Get Mystery Box with random crypto!

ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ

Telegram арнасының логотипі balalar_qazynasy — ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ П
Telegram арнасының логотипі balalar_qazynasy — ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ
Арна мекенжайы: @balalar_qazynasy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 582
Арнадан сипаттама

Арна ислам дінінің иман негіздері, наным-сенім (ақида), фиқх, Пайғамбар өмірбаяны (сира), көркем-мінез, әдеп, басқа адамдармен қарым-қатынас мәселелерін ашып түсіндіретін сұрақтар мен олардың жауаптарын қамтыған.

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-07-01 12:15:03 С (439): Құранның қай екі сүресі «қорғаушы» (муғауизатани) деп аталады?

Ж (439):«Әл-Фаләқ» және «ән-Нәс» сүрелері.

Д (439): Абу Сағид әл-Худри былай баяндаған: «Аллаһтың Елшісі ﷺ жындар мен адамдардың көзінен әрдайым Аллаһтың қорғауына жүгінетін. Бірақ екі қорғайтын сүрелер түскенде, ол ﷺ сол сүрелерді оқып, басқа дұғаларды қалдырды»

(хадис сенімді; әт-Тирмизи, 2058, ән-Насаи, 5494 және Ибн Мәжаһ, 3511).

Айша былай баяндаған: «Пайғамбардың ﷺ отбасы мүшелерінің бірі ауырып қалғанда, Пайғамбар ﷺ оларға қорғайтын сүрелерді оқып, сәл түкіретін»

(Муслим, 2192).
213 views09:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 06:13:02 С (438): Қай сүре Құранның үштен бір бөлігіне теңеледі?

Ж (438): «Әл-Ихлас» сүресі.

Д (438): Абу Сағид әл-Худриден бірде Пайғамбардың ﷺ өз сахабаларына: «Сендердің әлдебіреуің бір түнде Құранның үштен бір бөлігін оқи алады ма?», - деп сұрақ қойғаны жеткізіледі. Бұл олар үшін қиын болып көрінді. Олар: «Бұған кімнің шамасы келмек?», - деп сұрады. Сонда Пайғамбар ﷺ: ««Аллаһ – Жалғыз, Аллаһ Мұңсыз», - деген сүре Құранның үштен бір бөлігіне тең», - деп жауап берді

(Әл-Бухари, 5015).
204 views03:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 06:13:02 С (437): Құранның қай сүресінің әр аятында Аллаһ Тағала жайлы айтылған?

Ж (437): «Әл-Мужәдәлә» сүресі.
187 views03:13
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 18:13:02 С (436): Екі жемістің атымен басталатын Құран сүресін ата.

Ж (436): «Әт-Тин» сүресі.

Д (436): Аллаһ Тағала былай деген:

وَالتِّينِ وَالزَّيْتُونِ

«Інжір және зәйтүнмен ант»

(«әт-Тин» сүресі, 1-аят).
211 views15:13
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 18:12:02 С (435):Құранның жиырма тоғызыншы парасы – «Жуз Табарак» қанша сүреден тұрады?

Ж (435): 11 сүреден тұрады.
190 views15:12
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 18:12:02 С (434): Құранның соңғы отызыншы парасы – «Жуз Ғамма» қанша сүреден тұрады?

Ж (434): 37 сүреден тұрады.
191 views15:12
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 17:54:34 https://t.me/alemderge_meirim
165 views14:54
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 12:11:03 С (433): «Әлиф. Ләм. Мим» деп басталатын Құранның бес сүресін ата.

Ж (433): «Әл-Бақара», «Әли Имран», «әс-Сәжда», «Луқман» және «әл-Ғанкабут» сүрелері.
185 views09:11
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 12:11:02 С (432):«Әлиф. Ләм. Ра» деп басталатын Құранның бес сүресін ата.

Ж (432): «Юнус», «әл-Хижр», «Юсуф», «Худ» және «Ибраһим» сүрелері.
178 views09:11
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 12:11:02 С (431): «Ха. Мим» деп басталатын Құранның бес сүресін ата.

Ж (431):«Ғафир», «Фуссыләт», «әш-Шура», «әз-Зухруф» және «әд-Духан» сүрелері.
181 views09:11
Ашу / Түсініктеме