55:53
Мемлекет басшысы:

"Маған құқық қорғаушылар, адвокаттар қауымдастығының өкілдері бірнеше рет өтініш жолдады. Олар елді жаппай тәртіпсіздікке үндеген адамдарды қатаң жазалау қажет екенін айтты. Бұл – орынды ұсыныс.

Сондықтан өкілетті органдарға осы мәселені қарастырып, нақты шара қабылдауды тапсырамын.

Біз кез-келген ашық арандатушылыққа және заңсыз іс-әрекетке қатаң тосқауыл қоюымыз керек. Ел ішіне іріткі салған және заң бұзуға шақырған адамдар қатаң жазадан құтылып кетпейді".

@baq_kz
327 views05:55
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 08:42:56 Тоқаев зейнетақы туралы:

"Зейнетақы жүйесін айтарлықтай қайта іске қосу қажет. Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ға, ал ең жоғарысын 120%-ға дейін дәйекті түрде жеткізу қажет. Бұрын қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жалпы зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді", - деді ол.

Тоқаевтың айтуынша, кең әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітіледі".

@baq_kz
302 viewsedited  05:42
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 08:38:14
Президент Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылатынын айтты.

#Жолдау2022
#Послание2022

@baq_kz
295 viewsedited  05:38
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 08:35:48 Президент білім мәселесіне тоқталды:

"Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс.

Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз".

@baq_kz
287 views05:35
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 08:33:25
Мемлекет басшысы игерілмеген жер телімдері туралы

@baq_kz
287 viewsedited  05:33
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 08:28:37 Мемлекет басшысы игерілмей жатқан жерді қайтарып алу туралы:

" Комиссия жұмысының аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды.

Жылдың соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отыр".

@baq_kz
279 views05:28
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 14:16:33 Мемлекет басшысы Пәкістан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістандағы адамдардың қазасы мен көпшіліктің зардап шегуіне әкелген жойқын су тасқыны туралы хабарды қатты қайғыра қабылдағанын жеткізді. Мемлекет басшысы жеделхатта…
43 views11:16
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 12:35:00 ​​ Ертеңгі Жолдауда не айтылуы мүмкін. Сарапшы жауабы

Бірінші кезекте әлеуметтік-экономикалық мәселелер көтеріледі. Бұл пікірді Қазақстандық қоғамдық даму институтының эксперті, Олжас Бейсенбай айтты.

"Күнделікті тұтынатын азық-түлік бағаларына қатысты өзгерістер туралы айтылады деп күтілуде. Сондай-ақ Жолдауда кейбір саяси реформаларды халыққа түсіндіру жұмыстарындағы олқылықтар туралы айтылуы да мүмкін", - деді ол.

Сарапшының айтуынша, Президент Үкіметке елдің сыртқы және ішкі жағдайын ескере отырып, шиленіскен жағдайдан шығудың тиімді жолдарын қарастыруды тапсырады.

Толығырақ осында.

@baq_kz
121 views09:35
Ашу / Түсініктеме