Get Mystery Box with random crypto!

ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ

Telegram арнасының логотипі balalar_qazynasy — ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ П
Telegram арнасының логотипі balalar_qazynasy — ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ
Арна мекенжайы: @balalar_qazynasy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 582
Арнадан сипаттама

Арна ислам дінінің иман негіздері, наным-сенім (ақида), фиқх, Пайғамбар өмірбаяны (сира), көркем-мінез, әдеп, басқа адамдармен қарым-қатынас мәселелерін ашып түсіндіретін сұрақтар мен олардың жауаптарын қамтыған.

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 20

2022-04-09 13:46:01 С (273): Пайғамбардың ﷺ сахабалары қанша рет қоныс аударды?

Ж (273): Пайғамбардың ﷺ көптеген сахабалары үш рет қоныс аударды:
- Эфиопияға бірінші қоныс аудару;
- Эфиопияға екінші қоныс аудару;
- Меккеден Мәдинаға қоныс аудару.
352 views10:46
Ашу / Түсініктеме
2022-04-09 13:45:05 С (272): Аллаһтың Елшісі ﷺ қай жерден қайда көшті (хижра жасады)?

Ж (272): Ол ﷺ Меккеден Мәдинаға көшті.
315 views10:45
Ашу / Түсініктеме
2022-04-08 18:00:18 С (271): Аллаһтың Елшісі ﷺ алып келген кейбір мұғжизаларды атап шық.

Ж (271): Аллаһтың Елшісі ﷺ өте көп мұғжизалармен келді, олардан келесі мұғжизаларды атауға болады:

- Айдың бөлінуі.

Аллаһ Тағала былай деген:

اقْتَرَبَتِ السَّاعَةُ وَانشَقَّ الْقَمَرُ

«Қиямет жақындады, ай қақ айырылды»

(«әл-Қамар» сүресі, 1-аят).

Бұл оқиғада, бір түні көпқұдайшылдар Пайғамбардан ﷺ бір мұғжиза көрсетуін талап еткені, әрі сонда ол ﷺ қолымен айға нұсқағанда ол екіге бөлінгені айтылып тұр. Көпқұдайшылдар Пайғамбарды ﷺ ол олардың көздерін сиқырлады деп шешіп, бұл жайлы көрші қалалардың тұрғындарынан сұрады, әрі олар да бұны көргендерін айтты. Бұл оқиға тарих ғалымдарына көптеген сахабалардан, көптеген жолдармен жеткен¹.

- Аллаһтың Елшісі ﷺ соның үстінде тұрып жұма құтпасын айтқан, кейін ол оны тастап, мінберге өткеннен кейін жылаған ағаш түбірінің муғжизасы.

АбдуЛлаһ ибн Умар былай баяндаған: «(Алғашында) Пайғамбар ﷺ бір (құрма) ағашы түбірінің үстінде тұрып, адамдарға құтпа айтатын. Сосын оған мінбер жасалғанда, ол ﷺ мінберде (құтпа айтуга) көшті, сонда әлгі ағаш ыңырси бастады. Кейін Аллаһтың Елшісі ﷺ оған жақындап, оны қолымен сипады»

(Бухари, 3583).

- Пайғамбардың ﷺ саусақтарының арасынан мол су аққан муғжиза.

Бірде Пайғамбарға ﷺ ол дәрет алуы үшін су құйылған бір ыдыс алып келінді. Сонда сол ыдыстан Аллаһ Елшісімен ﷺ бірге дәрет алу үшін басқа адамдар да келді. Пайғамбар ﷺ қолын ыдысқа салғанда, ондағы судың аз болғаны сонша, оның қолы суға толық батпады. Кейін ол ﷺ Аллаһқа дұға етті, әрі сол кезде оның саусақтарының арасынан су молымен аға бастады².

Дәл осындай муғжизаны ол ﷺ Худайбия күні, онымен бірге мың төрт жүз әскер болған кезінде де жасаған болатын. Жәбир ибн АбдуЛлаһ былай деген: «Егер біз жүз мың болсақ та, сол су бізге жетер еді»
³.

- Сахабалар олар Аллаһ Елшісімен ﷺ бірге жеген тағамның Аллаһ Тағалаға мақтау айтқанын естіген.
АбдуЛлаһ ибн Масғуд былай деген: «Біз тамақ жеп жатқанымызда, тамақтың Аллаһқа мақтау айтатынын жиі естігенбіз»

(Бухари, 3579);

- Пайғамбардың ﷺ жаңбырдың жауын және оның тоқтауын сұрап жасаған дұғалары.

Бірде құрғақшылық кезінде Пайғамбар ﷺ Аллаһқа дұға етіп, жаңбыр сұрады. Ол ﷺ мінберінен түспей жатып-ақ аспанда қара бұлттар болмаса да, мешіттің төбесінен су тамшылап, оның сақалына ақты. Келесі жұма күні ол ﷺ Аллаһ Тағаладан жаңбырдың тоқтауын сұрады. Сонда жаңбыр Мәдинаның шет жағына жылжыды да, Мәдина тәждің астында қалғандай болды.

(бұл жайлы Бухариде, 1013, және Әнас ибн Мәликтен Муслимде, 897, келтірілген хадисте айтылған).

*
1-Бұл жайлы хадистер Ибн Масғұдтың сөздерінен әл-Бухариде, 3636 және Муслимде, 2800 жеткізіледі; әл-Бухариде, 3637 және Муслимде, 2802 Әнас ибн Мәликтен; әл-Бухари, 3638 және Муслимде, 2803 Ибн Аббастан жеткізіледі.
Бұл хадистердің барлығында айдың бөлінуі жайлы хабарлар бар, олардың кейбірі бұл мұғжиза көргісі келген құрайыштықтардың сұрауымен болғанына меңзейді. Әнас ибн Мәликтен жеткен хадисте (әл-Бухари, 3868) екі бөліктің алыстағаны сонша, олардың арасында Хира тауының көрінгені жеткізіледі.
Құрайыштықтардың көрші қала тұрғындарын сұрастыруына келсек, бұл Ибн Масғұдтың сөздерінен имам әт-Табаридің тәпсірінде, 22/106-107, әл-Баззарда, 1971, әл-Байхақидің «Даләил ун-Нубуа» кітабында, 2/266-267 келген.

2-Бұл жайлы Әнас ибн Мәликтен жеткен және әл-Бухари, 169 мен Муслимде, 2279 келтірілген хадисте айтылады. Хадисте бұл ыдыстан дәрет алғандардың саны 800-ге жуық болғаны жайлы айтылған.

3-Бұл жайлы Жәбир ибн АбдуЛлаһтан жеткен хадисте айтылады, әл-Бухари, 3576 және Муслим, (1856) – 72-74. Хадисте сахабалардың саны бір жарым мың болғаны туралы айтылған.
358 views15:00
Ашу / Түсініктеме
2022-04-07 16:29:01 С (270): Пайғамбардың ﷺ ең ұлы мұғжизасы не?

Ж (270): Құран Кәрім.

Д (270): Аллаһ Тағала былай деген:


وَقَالُوا لَوْلَا أُنزِلَ عَلَيْهِ آيَاتٌ مِّن رَّبِّهِ قُلْ إِنَّمَا الْآيَاتُ عِندَ اللَّهِ وَإِنَّمَا أَنَا نَذِيرٌ مُّبِين ٌ أَوَلَمْ يَكْفِهِمْ أَنَّا أَنزَلْنَا عَلَيْكَ الْكِتَابَ يُتْلَى عَلَيْهِمْ إِنَّ فِي ذَلِكَ لَرَحْمَةً وَذِكْرَى لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ


«Олар: «Оған Раббысынан неге мұғжизалар түсірілмейді?» - десті. «Аят-мұғжизалар Аллаһтың құзырында ғана, әрі, расында, мен тек ашық ескертушімін, - де. Әрине, оларға оқылып жатқан Кітапты саған түсіргеніміз өздеріне жетіп аспай ма? (Одан артық аят-мұғжиза бола ма?) Сөз жоқ. Иман келтірген ел үшін Құранда, әрине, игілік және үгіт бар»

(«әл-Ғанкабут» сүресі, 50-51 - аяттар).

Абу Хурайрадан Пайғамбардың ﷺ былай дегені жеткізіледі: «Қандай да пайғамбар адамдарға келсе, оған міндетті түрде адамдар сенуге тиіс мұғжиза беріледі. Маған келсек, маған Аллаһтан түскен уахи берілді және мен Қиямет күні өзімде оларға қарағанда көбірек ілесушілерім болады деп үміттенемін»

(Бухари, 4981 және Муслим, 152).
351 views13:29
Ашу / Түсініктеме