Get Mystery Box with random crypto!

BAQ.kz

Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz B
Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz
Арна мекенжайы: @baq_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.01K
Арнадан сипаттама

BAQ.KZ – Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-07-28 08:34:56 6 университетті жабу мәселесі сотта қаралып жатыр.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жауапкершілігі төмен университеттерді жауып, сапаны қамтамасыз ете алмайтын ЖОО-ларды қайта бейіндеу бойынша күрделі жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде 15 ЖОО жабылды.

Бұдан бөлек, қосымша 6 оқу орнын жабуға қатысты шешімімізге шағым беріліп, ол сотта қаралып жатыр.

Жабылған университеттердің 100 мыңнан астам студентін оқуын жалғастыру үшін басқа ЖОО-ларға ауыстырылды.

@baq_kz
331 views05:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 07:31:18 ​​ Қазақстанда пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін жаппай қайтару жұмысы жалғасып жатыр
 
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің күшімен 2022 жылдың 6 айында 904 мың га пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып берілген жер мемлекет пайдасына қайтарылды (2021 жылы 430 мың га қайтарылды).

Биылғы жылдың соңына дейін тағы 5 млн га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарланып отыр.

Мемлекет пайдасына қайтарылған жерлерді одан әрі аграрлық сектор өкілдеріне тікелей пайдалануға беру үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер арқылы) бөледі.

@baq_kz
314 views04:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 13:01:52 Доллардың ресми бағамы (сағат 17:00-дегі мәлімет бойынша) 479,55 теңгені құрады. @baq_kz
95 viewsedited  10:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 12:57:15
Коронавирус бойынша

"Соңғы аптада ауырған адамдардың 70%-ы 3 аймақта тіркеліп отыр. Олар 4704 жағдаймен Алматы, 4937 жағдай анықталған Нұр-Сұлтан қалалары және 1237 жағдаймен Қарағанды облысы. Сырқаттанушылықтың өсуіне қарамастан, науқастарды ауруханаға жатқызу деңгейі төмен".

Айжан Есмағамбетова, Денсаулық сақтау вице-министрі

@baq_kz
110 views09:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 11:48:57
Маңғыстау облысында жолдың жиегінен ер адамның денесі табылды.

Полиция қызметкерлері Жаңа Дәулет кентінің 67 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен 35 жастағы ер адамды ұстады.

Тергеу сотының санкциясымен күдіктіге қатысты екі ай мерзімге “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Алдын ала болжам бойынша екі жүргізуші бір-біріне жол бермей, арасында жанжал пайда болған. Қылмыстық іске күдікті эмоцияларға бой алдырып, көліктен шығып, 67 жастағы жүргізушіні ұрып-соққан.

Алған жарақаттарынан кейін жәбірленуші сол жерде қайтыс болды.

@baq_kz
162 views08:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 11:24:09
«Болашақ» стипендиясына құжаттар қабылдау жалғасып жатыр

Магистратура, докторантура және резидентура бағдарламалары бойынша жетекші шетелдік ЖОО-ларға түсу үшін құжаттар 2022 жылғы 14 қазaнға дейін Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады.

Толығырақ оқу

@baq_kz
224 viewsedited  08:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 10:41:51 ҰҚК аумақтық органдарының басшылары тағайындалды

ҰҚК Абай облысы бойынша департаментінің бастығы Бақытжан Сырымұлы Уәлиниязов;

ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы Рустам Жиянұлы Ыбыраев;

ҰҚК Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастығы Бауыржан Жанымханұлы Құндызбаев;

ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы Ринат Төлеуханұлы Қоқымбаев;

ҰҚК Ұлытау облысы бойынша департаментінің бастығы Саламат Хамитұлы Үкенов;

ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев;

ҰҚК Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы Серік Ғарипұлы Рахымов;

ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Мадияр Бекдайырұлы Жұмаділов;

ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастығы Айдар Ақанұлы Айымбетов;

ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің бастығы Әділ Нұрсағатұлы Әбесов;

ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы Марат Құнанбайұлы Нарбаев;

ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің бастығы Санат Маратұлы Жұманов тағайындалды.

@baq_kz
202 views07:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 09:21:07
Мемлекет басшысы Грузияның Премьер-министрі Ираклий Гарибашвилиді қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар олар көлік-логистикалық іс-қимылдарға да ерекше назар аударды. Көршілес Қытайға тікелей шығатын мүмкіндігі бар болғандықтан, Қазақстан өз нарығын Орталық Азияға ашылатын қақпа ретінде қарастыруды ұсынады. Мемлекеттер аймақ елдері арасындағы байланыстарды нығайту үшін зор маңызы бар Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша серіктес саналады.

@baq_kz
32 views06:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 08:56:28 Сегіз облыстың прокурорлары тағайындалды

Жаңадан құрылған Ұлытау облысының прокуроры Жарқынбек Кендірбекұлы Бақашбаев болды.

Абай облысының прокуратурасын Абаев Ерлан Масғұтұлы басқарды.

Басшыбаев Мадияр Бекенұлы Жетісу облысының прокуроры болып тағайындалды.

Батыс Қазақстан облысының прокуроры болып Шалабаев Серік Рысқалиұлы тағайындалды.

Ақтөбе облысының прокуратурасын Халидулла Зиноллаұлы Дәуешов басқарды.

Маңғыстау облысының прокуроры лауазымына Руфат Бауыржанұлы Құттықов тағайындалды.

Жұмақанов Бауыржан Альбертұлы Атырау облысының прокуроры болып тағайындалды.

Сондай-ақ Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы Бас көлік прокуроры болып тағайындалды.

@baq_kz
78 views05:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 08:31:28
Шетелдегі ұрланған қаржыларды қайтару тиімді ме?
Біз неге Ресеймен бірге Еуразиялық одақта  болуымыз керек?  
Азық-түлік бағасының шарықтауына не себеп?

Осы және өзге де сауалдарға жауап аламыз.

Желмаяның кезекті қонағы -  Экономист, экономика ғылымдарының кандидаты Сапарбай Жұбаев.

@baq_kz
108 viewsedited  05:31
Ашу / Түсініктеме