Get Mystery Box with random crypto!

ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ

Telegram арнасының логотипі balalar_qazynasy — ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ П
Telegram арнасының логотипі balalar_qazynasy — ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ
Арна мекенжайы: @balalar_qazynasy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 582
Арнадан сипаттама

Арна ислам дінінің иман негіздері, наным-сенім (ақида), фиқх, Пайғамбар өмірбаяны (сира), көркем-мінез, әдеп, басқа адамдармен қарым-қатынас мәселелерін ашып түсіндіретін сұрақтар мен олардың жауаптарын қамтыған.

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-08-01 11:45:08 C466: Таяммумды бұзатын амалдар жайлы айт.

Ж466: Дәретті бұзатын амалдар таяммумды да бұзады. Сондай-ақ таяммум су пайда болған уақытта, немесе суды қолдануға мүмкіндік пайда болғанда бұзылады.
111 views08:45
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 11:45:08 С465: Таяммум қалай алынады?

Ж465: Таяммум алу үшін адам алақандарын жерге бір рет ұруы керек. Кейін оларды бір-біріне ұру, немесе оларға үрлеу керек. Кейін адам қолдарын (алақаны мен білезіктерін) және бетін бір реттен сипайды.

Д465: Аммар ибн Ясир бірде ол сапарда болғанда таяммум алуы керек болғаны жайлы айтқан. Ол таяммумның қалай алынатынын білмеген, сондықтан топыраққа бүкіл денесімен аунаған. Ол Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп, оған бұл жайлы айтқанда, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қолдарыңмен былай істесең, бұл сен үшін жеткілікті болар еді», - деді де, жерді екі қолымен соғып, сол қолын оң қолымен сипап, алақанның сыртқы жағы мен бетін сипады

(әл-Бухари, 347 және Муслим, 368).

Имам әл-Бухари келтірген басқа нұсқада былай айтылады: «Ол екі қолымен жерді қағып, кейін үрлеп, бетін және қолдарын сипады».
113 views08:45
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 11:45:07 С464: Дәрет алу үшін суы жоқ немесе суы болса да, бірақ ол белгілі себептерге байланысты оны қолдана алмайтын адам не істеуі керек?

Ж464: Бұл жағдайда ол жермен тазаруы керек (таяммум алуы керек).

Д464: Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай деген:

فَلَمْ تَجِدُوا مَاءً فَتَيَمَّمُوا صَعِيدًا طَيِّبًا فَامْسَحُوا بِوُجُوهِكُمْ وَأَيْدِيكُمْ مِنْهُ مَا يُرِيدُ اللَّهُ لِيَجْعَلَ عَلَيْكُمْ مِنْ حَرَجٍ وَلَكِنْ يُرِيدُ لِيُطَهِّرَكُمْ وَلِيُتِمَّ نِعْمَتَهُ عَلَيْكُمْ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ (٦)

«Әрі су таба алмасаңдар, онда таза жерге таяммум соғыңдар; онымен беті- қолдарыңды сипаңдар. Өйткені, Аллаһ сендерге ауыртпалық қаламайды. Бірақ сендерді тазартуды, сондай-ақ шүкірлік етулерің үшін, сендерге нығметтерін тамамдауды қалайды»

(«әл-Мәида» сүресі, 6-аят).
102 views08:45
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 05:05:07 С463: Ғұсыл қалай алынады?

Ж463: Адамның шомылғаны ғұсыл болып саналуы үшін ол денесінің барлық жеріне су тиетіндей етіп үстіне су құюы немесе суға бір батып шығуы жеткілікті болады. Бірақ адам бұны діни ғұсыл аламын деген ниетпен жасауы керек.
134 views02:05
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 05:05:07 С462: Ғұсыл алу мустаһаб (сауапты бірақ міндетті емес) болып табылатын жағдайларды ата?

Ж462: Екі айт намаздарына барарда және ихрамға кіруден бұрын.

Д462: Зәйд ибн Сәбиттің айтуынша Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ихрамға кіруден бұрын шешініп, ғұсыл алған

(хадис оны күшейтетін басқа хадистер бар болғаны үшін сенімді; әт-Тирмизи, 830 және басқалар).

Екі айт намаздарға келсек, оны оқу үшін көпшілік адамдар жиналады, сондықтан бұл намаздардан бұрын шомылу (ғұсыл алу) мустахаб амалдардың бірі болып табылады. Бұған сондай-ақ жұма намазынан бұрын ғұсыл алу бұйрығы да нұсқайды.
134 views02:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 15:43:01 С461: Жұма намазына шығудан бұрын ғұсыл алу міндетті ме?

Ж461: Иә, бұл ересек адам үшін парыз, ал кішкентай балалар үшін міндетті емес.

Д461: Абу Сағид әл-Худри Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Жұма күні алынатын ғұсыл (шомылу) кәмілет жасына жеткен әрбір адам үшін уәжіп (міндетті)»

(әл-Бухари, 858 және Муслим, 846).
152 views12:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 15:42:01 С460: Кәпір адам Исламды қабылдағанынан кейін ғұсыл алуы керек пе?

Ж460: Иә.

Д460: Қайс ибн Ғасым өзінің Исламды қабылдаған кезінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған лотос (хош иісті өсімдік) араласқан сумен ғусыл алып шомылуды бұйырғанын баяндаған

(хадис сенімді; әт-Тирмизи, 605; шейх әл-Әлбани мен шейх Муқбил әл-Уадиғи хадисті сенімді деп атаған; қараңыз «Ируа әл-ғалиль», 1/163, № 128 және «әс-Сахих әл-Муснад», 2/144, № 1088).
144 views12:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 15:42:01 С459: Құсудың, мұрыннан немесе еріннен қан ағудың, немесе кекірудің себебінен дәрет бұзылады ма?

Ж459: Жоқ, өйткені бұл істердің дәретті бұзатындығына ешбір айқын әрі тікелей дәлел келмеген.
136 views12:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 11:39:01 С458: Дәретті бұзатын нәрселерді атап айт.

Ж458: Адамның кіші дәретін бұзатын нәрселер:

- Жел шығару және кіші, немесе үлкен әжетті өтеу.
Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Егер сендердің біреуің (жел шығарып немесе әжетін өтеп) дәретін бұзса, онда ол оны қайта алмағанына дейін Аллаһ оның намазын қабыл етпейді»

(әл-Бухари, 6954 және Муслим, 225);

Бұған сондай-ақ төменде келтірілетін Сафуан ибн Ғассәлдің хадисі де нұсқайды.

- Адам өз іс-әрекетін қадағалай алмайтын терең ұйқы. Ұйқының өзі дәретті бұзбайды, бірақ адам ұйықтаған кезінде жел шығармағанына сенімді бола алмайды.
Сафуан ибн Ғассәл былай баяндаған: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге сапар кезінде егер дәреттеріміз ұйқыдан, кіші немесе үлкен әжетті өтеуден бұзылған жағдайда былғары шұлықтарымызды үш күн мен үш түн шешпеуді бұйырған»

(хадис жақсы; әт-Тирмизи, 3535; қараңыз шейх әл-Әлбани «әл-Мишкат», 161 бет, № 520 және шейх Муқбил «әс-Сахих әл-муснад», 1/427, № 505);

- Естен тану. Ғалымдар естен тану адамның дәретін бұзатынына толықтай келіскен, бұл жайлы Ибн әл-Мунзир айтқан.

- Бұған Айшаның хадисі нұсқайды. Онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде хәлі нашарлағанда: «Адамдар намаз оқыды ма?», - деп сұрады. (Айша:) «Біз: «Жоқ, олар сізді күтіп тұр», - дедік. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Шелекке су құйыңдар», - деді». Айша олар оның айтқанын жасағанын баяндаған. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шомылып, адамдарға шыққысы келді, бірақ қайтадан есінен танып қалды. Ол өзіне келгенде: «Адамдар намаз оқыды ма?», - деп сұрады. Біз: «Жоқ, олар сізді күтіп тұр», - дедік. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Шелекке су құйыңдар», - деді. Адамдар шелекке су құйды және Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шомылып, адамдарға шыққысы келді, бірақ қайтадан есінен танып қалды. Бұл бірнеше рет қайталанды, кейін Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Абу Бакрға намазды өткізуін әмір етті»

(әл-Бухари, 687 және Муслим, 418).

Бұған адамның ақылдан азуын және (ішімдік, есірткі немесе наркоз себебінен) мас болуын жатқызуға да болады;

- Түйенің етін жеу.
Жәбир ибн Самурадан бірде бір адам Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Түйенің етін жегеннен кейін дәрет алу керек пе?», - деп сұрағаны жеткізіледі. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Иә», - деп жауап берді.

- Исламнан шығу.

Аллаһ Тағала былай деген:

وَمَن يَكْفُرْ بِالْإِيمَانِ فَقَدْ حَبِطَ عَمَلُهُ وَهُوَ فِي الْآخِرَةِ مِنَ الْخَاسِرِينَ

«Кім иманға күпірлік етсе, сонда оның амалы жойылды және ол Ақыретте де зиян шегушілерден болады»

(«әл-Мәида» сүресі, 5-аят).
747 viewsedited  08:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 05:34:02 C457: Кіші дәретті алудын артықшылығы жайлы хадис келтір.

Ж457: Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Мұсылман - не мүмин - дәрет алып, бетін жуғанда оның жүзінен аққан сумен – немесе судың соңғы тамшысымен - бірге оның көзбен жасаған күнәларының барлығы төгіліп (ағып) түседі. Ол қолын жуғанда, қолынан аққан сумен – немесе судың соңғы тамшысымен - бірге оның қолымен жасаған барлық күнәсі төгіліп (ағып) түседі. Ол аяғын жуғанда, аяғынан аққан сумен – немесе судың соңғы тамшысымен - бірге оның аяқтарымен жасаған барлық күнәсі төгіліп (ағып) түседі. Әрі осылайша ол күнәларынан тап-таза болмайынша жалғаса береді»

(Муслим, 244).

Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Расында, Қиямет күні менің үмметім маңдайлары мен аяқтарындағы дәрет алғандарының іздері болатын әппақ дақтарымен (танылып) шақырылады»

(әл-Бухари, 136 және Муслим, 246).

Қиямет күні Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің үмметін осы дақтарға қарап танитын болады.
40 views02:34
Ашу / Түсініктеме