Get Mystery Box with random crypto!

ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ

Telegram арнасының логотипі balalar_qazynasy — ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ П
Telegram арнасының логотипі balalar_qazynasy — ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ
Арна мекенжайы: @balalar_qazynasy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 582
Арнадан сипаттама

Арна ислам дінінің иман негіздері, наным-сенім (ақида), фиқх, Пайғамбар өмірбаяны (сира), көркем-мінез, әдеп, басқа адамдармен қарым-қатынас мәселелерін ашып түсіндіретін сұрақтар мен олардың жауаптарын қамтыған.

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 19

2022-04-17 12:09:01 С (283): Пайғамбармен ﷺ және Абу Бакрмен бірге Мәдинаға сапарға кімдер шықты, және Пайғамбардыңﷺ сол сапарда мінген түйесінің аты не еді?

Ж (283): Пайғамбармен ﷺ және Абу Бакрмен бірге сол сапарда серік болған адам – Амир ибн Фухайра еді, оны Абу Бакр құлдықтан сатып алып босатқан болатын. Сондай-ақ олармен бірге жол көрсетуші ретінде АбдуЛлаһ ибн Урайқит те болған, ол Мәдинаға баратын жол мен Меккенің шетіндегі жолдарды жақсы білетін. Амир ибн Фурайха мұсылман еді, ал АбдуЛлаһ ибн Урайқит көпқұдайшыл болған, әрі оның Исламды қабылдағаны жайлы расталған мәлімет жоқ. Пайғамбардың ﷺ інгеніне келер болсақ, оның аты әл-Қасуа болатын. Жоғарыда аталып кеткеннің барлығы Пайғамбардың ﷺ өмірбаяны жайлы ғылымынан жақсы белгілі («Пайғамбардың өмір-баяны жайлы тарау», 167-169 беттер).
263 viewsedited  09:09
Ашу / Түсініктеме
2022-04-17 12:08:01 С (282): Пайғамбар ﷺ мен Абу Бакр Меккеден Мәдинаға шығуға дейін қай жерде жасырынды, және олаға тамақты кім алып келетін?

Ж (282): Олар үш тәулік бойы Саур үңгірінде жасырынды, ал оларға тамақты Абу Бакрдың қызы Асма алып келуші еді.
259 views09:08
Ашу / Түсініктеме
2022-04-16 14:07:01 С (281): Аллаһ Елшісі ﷺ Меккеден Мәдинаға көшкен кезінде оған кім серік болды?

Ж (281): Абу Бакр әс-Сыддық.

Д (281): Пайғамбардың ﷺ әйелі және Абу Бакр әс-Сыддықтың қызы Айша (анамыз) былай деген: «Көпқұдайшылдардан қысым күшейгенде, Абу Бакр Пайғамбардан ﷺ (Мәдинаға) көшу үшін сапарға шығуға рұқсат сұрады, бірақ Пайғамбар ﷺ оған: «Қал», - деді. (Сонда) Абу Бакр (оған): «Уа Аллаһтың Елшісі! Сіз сапарға шығу сізге де рұқсат етілетіндігіне үміттеніп жатырсыз ба?» - деп сұрады. Аллаһтың Елшісі ﷺ: «(Иә,) мен бұған үміттенудемін», - деп жауап берді. Бұл сөздерден кейін Абу Бакр (Меккеде) қалып, Аллаһ Елшісінің ﷺ шешімін күтті. Бірде Пайғамбар ﷺ бізге күндіз келіп, Абу Бакрды шақырды да: «Өзіңнен (бұл жерден) адамдарды (артық естер құлақты) алыстат», - деді. Абу Бакр: «(Мұнда) менімен тек екі қызымнан өзге ешкім жоқ», - деді. Сонда Пайғамбар ﷺ: «Маған Меккеден кету рұқсат етілгенін білесің бе?», - деді. Абу Бакр: «Уа Аллаһтың Елшісі! Мен сіздің сапарыңызда серігіңіз болғым келеді», - деді. Аллаһтың Елшісі ﷺ: «Ендеше менің сапардағы серігім бол», - деді»

(Бухари, 2138).
277 viewsedited  11:07
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 14:01:30 С (280): Пайғамбар ﷺ аспанға көтерілген кезінде (Миғраж түнінде) Аллаһ Тағаланы өз көзімен көрді ме?

Ж (280): Жоқ.

Д (280): Абу Зарр былай баяндаған: «Бірде мен Аллаһ Елшісінен ﷺ ол Раббысын көрген бе деп сұрадым. Бұған Аллаһтың Елшісі ﷺ: «Нұр! Мен Оны қалай көре алар едім?!» - деді»

(Муслим, (178)–291).

Ал хадистің басқа нұсқасында Пайғамбар ﷺ: «Мен нұрды көрдім!» - деп жауап бергені жеткізілген

(Муслим, (178) – 292).
274 views11:01
Ашу / Түсініктеме
2022-04-14 14:58:01 C (279): Пайғамбар ﷺ көтерілу (миғраж) түні қайда және қандай жануармен көтерілді.

Ж (279): Ол ﷺ аспандарға Бурақ атты жануармен көтерілді.

Д (279): Хафиз ибн Касир былай деген: «Сахабалар мен ғалымдардың дұрыс пікіріне сәйкес, Аллаһтың Елшісі ﷺ денесімен Харам мешітенен Иерусалимге алып барылды. Ол Бурақ¹ атты жануардың үстінде отырғызылып, көшірілді және осы жолда оған Жәбірейіл періште серік болды. Пайғамбар ﷺ Бурақтан әл-Ақса мешітінде (Иерусалимде) түсіп, сонда басқа барлық пайғамбарлармен бірге оларға имам болып намаз оқыды»².
Сол түні олﷺ сол мешіттен төменгі аспанға көтерілді, кейін келесі аспанға көтерілді, кейін үшінші аспанға, кейін келесі аспанға, кейін бесінші, кейін келесі әрі содан соң жетінші аспанға көтерілді. Әр аспанда ол ﷺ (белгілі) пайғамбарларды көрд³ . Кейін ол ең шеткі орындағы Сидратул-Мунтаха⁴ көтерілді де, (сол жерде) Жәбірейілді Аллаһ жаратқан кейпінде көрді. Дәл сол түні Аллаһ Тағала (бұл үмметке) бес уақыт намазды парыз етті.
Меккеге оралғанда Аллаһтың Елшісі ﷺ қауымына Аллаһ Тағала көрсеткен ұлы мұғжизалар жайлы айтты. Бірақ құрайыштықтар бұған жауап ретінде, бұрынғы істегендерінен де күштірек оны өтірікшілікте айыптап, бұрыңғысынан да зардаптырақ жәбір көрсете бастады»
(«Пайғамбардың өмір-баяны жайлы тарау», 154-155 беттер).

1-Аллаһтың Елшісі ﷺ бұл жануар жайлы былай деген: «Маған ақ түсті жануар алып келінді, ол қашырдан кіші, бірақ есектен үлкен еді. Оның қадамы көзі жеткен жерге дейін баратын» (Мәлик ибн Сағсағтың сөздерінен әл-Бухари, 3887 және Муслим, 164 жеткізген).

2-Аллаһтың Елшісі ﷺ олармен бірге таң намазын оқыды, бұл оның аспанға көтерілгеніннен кейін орын алды. Бұл жайлы хафиз Ибн Кәсир Құранның тәпсірінде айтқан. Ибн Касир былай деді: «Аллаһтың Елшісі ﷺ пайғамбарлармен бірге аспанда жиналып, кейін Иерусалимге солармен бірге оралды. Кейін ол олармен бірге намаз оқып, сосын Бураққа отырып, Меккеге оралды деген пікір дұрыс».

3-Бірінші аспанда Аллаһ Елшісі ﷺ Адамды, екінші аспанда Яхия мен Иса пайғамбарларды, үшінші аспанда Юсуфты, төртінші аспанда Идристі, бесінші аспанда Һарунды, алтыншы аспанда Мусаны, ал жетінші аспанда Ибраһимді кездестірді (олардың барлығына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын). Бұған нұсқау - имам әл-Бухари, 3887.

4-Аллаһтың Елшісі ﷺ бұл өсімдік жайлы былай деген: «Кейін мен ең шеткі мекендегі Сидратул-Мунтахаға көтерілдім, оның жемістері Хажардан болған құмандай, ал жапырақтары пілдің құлақтары секілді. Жәбірейіл: «Бұл – Сидратул-Мунтаха», - деді» (әл-Бухари, 3887)
337 views11:58
Ашу / Түсініктеме
2022-04-13 14:56:01 С (278): Пайғамбар ﷺ түңгі көшірілу (исра) кезінде қай жерге көшірілді?

Ж (278): Ол ﷺ Меккеден Иерусалимге көшірілді.

Д (278): Аллаһ Тағала былай деген:

سُبْحَانَ الَّذِي أَسْرَى بِعَبْدِهِ لَيْلًا مِّنَ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ إِلَى الْمَسْجِدِ الْأَقْصَى الَّذِي بَارَكْنَا حَوْلَهُ لِنُرِيَهُ مِنْ آيَاتِنَا إِنَّهُ هُوَ السَّمِيعُ الْبَصِيرُ

«Құлын бір түні оған аяттарымызды көрсету үшін Мәсжид Ақсаға апарған Аллаһ, кез-келген кемшіліктен Пәк. Шәксіз, Ол - Естуші, Білуші»

(«әл-Исра» сүресі, 1-аят).
290 views11:56
Ашу / Түсініктеме
2022-04-12 15:54:01 С (277): Исламды ең бірінші болып қабылдағандар кім болды?

Ж (277): Ересек ер кісілерден Исламды ең бірінші болып қабылдаған Абу Бакр әс-Сыддық еді. Бала-жасөспірімдерден оны алғашқы қабылдаған Али ибн Абу Талиб, ал әйелдерден - Хадиша бинт Хуайлид болды, ал азат етілген құлдардан Исламды алғашқы қабылдаған Зәйд ибн Хариса, құлдардан Биләл ибн Аби Рабах, ал Кітап иелерінен Уарақа ибн Нәуфәл еді.
324 views12:54
Ашу / Түсініктеме
2022-04-11 17:52:01 С (276): Пайғамбарлық басталғаннан кейін Пайғамбарымыз ﷺ Меккеде, және ол жерден көшкеннен кейін Мәдинада қанша жыл болды?

Ж (276): Пайғамбар ﷺ Меккеде он үш жыл, ал Мәдинада он жыл болды.

Д (276): Ибн Аббас былай баяндаған: «Пайғамбарға ﷺ алғашқы уахи қырық жасында түсті. Кейін ол Меккеде он үш жыл тұрды. (Кейін) оған Мәдинаға қоныс аудару бұйырылды, ол ﷺ онда он жыл өмір сүріп, қайтыс болды»

(Бухари, 3851 және Муслим, 2351).
351 views14:52
Ашу / Түсініктеме
2022-04-10 09:48:01 С (275): Пайғамбар ﷺ ән-Нәжәшидің өлімі жайлы естігенінде не істеді?

Ж(275): Пайғамбар ﷺ оның өлімі жайлы адамдарға жариялап, ол үшін жаназа намазын оның денесі болмаса да оқыды, өйткені ол мұсылман болып қайтыс болды, Аллаһ оған разы болсын.

Д (275): Абу Хурайрадан Аллаһ Елшісінің ﷺ адамдарға ән-Нәжәшидің қайтыс болған күні оның өлімі жайлы айтқаны жеткізіледі. Кейін ол ﷺ намаз оқитын жерге (муссалләға) шығып, сахабаларды сапқа тұрғызып, ол үшін төрт тәкбір (жаназа) оқыды

(Бухари, 1245 және Муслим, 951).
416 views06:48
Ашу / Түсініктеме
2022-04-09 13:47:01 С (274): Пайғамбардың ﷺ сахабаларына баспана беріп, оларды қорғап, әрі оларға толық іс-әрекет еркіндігін берген Эфиопияның сол кездегі билеушісі кім болған?

Ж (274): Ән-Нәжәши.

Д (274): Умм Сәләма былай баяндаған: «Біз Эфиопия жерінде тұрғанымызда, өзімізге ең керемет көрші таптық, ол ән-Нәжәши. Біз дінімізде еркінідікке ие болдық, Аллаһ Тағалаға құлшышық еткенімізде бізді ешкім қыспаққа алмады және ренжітпеді, біз өзімізге ұнамсыз ештеңе естімедік»

(хадис жақсы; Ахмад, 1/202, № 1740; шейх Муқбил бұл хадисті «әл-Жамиғ ус-Сахих» жинағына қосты, 6/55, № 4191).
414 viewsedited  10:47
Ашу / Түсініктеме