Get Mystery Box with random crypto!

ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ

Telegram арнасының логотипі balalar_qazynasy — ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ П
Telegram арнасының логотипі balalar_qazynasy — ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ
Арна мекенжайы: @balalar_qazynasy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 582
Арнадан сипаттама

Арна ислам дінінің иман негіздері, наным-сенім (ақида), фиқх, Пайғамбар өмірбаяны (сира), көркем-мінез, әдеп, басқа адамдармен қарым-қатынас мәселелерін ашып түсіндіретін сұрақтар мен олардың жауаптарын қамтыған.

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-06-30 10:47:46
101 views07:47
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 06:10:02 С (430): Құранның қай аяттары Аллаһтың қалауымын оны жаттаған адамды Дәжжәлдің жамандығынан қорғайды?

Ж (430):«Әл-Каһф» сүресінің алғашқы он аяты.

Д (430): Абу-д-Дардадан Аллаһ Елшісінің ﷺ былай дегені жеткізіледі: «Кім «әл-Каһф» сүресінің алғашқы он аятын жаттаса, Дәжжәлдан қорғалған болады»

(Муслим, 809).
193 views03:10
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 06:10:01 С (429): Қай сүре «Бисми-Лләһи-р-Рахмани-р-Рахим» («Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен») деген сөздермен басталмайды?

Ж (429):«Әт-Тәуба» сүресі, оның басқа атауы «әл-Бара».
189 viewsedited  03:10
Ашу / Түсініктеме
2022-06-29 18:09:02 С (428): Құранның қай сүресі оны оқыған адамның күнәлары кешірілгенше оған шапағатшы болады?

Ж (428):«Әл-Мулк» сүресі.

Д (428): Абу Хурайрадан Аллаһ Елшісінің ﷺ былай дегені жеткізіледі: «Расында, Құранның отыз аяттан тұратын сүресі адамның күнәсі кешірілгенше ол үшін шапағатшы болады. Бұл «Сондай бүкіл билік Қолында болған Аллаһ, аса Ұлы әрі Ол әр нәрсеге күші толық жетуші», - деген сүре»

(хадис қолдауы болғаны үшін сенімді; Абу Дауд, 1400, әт-Тирмизи, 2891 және басқалар; шейх әл-Әлбани хадис жақсы деген).
198 views15:09
Ашу / Түсініктеме
2022-06-29 12:08:02 С (427): Мұсылман адам қай екі аятты түнде оқыса, бұл оған жеткілікті болады?

Ж (427): «Әл-Бақара» сүресінің соңғы екі аяты.

Д (428): Абу Мәсғуд әл-Бадри Аллаһ Елшісінің ﷺ былай дегенін баяндаған: «Кім «әл-Бақара» сүресінің соңғы екі аятын түнде оқыса, бұл оған жеткілікті болады»

(әл-Бухари, 4008 және Муслим, 807).
201 viewsedited  09:08
Ашу / Түсініктеме
2022-06-29 06:08:02 С (426): Мұсылман адам ұйықтау алдында қай аятты оқыса, шайтан таң атқанша оған жақындай алмайды?

Ж (426): «Аят әл-Курси».

Д (426): Абу Хурайрадан жеткен, оған адам кейпінде келіп, зекеттен ұрлаған шайтанмен болған оқиғасында, шайтанның Абу Хурайраға былай дегені жеткізіледі: «Төсегіңе жатқанда «аят ул-Курсиді» басынан аяғына дейін оқып шық. Егер сен бұны жасасаң, сенімен бірге әрдайым Аллаһтан болған қорғаушы болады және шайтан саған таң атқанша жақындай алмайды». Абу Хурайра бұл жайлы Пайғамбарға ﷺ айтқанда, ол ﷺ: «Ол нағыз өтірікші болса да, саған шындықты айтты», - деді

(әл-Бухари, 2311).
208 views03:08
Ашу / Түсініктеме
2022-06-28 18:07:02 С (425): Қай сүре «Құранның анасы» деп аталады?

Ж (425): «әл-Фатиха» сүресі.

Д (425): Абу Хурайрадан Аллаһ Елшісінің ﷺ былай дегені жеткізіледі: «Құранның анасы – үнемі қайталанатын жеті аят және ұлы Құран»

(әл-Бухари, 4704).
207 views15:07
Ашу / Түсініктеме
2022-06-28 11:04:02 С (424): Құранның ең ұлы аяты қандай?

Ж (424):«Аят әл-Курси». Бұл «әл-Бақара» сүресінің 255-ші аяты.

Д (424): Убай ибн Кағб былай баяндаған: «Бірде Аллаһтың Елшісі ﷺ маған: «Уа Абу-л-Мунзир! Аллаһтың Кітабының ең ұлы аяты қандай екенін білесің бе?», - деп сұрақ берді. Мен: «Аллаһ және Оның Елшісі жақсырақ біледі», - дедім. Пайғамбар ﷺ: «Уа Абу-л-Мунзир! Аллаһтың Кітабының ең ұлы аяты қандай екенін білесің бе?», - деп сұрады. Мен:

اللَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ

«Аллаһ - Одан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ. Ол Тірі, Толық Меңгеріп Тұрушы»,- дедім

(«әл-Бақара» сүресі, 255-ші аяттың басы).

Пайғамбар ﷺ бұны естіп: «Білім сен үшін игілік болсын, уа Абу-л-Мунзир!», - деді»

(Муслим, 810).
217 views08:04
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 05:45:04 С (403): Табук шайқасы қашан және кімге қарсы болған?

Ж (403): Табук шайқасы хижраның тоғызыншы жылы болған, және ол Римге қарсы бағытталған.
63 views02:45
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 05:45:03 С (402): Хунайн шайқасы қашан болды және немен аяқталды?

Ж (402): Бұл шайқас хижраның сегізінші жылы, шаууәл айында Мекке алынғаннан кейін бірден басталды. Бұл шайқас мұсылмандардың жеңісімен аяқталды. Мұсылмандардан төрт, кәпірлерден қырық адам қаза тапты.
64 views02:45
Ашу / Түсініктеме