Get Mystery Box with random crypto!

ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ

Telegram арнасының логотипі balalar_qazynasy — ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ П
Telegram арнасының логотипі balalar_qazynasy — ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ
Арна мекенжайы: @balalar_qazynasy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 582
Арнадан сипаттама

Арна ислам дінінің иман негіздері, наным-сенім (ақида), фиқх, Пайғамбар өмірбаяны (сира), көркем-мінез, әдеп, басқа адамдармен қарым-қатынас мәселелерін ашып түсіндіретін сұрақтар мен олардың жауаптарын қамтыған.

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-06-15 11:26:02 С (371): Қай шайқас Ислам тарихында ең маңызды шайқас болып саналады?

Ж (371): Бадр шайқасы.

Д (371): Бадр шайқасына қатысқан Рифаға ибн Рафиғ әз-Зурақи Жәбірейілдің бірде Пайғамбарға ﷺ келіп: «Бадр шайқасына қатысқандарды кім деп санайсыңдар?», - деп сұрағанын баяндаған. Пайғамбар ﷺ: «Біз оларды мұсылмандардың ең жақсыларынан деп санаймыз», - деп, немесе осыған ұқсас сөздерді айтты. (Бұны естіген) Жәбірейіл: «Біз осы шайқасқа қатысқан періштелер жайлы да осылай айтамыз», - деді

(әл-Бухари, 3992).
150 views08:26
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 11:25:05 ИСЛАМ ТАРИХЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ШАЙҚАСТАР ЖАЙЛЫ БӨЛІМ
149 viewsedited  08:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 05:21:02 С (370): Табиғиндердің жетекшісі кім еді?

Ж (370): Табиғиндердің діни білімдегі жетекшісі Сағид ибн әл-Мусайиб болған, бұл жайлы Ибн Хиббан, әл-Миззи және Ибн Хажар айтқан. Ал діндарлықтағы, тақуалықтағы, салиқалылықтағы және құлшылықтағы жетекшісі – Уайс әл-Қарани еді.

Д (370): Умар ибн әл-Хаттаб Аллаһ Елшісінің ﷺ былай дегенін естігенін айтқан: «Расында, табиғиндердің ең жақсысы Уайс атты адам. Оның анасы бар, және ол бұрын алапеспен ауырған болатын. Одан сендер үшін кешірім сұрауын сұраңдар»

(Муслим, 2542).
160 views02:21
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 17:20:06 С (369): Адамзат тарихындағы ең жақсы буын (ұрпақ) кімдер?

Ж (369): Адамзаттың ең жақсы үш буыны – сахабалар буыны, кейін оларға ергендер (табиғиндер) және табиғиндерге ергендер.

Д (369): АбдуЛлаһ ибн Мәсғуд Аллаһ Елшісінің ﷺ былай дегенін баяндаған: «Адамдардың ең жақсылары – менің буыным, кейін олардан соң болғандар, кейін олардан соң болғандар»

(әл-Бухари, 2652 және Муслим, 2533).
69 views14:20
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 11:19:02 С (368): Ең соңғы болып дүниеден өткен сахаба кім?

Ж (368): Абу-т-Туфәйл Амир ибн Уәсилә.

Д (368): Имам Муслим ибн әл-Хәжжәж былай деген: «Абу-т-Туфәйл хижраның жүзінші жылы қайтыс болды. Ол Аллаһ Елшісінің ﷺ соңғы сахабасы»

(Муслим, 2340-ші хадистен кейін).
114 views08:19
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 05:18:02 С (367): Тура жолмен жүргізілген үш салиқалы халифаларды өлтірген адамдардың аттарын ата.

Ж (367): Умарды Абу Люълю әл-Мәжуси өлтірді. Усман хауариждердің қолдарынан қаза тапты, ал Алиді өлтірген хауариж Абд әр-Рахман ибн Мулжим еді.
78 viewsedited  02:18
Ашу / Түсініктеме
2022-06-13 17:14:02 С (366): Умар ибн әл-Хаттаб, Усман ибн Аффан және Али ибн Абу Талиб қанша жастарында өлтірілді?

Ж (366): Умар мен Али 63 жасында, ал Усман сексен жасынан өткен кезінде өлтірілді. Бұл жайлы ислам тарихы жайлы кітаптарда айтылған.
66 views14:14
Ашу / Түсініктеме
2022-06-13 11:13:02 С (365): Аллаһтың Елшісі ﷺ қай жерде жерленген?

Ж (365): Пайғамбарлар қайтыс болған орындарына жерленеді, сондықтан Аллаһтың Елшісі де ﷺ Айша (анамыздың) бөлмесінде жерленген.

Д (365): Айша (анамыздан) Аллаһ Елшісі ﷺ қайтыс болғанда адамдар оны қай жерге жерлейтіндері жайлы тартыса бастағаны әрі сонда Абу Бакр: «Мен Аллаһ Елшісінің ﷺ мына сөздерін естіп, ұмытпадым: «Аллаһ пайғамбарлардың жандарын олар жерленгісі келген орында ғана алады», - дегені жеткізілген

(хадис қолдауы бар болғаны үшін сенімді; әт-Тирмизи, 1018).
62 viewsedited  08:13
Ашу / Түсініктеме
2022-06-13 05:13:02 С (364): Аллаһтың Елшісі ﷺ қай әйелінің үйінде қайтыс болды?

Ж (364): Айша (анамыздың) үйінде.

Д (364): Айша анамыздан Пайғамбар ﷺ жан тапсыруы қарсаңындағы ауруымен ауырғанда әрдайым: «Мен ертең кімнің үйінде боламын? Мен ертең кімнің үйінде боламын?», - деп сұрағаны жеткізіледі. Ол ﷺ оны Айшаның үйіне апаруын қалады және әйелдері оған қалаған үйіне баруына келісті. Сөйтіп ол ﷺ Айшаның үйіне апарылды, және қайтыс болғанша сонда болды

(әл-Бухари, 1389 және Муслим, 2443).
60 views02:13
Ашу / Түсініктеме
2022-06-12 17:50:03 С (363): Аллаһтың Елшісі ﷺ қанша жасында қайтыс болды?

Ж (363): Пайғамбарымыз ﷺ, Абу Бакр және Умар ибн әл-Хаттаб алпыс үш жасында қайтыс болған.

Д (363): Бұл жайлы имам Муслим келтірген Муғауия ибн Абу Суфияннан жеткізілген хадисте айтылған

(Муслим, 2352).
17 views14:50
Ашу / Түсініктеме