Get Mystery Box with random crypto!

BAQ.kz

Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz B
Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz
Арна мекенжайы: @baq_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.01K
Арнадан сипаттама

BAQ.KZ – Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 305

2021-05-06 11:31:23 ​​ Сыбайлас жемқорлыққа қатысым жоқ – Біртанов

Бүгін Тергеу сотында экс-министр Елжан Біртановтың ісі қаралды. Сотта бұрынғы министр сыбайлас жемқорлыққа қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

"Бұл өтініште бюджет қаражатын жымқыру мен ысырап етуде маған қарсы жасалған күдіктердің заңдылығы мен негізділігін растайтын ешқандай фактілер жоқ екенін қосқым келеді.

Неге? Себебі ұрлық фактісі жоқ. Мен тағы бір рет ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқару кезінде осы істе де, басқаларында да қандай да бір сыбайлас жемқорлық істеріне қатыспағанымды тағы да мәлімдеймін", - деп айтты Біртанов.

Күдікті өтініште алыпсатарлық және түсініксіз логикалық тұжырымдар бар екенін алға тартты.

@baq_kz
567 views08:31
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 10:19:43
Мемлекет басшысы әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ордендер мен медальдар тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы күні және Жеңіс мейрамымен құттықтап, халқымыздың ерлік дәстүрін танытатын қос мереке биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында өтіп жатқанын айтты.

@baq_kz
585 views07:19
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 08:16:10 Мемлекет басшысы "Әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру туралы" Жарлыққа қол қойды.

Толық тізім осы сілтемеде.

@baq_kz
620 views05:16
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 08:03:28 ​​ Денсаулық сақтау басқармасы вакцинадан кейін қайтыс болды деген адамға қатысты түсінік берді

Әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны Бақытжан Нұртазин вакцина алған соң қайтыс болды деген ақпарат тарады.

Алдын ала болжамдарға сәйкес, жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігінен қайтыс болған.

Азамат Б.Нұртазин, 1979 жылы туған, осы жылдың 12 сәуір күні емханаға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алу үшін жүгінген.

Процедура хаттамаға сәйкес өтті. Екпеден кейін Б.Нұртазин 30 минут бойы бақылауда болған, ешқандай шағым жасамаған. 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алған.

Дәрігердің қарауы кезінде жағдайы қанағаттандырарлық болған, екпе процедурасынан кейін 30 минут бақылауда болып, Б.Нұртазин үйіне кеткен. Жағдайы үйінде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

Қайтыс болу себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама басталды.

@baq_kz
585 views05:03
Ашу / Түсініктеме