Get Mystery Box with random crypto!

Atameken Business - Жаңалықтар

Telegram арнасының логотипі atamekenbusiness_qaz — Atameken Business - Жаңалықтар A
Telegram арнасының логотипі atamekenbusiness_qaz — Atameken Business - Жаңалықтар
Арна мекенжайы: @atamekenbusiness_qaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 24.98K
Арнадан сипаттама

Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.
Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.
Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness
Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2023-06-19 09:00:40
Қазіргі уақыттағы елордадағы валюта бағамы

t.me/atamekenbusiness_qaz
95 views06:00
Ашу / Түсініктеме
2023-06-19 08:04:18
Қазақстан юаньмен облигациялар шығаруды жоспарлап отыр

Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

t.me/atamekenbusiness_qaz
833 views05:04
Ашу / Түсініктеме
2023-06-19 07:54:05
Ұлттық банкті алтынды сатып алу құқығынан айыру керек деген ұсыныс айтылды

Бастаманы алтын өндірушілері Астана халықаралық форумында көтерді. Айтуларынша Лондон қор биржасы мен Ұлттық банктің сатып алу құнында айырмашылық бар. Салдарынан отандық индустрия 8 млрд доллар жоғалтып отыр. Сондықтан алтынды тікелей өздері сатқысы келеді екен. Бұл мәселеге қатысты Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов пікір білдірді.

Өндірушілердің сөзінше, Ұлттық банк алтын-валюта активтерін толықтыру үшін алтынды сатып алу құқығына 1994 жылы ие болған. Бірақ бұл мүмкіндікті тек 2014 жылы белсенді пайдалана бастаған. Өткен жылы 120 тонна алтынды сыртқа сатып, валюта активтерін 7 млрд долларға толықтырған. Яғни олар бастапқы мақсаттарын артығымен орындады деп отыр.

t.me/atamekenbusiness_qaz
904 viewsedited  04:54
Ашу / Түсініктеме
2023-06-19 07:31:25
Ақтөбе қаласының экс-әкімі Премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Inbusiness.kz.

Мұрат Жүребеков әр жылдары "ҚазТрансГаз" ЖАҚ, "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ, Лондондағы "Аджип ККО", "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ және "PSA" ЖШС-да жауапты қызметтер атқарды.

2019 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі болып қызмет етті, кейін энергетика бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Ақтөбе қаласының әкімі болып қызмет атқарды.

t.me/atamekenbusiness_qaz
1.1K views04:31
Ашу / Түсініктеме
2023-06-19 07:26:04
Қазақстан күзге дейін сырттан қарыз ала алмауы мүмкін

Әзірге Қазақстан үшін сырттан қарыз алатындай қолайлы жағдай болмай тұр. Себебі АҚШ федералдық қор жүйесі пайыздық ставканы өзгеріссіз қалдырды. Мөлшерлеме жоғары күйде қалғанын ұмытпауымыз керек. Өткен жылы наурыз айынан бері тоқтамай он мәрте көтерген соң, ставка 5-5,25% деңгейіне жетті. Қор жүйесі осымен дамылдамақшы. Ал Қазақстан Үкіметі доллармен сырттан қарыз алу үшін мөлшерлеменің төмендегенін күтеміз деп отыр. Бұрынғы берешекке ешқандай әсері болмайтынын да жеткізді. Негізі қор жүйесі шілдеде ставканы көтеріп, тек қыркүйекте түсіруі мүмкін деген болжам бар. Демек инфляциялық қысым әлі де сақталады.

“Жаңа қарыз алуға әсері бар. Яғни олар азайтатын болса, құнды қағаздардың ставкасы төмендейтін еді. Бізге сыртқы нарықтарға шығуға қолайлы жағдайлар тудыратын еді. Енді біз қолайлы жағдайды көріп тұрған жоқпыз. Күтеміз енді”, - деді Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

t.me/atamekenbusiness_qaz
1.1K viewsedited  04:26
Ашу / Түсініктеме
2023-06-19 06:41:48
Астанада дзюдодан «Qazaqstan Barysy Grand Slam» әлемдік турнирі аяқталды. Байрақты бәсекеге қатысқан Қазақстан құрамасының спортшылары үздіктер қатарынан орын алды. Мадридте брейкингтен халықаралық турнир болып өтті. Отандасымыз Әмір Зәкіров күміс жүлде жеңіп алды.

@atamekenbusiness_sport телеграм-каналына жазылып, толық ақпарат алуға болады.

t.me/atamekenbusiness_qaz
440 views03:41
Ашу / Түсініктеме
2023-06-19 06:35:36
Ауыл балаларының шетелде тегін оқуы үшін квота бөлу ұсынылды

Ауыл мектептерінде оқыған балалардың шетелдік университеттерде білім алуына мүмкіндік артпақ. «Ауыл» партиясының өкілдері осындай ұсыныс айтты. Осылайша, білімін жетілдіруге қаладағыдай көп мүмкіндіктен қалыс қалып отырған талпынған жастарды ынталандыру көзделген. Ауыл мектептерінің білімін қаладағымен теңестіру туралы айтылып келе жатқанына біраз болды.

t.me/atamekenbusiness_qaz
537 viewsedited  03:35
Ашу / Түсініктеме
2023-06-19 06:10:02
Банкте адамдарды кепілге алған азаматты қандай жаза күтіп тұр?

Астанада банк ішінде 7 адамды кепілге алған азамат 12 жылға сотталуы мүмкін. Олай деуге полицейлер таратқан ақпарат түрткі болып отыр. Өйткені елді дүрліктірген күдіктінің әрекеті қылмыстық кодекстің «Адамды кепілдікке алу» бабы бойынша тергеліп жатыр екен. Ал бұл бап бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін. Бас прокуратура өкілдері 30 жастағы күдіктінің 2013 жылдан бері есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұрғаны туралы ақпарат таратты.

t.me/atamekenbusiness_qaz
805 viewsedited  03:10
Ашу / Түсініктеме
2023-06-19 05:00:01
Ұлттық банктің 19 маусымға арналған валюта бағамы

Күндеріңіз сәтті өтсін!

t.me/atamekenbusiness_qaz
131 views02:00
Ашу / Түсініктеме
2023-06-18 19:06:24
Банкті басып алу: қылмыскерді ұстау үшін арнайы операция қалай өтті?

t.me/atamekenbusiness_qaz
1.4K viewsedited  16:06
Ашу / Түсініктеме