Get Mystery Box with random crypto!

ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ

Telegram арнасының логотипі balalar_qazynasy — ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ П
Telegram арнасының логотипі balalar_qazynasy — ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ
Арна мекенжайы: @balalar_qazynasy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 582
Арнадан сипаттама

Арна ислам дінінің иман негіздері, наным-сенім (ақида), фиқх, Пайғамбар өмірбаяны (сира), көркем-мінез, әдеп, басқа адамдармен қарым-қатынас мәселелерін ашып түсіндіретін сұрақтар мен олардың жауаптарын қамтыған.

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-07-29 11:06:02 С448: Ғибадат жасау үшін ниетті тілмен айту керек пе?

Ж448: Жоқ, бұны Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) де, сахабалар да жасамаған.
9 views08:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 11:06:01 С447: Адамның ешбір амалы ниетсіз қабыл болмайтыны рас па?

Ж447: Иә.

Д447: Умар ибн әл-Хаттабтан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Расында, амалдар ниетке сәйкес бағаланады және әр адамға ниеттенген нәрсесі ғана болады»

(әл-Бухари, 1 және Муслим, 1907).
10 views08:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 11:06:01 ФИҚҺ ТАРАУЫ
Тазару (тахарат) жайлы бап
9 views08:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 05:04:02 С446: «Ән-Ниса» сүресінің кішісі деп қай сүре жайлы айтылады?

Ж446: «Әт-Талақ» сүресі.

Д446: Бұл жайлы Ибн Масғуд айтқан

(әл-Бухари, 4910).
46 views02:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 05:04:01 С445: Қай тәпсір ең жақсы?

Ж445: Ең жақсы тәпсір деп Ибн Кәсир тәпсірі саналады, бірақ бұл даусыз пікір емес.
46 views02:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 05:04:01 С444: Үш пайдалы тәпсірді ата.

Ж444: Пайдалы тәпсірлер өте көп. Олардың ішінен Ибн Жәрир әт-Табаридің, Ибн Кәсирдің және әл-Бағауидің тәпсірлерін атап келтіруге болады.
45 views02:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 18:03:02 С443: Мұсылмандар Құран аяттарын не арқылы түсіндіреді?

Ж443: Құранның бір аяттарының мағынасы басқа аяттармен, хадистермен, сахабалар мен табиғиндердің сөздерімен немесе араб тілінің мағынасымен түсіндірілуі мүмкін.
89 views15:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 14:44:35 С442: Құранның соңғы түскен аяты қандай?

Ж442: Аллаһ Тағаланың мына сөздері:

وَاتَّقُوا يَوْمًا تُرْجَعُونَ فِيهِ إِلَى اللَّهِ ثُمَّ تُوَفَّى كُلُّ نَفْسٍ مَّا كَسَبَتْ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ

«Сендер Аллаһқа қайтарылатын және әркімге өзінің істегенінің жазасы берілетін, әрі олардың ешбіріне зұлымдық жасалмайтын күннен қорқыңдар»

(«әл-Бақара» сүресі, 281-аят).

Д442: Бұл жайлы Ибн Аббас айтқан

(әл-Бухари, 4544).
124 viewsedited  11:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 18:16:02 С (441): Құранның қай сүресі басынан аяғына дейін соңғы болып түскен?

Ж (441): «Ән-Наср» сүресі.

Д (441): УбайдуЛлаһ ибн АбдуЛлаһ ибн Утбадан бірде Ибн Аббастың одан: «Басынан аяғына дейін соңғы түскен Құранның сүресі қандай екенін білесің бе?», - деп сұрағаны жеткізіледі. Ол: «Иә, бұл: «Аллаһтың көмегі мен жеңіс келгенде», - деген сүре», - деді. Ибн Аббас: «Сен шындықты айттың», - деді

(Муслим, 3024).
212 views15:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 18:16:02 С (440): Құранның дәл ортасындағы сөз қандай?

Ж (440):«әл-Каһф» сүресінің 19 аятындағы:

وَلْيَتَلَطَّفْ

«...бірақ ол абай болсын...», - деген сөз.
215 views15:16
Ашу / Түсініктеме