Get Mystery Box with random crypto!

Atameken Business - Жаңалықтар

Telegram арнасының логотипі atamekenbusiness_qaz — Atameken Business - Жаңалықтар A
Telegram арнасының логотипі atamekenbusiness_qaz — Atameken Business - Жаңалықтар
Арна мекенжайы: @atamekenbusiness_qaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 24.98K
Арнадан сипаттама

Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.
Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.
Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness
Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2023-06-22 05:00:00
Ұлттық банктің 22 маусымға арналған валюта бағамы

Күндеріңіз сәтті өтсін!

t.me/atamekenbusiness_qaz
113 views02:00
Ашу / Түсініктеме
2023-06-21 18:07:55
Atameken Business: playlist

Бүгін YouTube-тан көре отырыңыздар:

Сырттан кірген адам талабымызға қабақ астынан қарамауы керек / Шыны керек

Автонесие беру тоқтатыла ма? / Басты тақырып

Tesla Үндістан нарығына шығуды көздеп отыр / IT NEWS

Арзан автонесие жойылды / Түскі формат

t.me/atamekenbusiness_qaz
104 views15:07
Ашу / Түсініктеме
2023-06-21 17:44:24
Кешкі шайға: Inbusiness.kz сайты дайындаған материалдар

Лагерьлерде маман тапшы, бақылау жоқ, сондықтан олқылықтар көп – Дәулет Мұқаев. Оқу

Астана сотының сайтында Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша жалған ақпарат жарияланды. Оқу

Түркия екінші және үшінші АЭС салу үшін Оңтүстік Корея, Ресей және Қытаймен келіссөз жүргізуде. Оқу

Қырғызстан Қазақстан мен Ресеймен азаматтардың дербес деректерімен алмасуды заңдастырды. Оқу

Отандық кәсіпкерлер былғарыны сырттан алуға мәжбүр. Оқу

t.me/atamekenbusiness_qaz
387 views14:44
Ашу / Түсініктеме
2023-06-21 14:27:08
ҚР СІМ Сирия бойынша ХХ отырысты Астана процесі аясындағы соңғы шара деп жариялауды ұсынды

Астана процесі аясында Сирия жөніндегі 20-шы халықаралық кездесу нәтижелі аяқталды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш айтты, деп жазады inbusiness.kz. Ведомство өкілінің сөзінше, Қазақстан өзінің мүмкіндіктеріне орай достас Сирия халқын және сирияішілік реттеу процесін қолдауға күш-жігерін салып келеді.

"Бұл ретте аталған қол жеткізілген жетістіктерді, оның ішінде Сирияның араб отбасына қайта оралуын назарға алып, Сирия бойынша бүгінгі кезекті ХХ отырысты Астана процесі шеңберіндегі соңғы іс-шара деп ресми жариялаймыз", - деп мәлімдеді Қанат Тумыш.

t.me/atamekenbusiness_qaz
1.5K views11:27
Ашу / Түсініктеме
2023-06-21 13:02:08
Былтырдан бері шудан арылмаған 4% автонесие сонымен тоқтатылды. Енді ай сайын жинақталатын қаражат автобус сатып алуға жұмсалмақ. Бұл кенеттен қабылданған жоқ, алдын-ала келіссөздерден кейін қабылданған тиянақты шешім дейді осыған дейін қаржыны үлестіріп келген Өнеркәсіпті қорғау қоры. Шешім заңды күшіне енген жоқ, бірақ оның ауылы да алыс емес. Бүгін Түскі форматқа келген мамандар бағыты өзгерген бағдарламаның оңы мен теріс тұстарына қатысты пікірлерімен бөлісті. Мемлекет ақшасына автобус сатып алу – жекелеген кәсіпкерлрдің мүддесін қорғау деген ой айтылды. Дегенмен, бағдарлама операторының да өз ұстанымы бар.

http://t.me/atamekenbusiness_qaz
125 views10:02
Ашу / Түсініктеме
2023-06-21 12:28:43
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде 1 шілдеде көп шектеу күшіне енеді

Елімізде он күннен соң ел тарихында алғаш рет қабылданған Әлеуметтік кодекс күшіне енеді. Бұл құжат сарапшылар мен бизнесмендер тарапынан қызу пікірталас пен өткір сын тудырды, бірақ оның бәрі Парламент депутаттарын тоқтата алмады.

Құжат зейнетақы жүйесіне де елеулі жаңалықтар әкелмек. Мысалы, бұрын халыққа беріліп келген бірқатар жеңілдіктерді билік алып тастап отыр. Мәселенің мән-жайын Inbusiness.kz тілшісі Жанат Ардақ зерттеп көрді. Сайтымыздан оқыңыз

t.me/atamekenbusiness_qaz
577 views09:28
Ашу / Түсініктеме
2023-06-21 11:25:14
ХАТУ түлектері жетекші IT-компаниялар топ-менеджерлерінің қолынан диплом алды

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) өзінің 14-ші диплом тапсыру рәсімін өткізді. Биыл университет 1106 маман дайындады, оның ішінде 964 бакалавры тәмамдаған студенттер, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Биылғы бітіру кешінің ерекшелігі – үздік түлектерге үздік IT-компаниялар топ-менеджерлерінің диплом табыстауы. Осындай құрметті қонақтардың бірі, Coursera бас директоры – Джефф Мажионкальда. Мажионкальда өз сөзінде қазіргі уақыттың бірегейлігін және осы уақыттың түлектерге өз білімі мен дағдыларын жетілдіруге ұсынатын кең мүмкіндіктерін атап өтті. ХАТУ студенттерінің халықаралық жетістіктері туралы Inbusiness.kz сайтынан оқыңыз

t.me/atamekenbusiness_qaz
561 views08:25
Ашу / Түсініктеме
2023-06-21 10:36:13 Қазақстанда халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысын тоқтатады

1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне орай, Қазақстанда жұмыспен қамту орталықтары жойылады. Олардың орнына облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда Еңбек мобильдігі орталықтары құрылады. Мұндай орталықтардың филиалы Мансап орталығы деген атаумен жұмыс істейді.

Еңбек мобильдігі орталықтары "Халықты жұмыспен қамту туралы" ҚР заңы негізінде жұмыс істейді. "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс орны", "Күміс жас", "Ұрпақтар келісімшарты" жобаларын жүзеге асырады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

t.me/atamekenbusiness_qaz
993 views07:36
Ашу / Түсініктеме
2023-06-21 09:45:18
"Арыстан" лицейі 80 курсантқа үлкен өмірге жолдама берді

"Арыстан" мамандандырылған лицейінде еліміздің әр өңірінен келген 240 оқушы білім алады. Ойы озық, жігерлі жастарды іріктейтін оқу ордасынан биыл 80 курсант үлкен өмірге қанат қағып, аттестат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Арыстан" лицейі курсанттардың интернатта жатуы, тегін білім алуы мен оқуға қажетті керек-жарақтың барлығымен қамтамасыз етуді өзінің әлеуметтік мақсаты деп таниды. Сондықтан оқуға қабылдау кезінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды қабылдауға басымдық береді. Мәселен, бүгінде лицейде көпбалалы отбасыдан шыққан 82 жасөспірім және толық емес отбасыдан шыққан 45 жасөспірім білім алуда.

t.me/atamekenbusiness_qaz
388 views06:45
Ашу / Түсініктеме
2023-06-21 08:23:44
Қазақстанда жылу энергетика саласын реттеудің толыққанды құқықтық негізі жоқ

Мәжілісте палата басшысы Наталья Годунова тексеру қорытындысымен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz. Аудиторлар жылумен қамту нысандарында 23 млрд теңгеге қаржылық заң бұзушылықтарды анықтады.

Тексеру 47 мемлекеттік мекеме мен 44 табиғи монополия субъектісінде жүргізілді. Палата 140 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын және 480 млрд теңге активті игеру тиімділігін тексерген.

"Нәтижелерге тоқталсақ, 23 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде 6 млрд теңгеге бюджеттік қаражат бар. 37 млрд теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 117 млрд теңгеге экономикалық шығын мен пайдадан қағылу деректері анықталды", – деді Наталья Годунова Мәжіліс отырысында.

Толығырақ Inbusiness.kz тілшісі Құралай Құдайбергеннің материалынан оқыңыз.

t.me/atamekenbusiness_qaz
1.1K views05:23
Ашу / Түсініктеме