Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда жылу энергетика саласын реттеудің толыққанды құқық | Atameken Business - Жаңалықтар

Қазақстанда жылу энергетика саласын реттеудің толыққанды құқықтық негізі жоқ

Мәжілісте палата басшысы Наталья Годунова тексеру қорытындысымен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz. Аудиторлар жылумен қамту нысандарында 23 млрд теңгеге қаржылық заң бұзушылықтарды анықтады.

Тексеру 47 мемлекеттік мекеме мен 44 табиғи монополия субъектісінде жүргізілді. Палата 140 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын және 480 млрд теңге активті игеру тиімділігін тексерген.

"Нәтижелерге тоқталсақ, 23 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде 6 млрд теңгеге бюджеттік қаражат бар. 37 млрд теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 117 млрд теңгеге экономикалық шығын мен пайдадан қағылу деректері анықталды", – деді Наталья Годунова Мәжіліс отырысында.

Толығырақ Inbusiness.kz тілшісі Құралай Құдайбергеннің материалынан оқыңыз.

t.me/atamekenbusiness_qaz