Get Mystery Box with random crypto!

ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ

Telegram арнасының логотипі balalar_qazynasy — ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ П
Telegram арнасының логотипі balalar_qazynasy — ПАЙДАЛЫ БІЛІМ МАРЖАНЫ
Арна мекенжайы: @balalar_qazynasy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 582
Арнадан сипаттама

Арна ислам дінінің иман негіздері, наным-сенім (ақида), фиқх, Пайғамбар өмірбаяны (сира), көркем-мінез, әдеп, басқа адамдармен қарым-қатынас мәселелерін ашып түсіндіретін сұрақтар мен олардың жауаптарын қамтыған.

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-06-18 17:35:05 С (381): Ухуд шайқасында қанша мұсылман қайтыс болды?

Ж (381): Жетпіс адам.

Д (381): Әл-Бара ибн Әзиб былай баяндаған: «Ухуд шайқасы кезінде Аллаһтың Елшісі ﷺ АбдуЛлаһ ибн Жубайр бастаған елу адамды садақшы ретінде тағайындап, оларға: «Бізді құстар алып кеткенін көрсеңдер де, мен сендерді шақырмағаныма дейін орындарыңнан кетпеңдер. Біз жауды талқандап жатқанымызды көрсеңдер де, мен сендерді шақырмағанымша орындарыңнан кетпеңдер», - деді. Мұсылмандар жауды талқандады және Аллаһпен ант етемін, мен құрайыштықтардан болған әйелдерінің қашып, етектерін көтергендерінен аяқтары мен жіліншіктеріндегі сақиналарының ашылғанын көрдім. Бұны көрген АбдуЛлаһ ибн Жубайрдың адамдары: «Олжа, уа адамдар! Біз жеңдік, сендер не күтіп тұрсыңдар?!», - деп айқай салды. Бұны естіген АбдуЛлаһ ибн Жубайр: «Сендер Аллаһ Елшісінің ﷺ айтқанын ұмыттыңдар ма?», - деді. Адамдар оған: «Аллаһпен ант етеміз, біз олжаларға түсіп, өзіміздің бөлігімізді аламыз», - деді. Бірақ олар түскенде, шайқас барысы өзгерді және мұсылмандар кері жөнелді. Бұл Пайғамбардың ﷺ жауға ең жақын жерде тұрып мұсылмандарды шақырған кезі болатын. Сол сәтте Аллаһ Елшісімен ﷺ бірге он екі адамнан басқа ешкім қалмады, ал мұсылмандардан жетпіс адам қаза тапты»

(әл-Бухари, 3039).
139 viewsedited  14:35
Ашу / Түсініктеме
2022-06-18 11:43:02 С (380): Шайқас барысын өзгерткен басты жағдай жайлы айт.

Ж (380): Шайқас алдында Аллаһ Елшісі ﷺ АбдуЛлаһ ибн Жубайр басқарған бірнеше адамнан тұратын мұсылмандар тобын садақшылар ретінде бір төбеге қойды. Олар таудан өтетін жолды қорғап, кәпірлердің мұсылмандардың арты жағынан соққы беруіне жол бермеу керек еді. Аллаһ Елшісі ﷺ оларға соғыс барысы қандай болып жатса да, орындарынан кетпеулерін бұйырды. Мұсылмандар шайқастың алғашқы бөлігінде жеңе бастады әрі көпқұдайшылдар қаша жөнелді. Бұны көрген төбедегі садақшылар тұрған орындарын тастап, мұсылмандардың негізгі бөлігіне қарай жөнелді, әрі онда АбдуЛлаһ ибн Жубайр мен тоғыз адам ғана қалды. Құрайыштықтардың қолбасшыларының бірі болған Халид ибн әл-Уалид мұны байқап, сол таулы жолдан жылдам айналып өтіп, мұсылмандардың арқа жағынан тап беріп, АбдуЛлаһ ибн Жубайр мен онымен бірге болған мұсылмандарды өлтірді, және бұл қателік сахабалардың көбінің қаза болуына алып келді.
148 views08:43
Ашу / Түсініктеме
2022-06-18 05:32:02 С (379): Ухуд шайқасын қатысқан жақтардың саны қанша болған?

Ж (379): Мұсылмандар мыңға жуық, ал көпқұдайшыл құрайыштықтардың саны үш мың болған.
156 views02:32
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 17:32:02 С (378): Ухуд шайқасы қай жылы болған?

Ж (378): Бадр шайқасынан кейін бір жыл өткен соң, хижраның үшінші жылында.
29 views14:32
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 11:31:02 С (377): Қай шайқас барысында Аллаһ Елшісінің ﷺ ардақты жүзі жараланып, дулығасы сынып, оң жақтағы астынғы тісі сынған болатын?

Ж (377): Ухуд шайқасының барысында.

Д (377): Сәһл ибн Сағд әс-Сағиди Пайғамбардың ﷺ Ухуд шайқасында жарақаттануы жайлы сұралды және ол былай жауап берді: «Пайғамбардың ﷺ жүзі жараланып, дулығасы мен оң жақты астынғы тісі сынды. Фатима Пайғамбардың ﷺ қанын жуды, ал Али оны ұстап тұрды. Фатима Пайғамбардың ﷺ (басынан) аққан қанның тоқтамай жатқанын көргенде, жүн матаны жағып, күлін қан аққан жерге басты әрі қан сонда тоқтады»

(әл-Бухари, 2911 және Муслим, 1790).
53 views08:31
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 05:30:09 С (376): Құранның қай сүресінде Бадр шайқасы жайлы толық баяндама келтірілген?

Ж (376): «Әл-Әнфал» сүресінде.
68 views02:30
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 17:29:02 С (375): Бадр шайқасына қатысқандардың қандай артықшылықтары белгілі?

Ж (375): Бұл жайлы Али ибн Абу Талибтен жеткен хадисте айтылған. Ол Аллаһ Елшісінің ﷺ былай дегенін баяндаған: «Сен қайдан білесің? Бәлкім, Аллаһ Тағала Бадр шайқасына қатысқандарға қарап: «Қалағандарыңды істеңдер, Мен сендерді кешірдім», - деп айтқан шығар?!»

(әл-Бухари, 3007 және Муслим, 2494).
38 views14:29
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 11:28:02 С (374): Көпқұдайшылдар бұл шайқаста қанша адамды жоғалтты?

Ж (374): Көпқұдайшылдардан жетпіс адам қаза тапты және жетпіс адам тұтқынға алынды. Құрайыштықтардың ең беделді адамдары бұл шайқаста қайтыс болды.

Д(374): Әл-Бара ибн Азиб былай деген: «Пайғамбар ﷺ және оның сахабалары Бадр шайқасында көпқұдайшылдарға үлкен залал тигізді. Жетпіс (құрайыштық адам) тұтқынға алынып, жетпіс адам қаза тапты»

(әл-Бухари, 3039).
92 views08:28
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 05:27:02 C (373): Бадр шайқасына қанша көпқұдайшылдар қатысты?

Ж (373): Олар мұсылмандардан үш есе көп болды, яғни олардың саны мыңға жуық болған.
118 views02:27
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 17:25:07 C (372): Бадр шайқасына қанша мұсылмандар қатысты?

Ж (372): 313 пен 319 арасы.

Д (372): Әл-Бара ибн Азиб былай баяндаған: «Біз, Мухаммадтыңﷺ сахабалары, арамызда Бадр шайқасына қатысқан адамдардың саны Талутқа еріп, өзеннен өткен адамдардың санындай болған деп айтатынбыз. Ал Талутпен бірге өзенді мүминдерден басқа ешкім өтпеді және олардың саны 313 пен 319-дың аралығында болған еді»*.

*Әл-Бухари, 3958. Талуттың оқиғасы деп Құранда айтылған оқиға меңзеліп тұр. Тәпсірлерде Ғамалқа деген елдің Исраил ұрпақтарына басқаншылық жасап, жерлерінен айдап шығарып, ата мұралары, діни кітаптары қойылған сандықтарын тартып алып кеткені туралы айтылған. Ал сол Ғамалқаның ұрпақтарынан Жалут деген патшаның заманында Исраил ұрпақтары өз пайғамбарларына: «Бізге бір патша сайлап бер, оның қол астында соғысамыз» дейді. Аллаһ Тағала былай деген: «Мусадан кейін (өмір сүрген) Исраил ұрпақтарының басшыларын көрмейсің бе? Сол уақытта олар өз пайғамбарларына: «Бізге патша сайлап бер, Аллаһ жолында соғысамыз», - десті. Пайғамбар: «Ал сендерге соғыс парыз қылынғанда сендер соғыспай қоюларың мүмкін бе?» - деді. Олар: «Бізге Аллаһ жолында соғыспайтын не болды? Расында, жұрттарымыздан, бала-шағаларымыздан қуып шығарылдық», - десті. Бірақ оларға соғыс парыз болған сәтте, олардың өте аз бөлігінен басқалары бас тартты. Аллаһ залымдарды біледі. (246) Оларға пайғамбарлары: «Расында, Аллаһ сендерге Талутты патша етіп сайлады», - деді. Олар: «Одан көрі патшалыққа біздер лайықтырақ бола тұра, ол қалайша бізге патша болмақ? Сондай-ақ оған мал-мүліктен де кеңшілік берілмеген ғой», - десті. Пайғамбар: «Негізінен, Аллаһ оны сендерден абзал көрді, әрі білімі мен дене (күшінде) сендерден артық қылды. Аллаһ билікті қалағанына береді. Аллаһ әр нәрсені кеңінен білуші», - деді. (247) Олардың пайғамбарлары: «Оның патшалығының белгісі - сендеге Раббыларың тарапынан ішінде тыныштық (сакина) болатын сандықтың келуі болады. Онда Мусаның отбасынан әрі Харунның отбасынан қалған заттар болады әрі оны періштелер көтеріп алып келеді. Расында, осыда сендер үшін анық аят-белгі бар. Егер мүмин болсаңдар. (248)». Сонда Талут әскерлерімен шыққан сәтте: «Расында, Аллаһ сендерді бір өзенмен сынайды. Кім одан ішсе, менен емес. Және кім одан татпаса, әрине, сол менен. Бірақ кім қолымен бір көсіп алып қана ішсе - басқа», - деді. Сонда олардың өте азынан басқасы одан ішті. Сонымен Талут және онымен бірге иман келтіргендер, өзеннен өткен шақта: «Бізде Жалут және оның әскерлеріне төтеп берер күш жоқ», - деді. Бірақ олардың арасындағы Аллаһпен жолығатындарын анық білгендері: «Аллаһтың қолдауымен қаншама саны аз топ саны көп топты жеңген. Аллаһ сабырлармен бірге», - деді. (249) Олар Жалутпен және оның жауынгерлерімен бетпе-бет болған сәтте: «Раббымыз! Бізге сабырлық беріп, табандарымызды мығым ет, әрі бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем бере көр!», - деді. (250) Сонда олар Аллаһтың бұйрығымен оларды жеңіліске ұшыратты, әрі Дауд Жалутты өлтірді Және Аллаһ оған патшалық пен даналық сыйлап, оған қалағанынан үйретті. (Темірден сауыт жасау, құстардың тілін білу) Аллаһ бір адамдарды басқалары арқылы ұстамаса, жер жүзі бұзылар еді. Аллаһ бүкіл әлемге кеңшілік иесі»
(«әл-Бақара» сүресі, 246-251-аяттар).
140 viewsedited  14:25
Ашу / Түсініктеме