Get Mystery Box with random crypto!

BAQ.kz

Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz B
Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz
Арна мекенжайы: @baq_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.01K
Арнадан сипаттама

BAQ.KZ – Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-07-27 08:01:40 Браконьерлерден 13 қап киік мүйізі тәркіленді

Полицейлер ҰҚК қызметкерлерімен Қызыл кітапқа енген жануардың мүйізін заңсыз алып бара жатқан бір топ адамды ұстады.

Ұсталғандар Қызылорда облысының тұрғындары болып шықты.

Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Тергеу амалдары қолға алынды.

@baq_kz
135 views05:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 07:28:50
Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам мерт болды.

Қайғылы оқиға 26 шілде күні кешкі сағат 17:42 шамасында болған.

Әуезов ауданындағы тұрғын үй құрылыс алаңында жұмысшының үстіне мұнаралы кран құлады, салдарынан оқиға орнында 1989 жылы туған Б. есімді азамат көз жұмды.

Қазіргі уақытта тергеу тобы жұмысын бастады. Оқиғаның мән -жайы анықталып жатыр.

@baq_kz
155 views04:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 06:04:33
Альварес Головкинмен айқас алдында бапкерінен бас тартты

Ресейлік Дмитрий Биволдан жеңілістен кейін мексикалық жұлдыздың командасында айтарлықтай өзгеріс болған.
Мәселен "Канелоның" физикалық дайындығы бойынша бапкері Мунир Сомойя қызметінен кетті. Сонымен қоса Эдди Рейносоның оң қолы болып жүрген Замир Лозано да мексикалықтың командасынан кетеді екен.

Айта кетейік, Головкин - Альварес жекпе-жегі 17 қыркүйекке жоспарланған. Бұл айқас Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді.

@baq_kz
209 viewsedited  03:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 05:31:30 Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1859 жағдай тіркелді. @baq_kz
216 views02:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 14:07:31 Доллардың ресми бағамы (сағат 15:30-дағы мәлімет бойынша) 479,83 теңгені құрады. @baq_kz
244 views11:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 13:56:06
Ұлттық банк «ROZA BAǴLANOVA. 100 JYL» коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады.

Номиналы 100 теңгелік мельхиордан соғылған монета «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясын жалғастырады.

2021 жылы КСРО халық артисі, Қазақстанның Халық қаһарманы, қазақтың опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды.

@baq_kz
259 views10:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 13:28:31
Қазақстанда адам саудасы бар – Әзімова

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың айтуынша, Адам құқықтары және заң үстемдігі туралы заң жобасын дайындау туралы шешім сәуір айында Үкіметпен қаралып, оң шешім қабылданды.

Енді келер жылдың басында осы заң жобасы Үкімет қарауына беріліп, депутаттардың талқысына түседі.

"Бұл заң адам құқықтарын қорғау ғана емес, сонымен бірге профилактика және әлеуметтік сұрақтарға, проблемаларға байланысты. Адам сатуға байланысты заңбұзушылықтар қылмыстық жауапқа тартылса да, біз бұған қоғам үшін қауіпті әлеуметтік құбылыс ретінде қараймыз. Адам саудасы бұқаралық сипатқа ие болмаса да, Қазақстанда бар", - деді ол. 

@baq_kz
243 viewsedited  10:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 13:05:01
Дауға іліккен "Базз Лайтер" мультфильмі туралы да подкаст қонақтары өз ойымен бөлісті.

Подкасттың толық нұсқасы Youtube-каналымызда.

@baq_kz
231 viewsedited  10:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 12:39:53 Доллардың ресми бағамы (сағат 17:00-дегі мәлімет бойынша) 476,32 теңгені құрады. @baq_kz
246 views09:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 12:14:00
Подкастымыздың бүгінгі шығарылымында қоғамда дау тудырған мәселелер туралы ой қозғадық.

Ел жастары мемлекеттік жұмысқа не үшін ренжулі?
Қаржылық сауаттылықты қалай арттырамыз?
Жаһандану кезінде ұлттық құндылықтарды сақтап қалудың жолы қандай?

Жобаның қонақтары - «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы төрайымы Динара Сәдуақасова және «AMANAT» партиясы Саяси жұмыс департаментінің консультанты Бекарыстан Нұрланұлы.

Бірге тамашалайық!
Сілтемені осында қалдырдық.

@baq_kz
253 views09:14
Ашу / Түсініктеме