Get Mystery Box with random crypto!

ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ

Telegram арнасының логотипі balalar_qazynasy — ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ П
Telegram арнасының логотипі balalar_qazynasy — ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ
Арна мекенжайы: @balalar_qazynasy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 582
Арнадан сипаттама

Арна ислам дінінің иман негіздері, наным-сенім (ақида), фиқх, Пайғамбар өмірбаяны (сира), көркем-мінез, әдеп, басқа адамдармен қарым-қатынас мәселелерін ашып түсіндіретін сұрақтар мен олардың жауаптарын қамтыған.

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-06-23 17:39:02 С (401): Мұсылмандар өздерінің көптігімен алданған, бірақ бұл оларға пайда бермеген шайқас қалай аталады?

Ж (401): Хунайн* шайқасы.

Д (401): Аллаһ Тағала былай деген:

لَقَدْ نَصَرَكُمُ اللَّهُ فِي مَوَاطِنَ كَثِيرَةٍ وَيَوْمَ حُنَيْنٍ إِذْ أَعْجَبَتْكُمْ كَثْرَتُكُمْ فَلَمْ تُغْنِ عَنكُمْ شَيْئًا وَضَاقَتْ عَلَيْكُمُ الْأَرْضُ بِمَا رَحُبَتْ ثُمَّ وَلَّيْتُم مُّدْبِرِينثُمَّ أَنزَلَ اللَّهُ سَكِينَتَهُ عَلَى رَسُولِهِ وَعَلَى الْمُؤْمِنِينَ وَأَنزَلَ جُنُودًا لَّمْ تَرَوْهَا وَعَذَّبَ الَّذِينَ كَفَرُوا وَذَلِكَ جَزَاءُ الْكَافِرِينَ

«Расында, Аллаһ сендерге көп жерлерде жеңіс берді. Сондай-ақ Хунайн күні де сендерге жеңіс берді. Сол уақытта сендер көптіктеріңе мәз болған едіңдер. Сонда бұл сендерге түк пайда бермеді. Сондай-ақ жер, кең бола тұра, сендерге тар келді. Сонан соң бет бұрып қайта қаштыңдар. Содан кейін Аллаһ Өзінің Елшісіне әрі мүминдерге тыныштық (сакина) салды. Сондай-ақ сендерге көрінбеген әскер жіберіп, кәпірлерге соққы берді. Міне, кәпірлердің жазасы осы»

(«әт-Тәуба» сүресі, 25-26-аяттар).

*Хунайн алқабы Меккенің шығысынан Арафатқа қарай бірнеші миль арақашықтықта Зул-Мәжәздің қасында орналасқан.
87 viewsedited  14:39
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 17:39:02 С (400): Пайғамбар ﷺ Меккені қай жылы жаулап алды?

Ж (400): Хижраның сегізінші жылы, рамазан айында.
80 views14:39
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 11:38:02 С (399): Хайбар жорығы жайлы қысқаша айт.

Ж (399): Пайғамбар ﷺ хижраның жетінші жылының басында Хайбарға* шықты. Хайбарға жеткенде Пайғамбар ﷺ оны қоршап, қамал-бекіністерді жаулай бастады. Аллаһ Тағала оған жеңіс пен мол олжаларды нәсіп етті, әрі кейін олар мұсылмандардың арасында бөлінді. Хайбар жорығына Худайбия жорығына қатысқан мұсылмандар ғана қатысты.

Хайбарды жаулап алғаннан кейін Пайғамбар ﷺ сол жерде тұратын яһудилермен олар әлгі жерде жұмыс істеп, оған жемістер мен егіндердің жартысын беретіндері жайлы келісімге отырды.
Хайбар шайқасында жиырма шақты мұсылман қайтыс болды, Аллаһ оларға разы болсын!

*Хайбар – Мәдинаның солтүстігінен алпыс немесе жетпіс (миль) шақырымда орналасқан, қамал-бекіністері мен егін шаруашылығы бар үлкен елді мекен.
Хайбар үш үлкен бөліктен тұрған: ән-Нитат, әш-Шикк және әл-Қатиба. Ән-Нитат бөлігінде үш бекініс болған:
1. Нағим бекінісі. Бұл бекініс яһудилердің ең мықты жауынгері Мархабқа тиесілі болған, оны Али ибн Абу Талиб жекпе-жекте өлтірді. Кейін алдыға Мархабтың бауыры Ясир шығып: «Маған қарсы кім шығады?», - деп үндеу тастады. Оған қарсы әз-Зубайр шығып, оны өлтірді. Кейін Нағим қамалының алдындағы шайқас басталды, шайқас барысында бірнеше яхуди басшылары қаза тапты. Бірнеше күннен кейін бұл қамал да құлады.
2. Әс-Сағба ибн Муғаздың қорғаны.
3. Әз-Зубайрдің қорғаны.
Бұл екі қорғанды да мұсылмандар жаулап алды. Кейн әш-Шикк пен әл-Қатиба бөліктері де жауланды.
115 viewsedited  08:38
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 05:37:02 С (398): Пайғамбарға разылық антын бергендердің артықшылықтары қандай?

Ж (398): Аллаһ Тағала бұл антты бергендердің бәріне разы болды. Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі ﷺ былай деген: «Аллаһтың қалауымен талдың астында ант берген ешбір адам Отқа кірмейді»

(Муслим, 2496 – Жәбир ибн АбдуЛлаһтың сөздерінен).
74 views02:37
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 17:36:02 С (397): Аллаһ Тағаланың мына сөздерінде қандай оқиға жайлы айтылған:

لَّقَدْ رَضِيَ اللَّهُ عَنِ الْمُؤْمِنِينَ إِذْ يُبَايِعُونَكَ تَحْتَ الشَّجَرَةِ فَعَلِمَ مَا فِي قُلُوبِهِمْ فَأَنزَلَ السَّكِينَةَ عَلَيْهِمْ وَأَثَابَهُمْ فَتْحًا قَرِيبًا

«Расында, Аллаһ мүминдерден олар саған ағаштың астында серт берген сәтте разы болды. Ол олардың жүректеріндегісін білді әрі оларға тыныштық (сакина) салды. Сондай-ақ оларға таяуда болатын бір жеңіс сый етті»

(«әл-Фатх» сүресі, 18-аят).

Ж (397): Сахабалардың Пайғамбарға ﷺ Худайбияда берген анты жайлы айтылған. Хижраның алтыншы жылының зуль-қағда айында Аллаһтың Елшісі ﷺ умра жасау үшін Меккеге шықты және онымен бірге мың төрт жүз адам қосыла шықты. Көпқұдайшылдар бұл жайлы білгенде, одақтастарын жинап, Пайғамбарға ﷺ умра жасатпау үшін, Меккенің сыртына жөнелді. Бірақ Пайғамбар ﷺ Меккеге басқа жолмен шығып, Худайбия* деген жерге жетті. Мұсылмандар мен көпқұдайшылдар мәселені шешу үшін бір-біріне елші жібере бастады, олардың бірі Усман ибн Аффан болған. Усман Меккеде ұзақ болды, кейін Пайғамбарға ﷺ оның өлімі жайлы хабар жетті және сол себепті ол ﷺ сахабалардан олардың көпқұдайшылдармен өлімдеріне дейін соғысуына ант алды. Кейін бұл ант «Разылық анты (Бәйғ әр-ридуан)» деп аталды, өйткені Аллаһ Тағала оны бергендерге разы болды.

*Худайбия – Меккеден 9 (миль) шақырымда болған ескі құдықтың аты. Бүгін бұл жер Жиддадан Меккеге барар жолда орналасқан (Шумейси).
122 views14:36
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 11:35:04 С (396): Бұл шайқас жайлы қай сүреде айтылған?

Ж (396): «әл-Әхзаб» сүресінде.
129 views08:35
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 11:34:02 С (395): Хандақ (Ор) шайқасы қай жылы болған?

Ж (395): Шайқас хижраның бесінші жылы болған.
130 views08:34
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 11:34:02 С (394): Хандақ (Ор) шайқасы немен аяқталды?

Ж (394): Аллаһ Тағала құрайыштықтар мен олардың одақтастарына қорқыныш-үрей және жойқын жел жіберді. Бұл жел олардың шатырларынан, қазан ошақтарынан, қазықтарынан ештеңе қалдырмайтындай етіп есті. Бұл көпқұдайшылдар үшін соңғы сынақ болды да, олар сол түні-ақ Мәдинадан кетіп, кері оралуды шешті.
131 views08:34
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 05:33:02 С (393): Көпқұдайшылдар Мәдина мұсылмандарына қарсы қандай қосымша қысым көрсеткен?

Ж (393): Ор шайқасынан бұрын Аллаһтың Елшісі ﷺ Мәдинада тұратын бану ән-Надыр тайпасынан болған яһудилермен өзара шабуыл жасамау жайлы және сыртқы жаулардан бірге қорғану жайлы келісім-шартқа отырды. Бірақ одақтас тайпалар келгенде яһудилер келісім-шартты бұзды және мұсылмандар сыртқы жаулармен қоса, Мәдинада тұратындардан қауіптеніп сақтанатын болды.
22 views02:33
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 05:32:02 С (392): Хандақ (Ор) шайқасына қатысқан адамдардың саны қанша еді?

Ж (392): Мұсылмандарға келсек, олар үш мың болған, ал көпқұдайшылдардың саны он мыңға жеткен.
22 views02:32
Ашу / Түсініктеме