Get Mystery Box with random crypto!

ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ

Telegram арнасының логотипі balalar_qazynasy — ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ П
Telegram арнасының логотипі balalar_qazynasy — ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ
Арна мекенжайы: @balalar_qazynasy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 582
Арнадан сипаттама

Арна ислам дінінің иман негіздері, наным-сенім (ақида), фиқх, Пайғамбар өмірбаяны (сира), көркем-мінез, әдеп, басқа адамдармен қарым-қатынас мәселелерін ашып түсіндіретін сұрақтар мен олардың жауаптарын қамтыған.

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-07-31 05:34:01 С456: Дәретті еш нәрсеге алаңдамай және арасын үзбей алу керек пе?

Ж456: Иә, өйткені адам дене бөліктерін жуып жатқанда, арадан көп уақыт үзіліс болса, онда бұл дәрет алу болып саналмайды.
38 views02:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 22:15:25 Арна мазмұндамасы:
● "РАББЫҢ КІМ?" КІТАБЫ:
1. Кіріспе; Біз Раббымызды қалай танимыз?
https://t.me/rabbyn_kim/7
2. Исламның төрт тірегі қашан парыз болды; дінге шақыру неден басталады?
https://t.me/rabbyn_kim/9
3. Біз не үшін бірқұдайшылықты оқып үйренуіміз керек?
https://t.me/rabbyn_kim/11
4. Ғибадат қабыл болудың шарттары.
https://t.me/rabbyn_kim/13
5. Таухид ар-рубубия және таухид әл-улуһия дегеніміз не?
https://t.me/rabbyn_kim/15
6. Таухид әл-әсмаи уа әс-сыфат дегеніміз не?
https://t.me/rabbyn_kim/17
7. Аллаһ адамдардан алған үш келісім-шарт.
https://t.me/rabbyn_kim/19
8. Аллаһтың бар екендігіне дәлелдер; таухид әр-рубубиядағы қағидалар және негіздер.
https://t.me/rabbyn_kim/21
9. Мұсұлмандардың өз Раббысын тануындағы қателіктері.
https://t.me/rabbyn_kim/23
10. Шапағат кімнен және кімге болады?
https://t.me/rabbyn_kim/25
11. Пайғамбарлар не үшін жіберілді? Дұға деген не?
Біз не үшін жаратылдық?
https://t.me/rabbyn_kim/27
12. Аллаһтың қанша есімі бар? Ғайыпты қайдан білеміз?
https://t.me/rabbyn_kim/29
13. Аллаһтың аршыға көтерілгені.
https://t.me/rabbyn_kim/31
14. Мухкам және муташабиһ аяттар деген не? Әшғарилер Аллаһтың қандай есім сипаттарын мойындайды, әрі не үшін басқаларын айқын мағынасынан бұрмалайды?
https://t.me/rabbyn_kim/33
15. Аллаһқа қатысты тыйым салынған қияс түрлері; Муғтазилилер кімдер еді, сахабалар Аллаһтың есім-сипаттарына қандай сенімде еді?
https://t.me/rabbyn_kim/3516.
16. Аллаһтың сипаттарына қатысты адасқан топтар қандай? Аллаһтың әс-Сомад есімі туралы.
Зікір деген не?
https://t.me/rabbyn_kim/37
17. Себеп және нәтиже ұғымдарын түсіну.
https://t.me/rabbyn_kim/39
18. әл-Фатиха, әл-Кафирун, әл-Ихлас сүрелеріндегі бірқұдайшылықтың баяны. Тағдыр туралы бастауыш түсінік.
https://t.me/rabbyn_kim/41
19. Аллаһ себептерді не үшін жаратты? Аллаһтың раббылығында Оған серік қосудың қандай түрлері орын алып жатады?
https://t.me/rabbyn_kim/43
● "Аллаһтың құлдарындағы хақысы" кітабы
1. Құлшылық деген не?
https://t.me/rabbyn_kim/49
2. Кімге құлшылық етеміз.
https://t.me/rabbyn_kim/51
3. Біз Аллаһқа не үшін және қалай құлшылық етеміз?
● "Лә иләһа илләЛлаһ" куәлігінің мағынасы, рүкіндері, әрі дұрыс болуының шарттары.
https://t.me/rabbyn_kim/54
● "Мұсылман адам үшін маңызды 10 мәселе" кітабы
1. Аллаһтың бар екеніне иман.
https://t.me/rabbyn_kim/68
2. Аллаһтың Раббы екеніне иман.
https://t.me/rabbyn_kim/71
3. Аллаһтың құлшылыққа лайықты жалғыз құдай екеніне иман. Аллаһқа құлшылық ету
https://t.me/rabbyn_kim/71
4. Аллаһқа құлшылықта ешкімді және ешнәрсені серік қоспау.
https://t.me/rabbyn_kim/72
5. Аллаһтан басқа құлшылық етілетін барлық нәрсеге күпірлік (қарсылық) таныту.
https://t.me/rabbyn_kim/85
6. Мұсылмандарға достық-сүйіспеншілік таныту.
https://t.me/rabbyn_kim/88
7. Кәпірлерге және мүшриктерге достық және сүйіспеншілік танытуға қатыссыз болу.
https://t.me/rabbyn_kim/91
https://t.me/rabbyn_kim/92
8. Аллаһқа тек Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үйреткен үлгісімен ғана құлшылық ету.
https://t.me/rabbyn_kim/118
9. Дінді сахабалар түсінгендей етіп түсіну.

"Үш негіз" шейх Хайсам Сархан түсіндірмесі
1. Біз не үшін таухидты үйренеміз?
https://t.me/rabbyn_kim/129
2. Пайдалы кіріспе, үш негіз деген не?
https://t.me/rabbyn_kim/130
3. Әрбір мұсылманға міндетті төрт мәселе: білім алу, соған сәйкес амал ету, соған шақыру, осыда сабыр ету
https://t.me/rabbyn_kim/131
56 views19:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 16:32:01 С455: Кіші дәрет қалай алынады?

Ж455: Кіші дәрет былай алынады:
- Адам «Бисмилләһ» («Аллаһтың атымен») деп айту керек;
- Кейін екі қолды білезікке дейін жуу керек;
- Кейін ол бетін жуады;
- Кейін қолын шынтаққа дейін жуады;
- Кейін ол сулы қолдарымен басын бір рет сүртіп өтеді;
- Кейін адам екі аяғын тобықтарына дейін жуады.

Бисмилләһ сөздерінен және басты сүртуден басқа әр іс бір реттен үш ретке дейін жасалады.

Д455: Аллаһ Тағала былай деген:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا قُمْتُمْ إِلَى الصَّلَاةِ فَاغْسِلُوا وُجُوهَكُمْ وَأَيْدِيَكُمْ إِلَى الْمَرَافِقِ وَامْسَحُوا بِرُءُوسِكُمْ وَأَرْجُلَكُمْ إِلَى الْكَعْبَيْنِ

«Әй иман келтіргендер! Қашан намазға тұрсаңдар, (тұрарда) жүздеріңді және қолдарыңды шынтақтарға дейін жуыңдар әрі бастарыңа мәсих тартыңдар (сипаңдар). Және аяқтарыңды екі тобықтарға дейін жуындар»

(«әл-Мәида» cүресі, 6-аят).

Усман ибн Аффанның азат еткен құлы Хумран Усманның оған дәрет алатын су алып келуін бұйырғанын, содан кейін алып келінген ыдыстан қолына су құйып, олады үш рет жуғанын, кейін су құйылған ыдысқа оң қолын салып (одан уысымен су алып), ауызы мен мұрнын шайғанын, кейін бетін және қолын шынтаққа дейін үш рет жуғанын, кейін басын сүртіп, әр аяғын үш реттен жуып: «Мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дәретті мен дәл қазір алғандай етіп алғанын көрдім. Кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім дәретті мен алғандай үлгімен алып, ізінен екі ракағат намаз оқыса, әрі (намазында) өз-өзімен сөйлеспесе, оның өткен күнәлары кешіреледі»», - деп айтқанын жеткізген»

(әл-Бухари, 164 және Муслим, 226).
41 views13:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 11:29:01 С454: Егер адам намазды дәретсіз оқыса, ол қабыл болады ма?

Ж454: Жоқ, тек оның суы болмаса, немесе суы болса да, бірақ ол оны қолдана алмаса ғана. Егер ол осындай жағдайға ұшыраса, онда судын орнына жермен (топырақпен) тазарады (таяммум жасайды).

Д454: Абу Хурайрадан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Егер сендердің әлдебіреуіңнің дәреті бұзылса, ол оны қайта алмағанынша Аллаһ оның намазын қабыл етпейді»

(әл-Бухари, 6954 және Муслим, 225).
75 views08:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 11:28:01 С453: Шырынмен немесе газдалған сумен дәрет алуға болады ма?

Ж453: Жоқ, дәрет тек таза сумен алынады, ал аталған заттар шариғи тұрғыдан су болып саналмайды.
73 views08:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 05:11:01 C452: Су не себептермен лас әрі дәрет алуға жарамсыз болуы мүмкін?

Ж452: Егер суға оның түсін, иісін немесе дәмін өзгертетін бірдеңе түссе, ол лас және дәрет алуға жарамсыз болады.

Д452: Бұл туралы барлық ғалымдардың бірауызды пікірін Ибн әл-Мунзир, ән-Нәуауи және басқа да білім иелері жеткізген.
44 views02:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 05:11:01 С451: Теңіз суымен дәрет алуға болады ма?

Ж451: Иә, өйткені оның суы таза, және ол лас болып саналмайды.

Д451: Абу Хурайрадан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) теңіз жайлы былай дегені жеткізіледі: «Оның суы таза (өзі таза және тазартады) әрі оның өлексесін жеуге болады (бұл тыйым салынған өлексе болып саналмайды)*»

(хадис сенімді; Абу Дауд, 83, әт-Тирмизи, 69 және басқалар; қараңыз «Силсиләт әс-сахиха», 1/864, № 480).

* Бұл жерде теңіз өлексесі деп тек суда ғана өмір сүре алатын теңіз жануарлары мен балықтар айтылып түр. Ал егер жерде өмір сүретін жануар теңізде батып өлсе, ол тыйым салынған өлексе болып саналады.
44 views02:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 16:16:11 С447: Адамның ешбір амалы ниетсіз қабыл болмайтыны рас па?

Ж447: Иә.

Д447: Умар ибн әл-Хаттабтан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Расында, амалдар ниетке сәйкес бағаланады және әр адамға ниеттенген нәрсесі ғана болады» (әл-Бухари, 1 және Муслим, 1907).

С448: Ғибадат жасау үшін ниетті тілмен айту керек пе?

Ж448: Жоқ, бұны Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) де, сахабалар да жасамаған.

С449: Мұсылмандар дәретті неліктен сумен алады?

Ж449: Өйткені Аллаһ Тағала суды таза және тазартушы етіп жаратты.

Д449: Аллаһ Тағала былай деді:

وَأَنزَلْنَا مِنَ السَّمَاءِ مَاءً طَهُورًا

«Аспаннан тап-таза су жаудырдық» («әл-Фурқан» сүресі, 48-аят).

Сондай-ақ:

وَيُنَزِّلُ عَلَيْكُم مِّنَ السَّمَاءِ مَاءً لِّيُطَهِّرَكُم بِهِ

«Сендерді тазарту ..... үшін үстеріңе көктен жаңбыр жаудыруда» («әл-Әнфәл» сүресі, 11-аят).

С450: Су тазалығы бойынша қанша түрге бөлінеді?

Ж450: Таза және лас (нәжіс).
91 viewsedited  13:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 16:15:57 Тахарат туралы бап
88 views13:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 16:15:06 ФИҚҺ ТУРАЛЫ ТАРАУ
88 views13:15
Ашу / Түсініктеме