Get Mystery Box with random crypto!

ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ

Telegram арнасының логотипі balalar_qazynasy — ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ П
Telegram арнасының логотипі balalar_qazynasy — ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ
Арна мекенжайы: @balalar_qazynasy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 582
Арнадан сипаттама

Арна ислам дінінің иман негіздері, наным-сенім (ақида), фиқх, Пайғамбар өмірбаяны (сира), көркем-мінез, әдеп, басқа адамдармен қарым-қатынас мәселелерін ашып түсіндіретін сұрақтар мен олардың жауаптарын қамтыған.

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-06-21 17:32:02 С (391): Көпқұдайшылдар алдарындағы орды көргенде не істеді?

Ж (391): Олар Мәдинаны қоршауға ала бастады.

Д (391): Аллаһ Тағала былай деген:

إِذْ جَاءُوكُم مِّن فَوْقِكُمْ وَمِنْ أَسْفَلَ مِنكُمْ وَإِذْ زَاغَتِ الْأَبْصَارُ وَبَلَغَتِ الْقُلُوبُ الْحَنَاجِرَ وَتَظُنُّونَ بِاللَّهِ الظُّنُونَا هُنَالِكَ ابْتُلِيَ الْمُؤْمِنُونَ وَزُلْزِلُوا زِلْزَالًا شَدِيدًا

«Сол уақытта олар сендердің жоғарғы жақтарыңнан да төменгі жақтарыңнан да келген еді. Көздерің алайып, жүректерің ауызға келген еді. Сондай-ақ Аллаһқа байланысты әр түрлі ойлар ойланған еді. Міне, сол кезде мүминдер сыналып, қатты теңселген еді»

(«әл-Әхзаб» сүресі, 10-11-аяттар).
56 views14:32
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 11:31:02 С (390): Мұсылмандар көпқұдайшылдардың одақтас әскерінің Мәдинаға қарай шыққанын білген кезде не істеді?

Ж (390): Аллаһтың Елшісі ﷺ бұл жайлы білгенде Сәлман әл-Фарисидің ұсынысымен келісіп, мұсылмандарға Мәдинаның солтүстік-батыс жағында ор қазуды бұйырды. Мұсылмандар бұл орды көпқұдайшылдардың Мәдинаға келуіне дейін бітіру үшін өте тез қазды. Сөйтіп мұсылмандар ұзындығы 2,5 км, кеңдігі 6,5 м, тереңдігі 3,5-5 м ор қазды. Ең дұрыс дерекке сүйенсек, ор алты күн қазылды.

Д (390): Әнас ибн Мәлик былай деген: «Мухажирлер мен ансарлар, Мәдинаның айналасында ор қаза бастады әрі топырақты өз желкелерінде тасыды»

(әл-Бухари, 2835 және Муслим, 1805).
101 views08:31
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 05:30:51 С (389): Бұл шайқастың себебі не болған?

Ж (389): Оның себебі Аллаһтың Елшісі ﷺ Мәдинадан көшіріп жіберген бану ән-Надыр тайпасының Салләм ибн Әби-л-Хукайк, Салләм ибн Мишкам, Кинан ибн әр-Рабиғ атты ықпалды яһудилерінің Меккеге барып, құрайыштықтарды Аллаһ Елшісіне ﷺ қарсы соғысқа бағыттап, оларға көмек беретіндігіне сөз бергені болған. Құрайыштықтар бұған келісті.

Кейін бұл делегация Ғатафан тайпасына барып, оларды да шайқасқа шақырды, олар келісті.

Осылайша Абу Суфиян ибн Харб бастаған құрайыштықтар Мәдинаға қарай шықты, ал Ғатафан тайпасын Уяйна ибн Хисн басқарған еді.
23 viewsedited  02:30
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 05:29:02 С (388): Көпқұдайшылдар Мәдинаны бір айдан көп қоршаған тарихи оқиға қалай аталады.

Ж (388): Бұл «Хандак (Ор) шайқасы» немесе көпқұдайшылдардың одақтас әскерлеріне қарсы шайқас деп аталады.
23 views02:29
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 17:28:02 С (387): Құранның қай сүресінде Ухуд шайқасы жайлы баяндау келген?

Ж (387): «Әли Имран» сүресінде.
118 views14:28
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 11:28:02 С (386): Пайғамбарымыз ﷺ: «Біз жақсы көретін және бізді жақсы көретін тау», - деп қай тау жайлы айтқан.

Ж (386): Ухуд тауы жайлы.

Д (386): Абу Хумайд әс-Сағиди былай баяндаған: «Бірді біз Пайғамбармен ﷺ біргет Табук шайқасынан қайтып бара жаттық. Біз Мәдинаны көрген кезімізде Пайғамбар ﷺ: «Мынау – Игі (Таба)* , ал мынау – Ухуд, біз оны жақсы көреміз және ол да бізді жақсы көреді», - деді»

(әл-Бухари, 1872 (қысқартылған) және Муслим, 1392).

*Мәдинаның басқа атауы.
142 viewsedited  08:28
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 05:24:02 С (385): Ухуд шайқасында қайтыс болып, көп жарақат алғаны сонша, оны тек әпкесі саусақтарының ұшынан таныған сахаба кім?

Ж (385): Әнас ибн ән-Надр.

Д (385): Әнас ибн Мәлик былай баянадаған: «Менің көкем Әнас ибн ән-Надр Бадр шайқасына қатыспады. Ол: «Уа Аллаһтың Елшісі! Мен сіздің көпқұдайшылдарға қарсы бірінші шайқасыңызға қатыса алмадым. Егер Аллаһ маған келесі шайқасқа қатысуымды нәсіп етсе, Ол менің не жасайтынымды көреді», - деді. Ухуд шайқасы басталғанда мұсылмандар жеңіліске ұшырай бастады. Сонда Әнас ибн ән-Надр: «Уа Аллаһ! Мыналардың жасағандары үшін кешірім сұраймын», - деп достарың меңзеді де: «Мыналар жасағандардан бездім», - деп кәпірлерді меңзеп, алға жөнелді. Жолда ол Сағд ибн Мұғазды кездестірді және ол (Әнас): «Уа Сағд ибн Муғаз! Бұл Жәннат, ән-Надрдың Раббысымен ант етемін, мен Ухуд жақтан оның жұпар иісін сезіп тұрмын», - деді. Сағд (кейінірек) былай деген: «Уа Аллаһтың Елшісі! Мен Әнас ибн ән-Надр жасағанды жасай алмадым»».

Әнас ибн Мәлик былай жалғастырды: «Біз оның денесінде сексеннен көп жарақат таптық. Бір бөлігі қылыштан, бір бөлігі найзадан, басқалары садақ оқтарынан болатын. Біз оның мәйітін таптық және оның денесі көпқұдайшылдармен зақымданғаны сонша, оны тек әпкесі саусақ ұштарына қарап таныды».

Кейін Әнас былай деді: «Біз мына аят туралы сол және сол секілді адамдар жайлы түсті деп ойлаймыз:

مِّنَ الْمُؤْمِنِينَ رِجَالٌ صَدَقُوا مَا عَاهَدُوا اللَّهَ عَلَيْهِ فَمِنْهُم مَّن قَضَى نَحْبَهُ وَمِنْهُم مَّن يَنتَظِرُ وَمَا بَدَّلُوا تَبْدِيلًا

«Мүминдерден, Аллаһқа деген уәделерінде шыншыл болған (орындаған) ерлер бар: Олардан кейбіреуі жанын құрбан етті, ал кейбіреуі күтуде. Олар серттерін әсте ауыстырмады» («әл-Әхзаб» сүресі, 23-аят)»

(әл-Бухари, 2805 және Муслим, 1903).
47 viewsedited  02:24
Ашу / Түсініктеме
2022-06-19 17:37:02 С (384): Ухуд шайқасында көпқұдайшылдармен соғысып, Пайғамбарды ﷺ денесімен қорғағаны сонша, қолы салып қалған сахаба кім?

Ж (384): Тальха ибн УбайдуЛлаһ.

Д (384): Қайс ибн Абу Хазим былай деген: «Мен Тальханың Пайғамбарды ﷺ қорғаған қолының салып қалғанын көрдім»

(әл-Бухари, 3724).
30 views14:37
Ашу / Түсініктеме
2022-06-19 11:36:02 С (383):Хамзаны кім өлтірді?

Ж (383): Хамзаны Жубәйр ибн Мутғим ибн Ғадинің құлы – Уахший ибн Харб өлтірді. Бадр шайқасында Хамза Жубәйрдің көкесі – Туғайм ибн Ғадині өлтірді және ол Уахшийге ол Хамзаны өлтірсе, азаттық беретіндігіне сөз берді. Уахший найза ату әдісін жетік меңгерген адам болатын, әрі ол Ухуд шайқасына көпқұдайшылдармен бірге шықты. Ол Хамзаны тауып, ыңғайлы сәтті ұстап, найзасын лақтырып, Хамзаны өлтірді. Кейінірек Уахший Исламды қабылдады, және Пайғамбар ﷺ қайтыс болғаннан кейін ол жалған пайғамбар Мусайләманы өлтіріп, соның себебімен Аллаһ Тағала оған Хамзаны өлтіргенін кешіретіндігіне үміттенді.

Д (383): Бұл жайлы имам әл-Бухариден келтірілген Жәғфар ибн Амр әд-Дамридің хадисінде айтылған

(әл-Бухари, 4072).
76 viewsedited  08:36
Ашу / Түсініктеме
2022-06-19 05:36:02 С (382):Жәннаттағы шәһидтердің мырзасы кім?

Ж (382): Пайғамбардың ﷺ көкесі – Хамза ибн Абд әл-Мутталиб.

Д (382): Жәбир ибн АбдуЛлаһ Аллаһ Елшісінің ﷺ былай дегенін баяндаған: «Жәннаттағы шәһидтердің мырзасы – Хамза ибн Абд әл-Мутталиб»

(хадис сенімді; әл-Хаким «Мустадрақ», 3/302, № 4950; Шейх әл-Әлбани бұл хадисті «Силсиләт әс-сахиха» жинағына қосқан, 1/716, № 374).
108 views02:36
Ашу / Түсініктеме