Get Mystery Box with random crypto!

Atameken Business - Жаңалықтар

Telegram арнасының логотипі atamekenbusiness_qaz — Atameken Business - Жаңалықтар A
Telegram арнасының логотипі atamekenbusiness_qaz — Atameken Business - Жаңалықтар
Арна мекенжайы: @atamekenbusiness_qaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 24.98K
Арнадан сипаттама

Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.
Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.
Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness
Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2023-06-20 13:09:50 Қазақстандықтар нан мен жарма өнімдерін аз тұтына бастады

2023 жылдың I тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда халықтың азық-түлік тұтынуы бойынша ең көп төмендеу нан мен жарма өнімдері – 5,8%, балық пен теңіз өнімдері  бойынша байқалды – 2,3%.

Керісінше, келесі өнімдерді тұтыну көрсеткіші өскен:  жұмыртқа – 6,6%-ға, жемістер – 2,8%-ға, қант пен кондитерлік өнімдер – 2,6%-ға, деп хабарлайды Inbusiness.kz

Бұдан бұрынғы кезеңдердегідей үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарында азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстардың ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (16,8%), нан өнімдері мен жарма өнімдеріне (7,9%) тиесілі.

t.me/atamekenbusiness_qaz
2.1K viewsedited  10:09
Ашу / Түсініктеме
2023-06-20 11:40:33 Қыркүйектен бастап балабақшаларда әлеуметтік осал отбасы балаларына тегін тамақ беріледі

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Сондай-ақ, 9 өңірде бастауыш сынып балаларына да тегін тамақ беріледі. Олар: Атырау, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Қызылорда облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары. 

"Абай және ШҚО облыстарында мәслихат отырысында маусым айының соңына дейін бастауыш оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз етуге қатысты бюджет бекітіледі" – делінген хабарламада. 

t.me/atamekenbusiness_qaz
420 views08:40
Ашу / Түсініктеме
2023-06-20 10:55:22 Астанадағы банкте адамдарды кепілге алған азамат екі айға қамауға алынды

t.me/atamekenbusiness_qaz
223 views07:55
Ашу / Түсініктеме
2023-06-20 09:09:56
Жалпы германиялық инвесторлардың қатысуымен, ел аумағында 411 миллиард 100 миллион теңгеге бағаланған, 8 ауқымды жоба жүзеге асырылмақ. Соның ішінде Маңғыстау облысындағы көміртегі өндіретін зауытты ерекше атап өтуге болады. Құны 235 миллиард теңге болатын жоба, 2031 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарланған.

t.me/atamekenbusiness_qaz
665 viewsedited  06:09
Ашу / Түсініктеме
2023-06-20 09:01:57
Осы сағаттағы елордадағы валюта бағамы

t.me/atamekenbusiness_qaz
91 views06:01
Ашу / Түсініктеме
2023-06-20 08:06:02
Қазақстан мен Германия Президенттері келіссөз жүргізді

Президенттер қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Саяси диалогты нығайтуға, сауда, экономика, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында өзара іс-әрекетті жандандыру, мұнай және газ, жасыл энергетика, өнеркәсіп салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту маңызды екені атап өтілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Тет-а-тет форматындағы келіссөздер достық рухында өтті және конструктивті әрі мазмұнды болды. Екіжақты экономикалық күн тәртібінің бірқатар бағыты бойынша ынтымақтастықты арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

t.me/atamekenbusiness_qaz
678 views05:06
Ашу / Түсініктеме
2023-06-20 07:29:02 Сандар сөйлейді

Биыл көпбалалы отбасылар 170,3 млрд теңгеге жәрдемақы алды

t.me/atamekenbusiness_qaz
991 viewsedited  04:29
Ашу / Түсініктеме
2023-06-20 06:51:48
Футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу кезең ойындары өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы сенсация жасап, кезекті үш ұпайды қоржынға салды. Германияда теннистен халықаралық турнир жалауын желбіретті. Елена Рыбакина мен Александр Бубликтің қарсыластары кімдер?

@atamekenbusiness_sport телеграм-каналына жазылып, толық ақпарат алуға болады.

t.me/atamekenbusiness_qaz
1.3K views03:51
Ашу / Түсініктеме
2023-06-20 05:58:12 Балық аулаушылар енді абақтыға қамалмақ

Президенттің тапсырмасымен Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова енді бар күшін балықшы браконьерлермен күреске бағыттамақ. 

Өртке оранған Абай облысында қаза тапқан орманшылардың туысқандары алдында еңіреп қоя бергелі, экологияның және табиғи қазыналардың тізгінін қатар ұстаған жас министр ел аузынан түспей тұр. Мысалы, осы дүйсенбіде Мәжілістегі Үкімет сағатынан шыққан ол ел кезген қауесеттердің көбісін жоққа шығарды. 

Бірақ әкесінің сотталғанын мойындады. Бұған дейін бірқатар сарапшылар әкесінің қылмыскер екені сотта дәлелденген адамның биік лауазымды қалай иеленгеніне, арнайы органдардың тексерісінен қалай өткеніне таңданған болатын. 

Осы орайда дәл осы күні оның командасы жариялаған заң жобасы тыныштыққа мүлгіген тылсым табиғат аясында тынығып, балық аулағанды жаны сүйетін бейғам адамдарды дүрліктірді. Себебі, Зүлфия Сүлейменова ұжымының ұсынып отырған заңы балықшыларға бұрын-соңды болмаған жазаны енгізіп, оларды темір торға қамауды көздейді. 

Мәселені Inbusiness.kz тілшісі Бақыт Көмекбайұлы зерттеп көрді. Сайтымыздан оқыңыз

t.me/atamekenbusiness_qaz
1.5K viewsedited  02:58
Ашу / Түсініктеме
2023-06-20 05:00:01
Ұлттық банктің 20 маусымға арналған валюта бағамы

Күндеріңіз сәтті өтсін!

t.me/atamekenbusiness_qaz
44 views02:00
Ашу / Түсініктеме