Get Mystery Box with random crypto!

Беларусь саяхатшысы теңізге түсу үшін Ақтауға жаяу шыққан Мұн | BAQ.kz

Беларусь саяхатшысы теңізге түсу үшін Ақтауға жаяу шыққан

Мұнайлы ауданы полиция бөлімі ППР аға қызмет инспекторы Ж. Таджибаев әдеттегідей, өзіне белгіленген аумақта қызмет атқарып жүріп, түнгі мезгілде жол бойында отырған белгісіз ер адамды байқаған. Белгілі болғандай, ер адам теңізге түсу үшін Беларусь елінен Ақтау қаласына қарай жаяу жол тартқан. Орта жолда қаражат мәселесі туындап, қиындыққа ұшыраған.

Полицейлер туристі қонақүйге орналастырған. Кейін тамақтандырып, теңіз жағалауына жеткізіп тастаған.

Беларусь саяхатшысы полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

Жақсылық жасаңыз - ол сізге міндетті түрде қайтып оралады!)

@baq_kz