Get Mystery Box with random crypto!

ҚР СІМ Сирия бойынша ХХ отырысты Астана процесі аясындағы соңғ | Atameken Business - Жаңалықтар

ҚР СІМ Сирия бойынша ХХ отырысты Астана процесі аясындағы соңғы шара деп жариялауды ұсынды

Астана процесі аясында Сирия жөніндегі 20-шы халықаралық кездесу нәтижелі аяқталды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш айтты, деп жазады inbusiness.kz. Ведомство өкілінің сөзінше, Қазақстан өзінің мүмкіндіктеріне орай достас Сирия халқын және сирияішілік реттеу процесін қолдауға күш-жігерін салып келеді.

"Бұл ретте аталған қол жеткізілген жетістіктерді, оның ішінде Сирияның араб отбасына қайта оралуын назарға алып, Сирия бойынша бүгінгі кезекті ХХ отырысты Астана процесі шеңберіндегі соңғы іс-шара деп ресми жариялаймыз", - деп мәлімдеді Қанат Тумыш.

t.me/atamekenbusiness_qaz