Get Mystery Box with random crypto!

Atameken Business - Жаңалықтар

Telegram арнасының логотипі atamekenbusiness_qaz — Atameken Business - Жаңалықтар A
Telegram арнасының логотипі atamekenbusiness_qaz — Atameken Business - Жаңалықтар
Арна мекенжайы: @atamekenbusiness_qaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 24.98K
Арнадан сипаттама

Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.
Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.
Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness
Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2023-06-23 07:40:05
Шемонаихадағы жарылыстан зардап шеккендер саны төртеуге жетті

Олардың екеуі қатты күйік шалып жансақтау бөлімінде. Емдеуге Өскеменнен білікті дәрігерлер келген. Өрт сөндірілді. Жанған аумақ 80 шаршы метр. Қазір қызыл жалынның шығу себебі анықталып жатыр.

t.me/atamekenbusiness_qaz
465 views04:40
Ашу / Түсініктеме
2023-06-23 07:28:37
Қазақстан олимпиада күнін атап өтеді. Еліміздің үстел теннисі шеберлері Тунистегі турнирді жүлдесіз аяқтады. Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан неге жаңа салмаққа ауысты? Германияда сынға түсіп жатқан Қазақстан теннисшісі Александр Бубликтің аяқ алысы қалай?

@atamekenbusiness_sport телеграм-каналына жазылып, толық ақпарат алуға болады.

t.me/atamekenbusiness_qaz
577 views04:28
Ашу / Түсініктеме
2023-06-23 06:29:54
Тоқаев: «Қазақтардың өз тарихы, мемлекеті, елі болмаған деген сөздер - тарихымызды бұрмалау»

Президент Қазақстанның мемлекеттілігіне, тарихына байланысты күмәнді пікір айтушыларға осылай жауап берді.

Президент бұл мәлімдемесін «Жошы хан» қойылымын көргеннен кейін айтты. Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы театр ұжымы сахналаған туындыда Шыңғыс ханнан бастап, Жошы дәуіріндегі Қазақ мемлекеттігінің құрылу кезеңі суреттелген.

t.me/atamekenbusiness_qaz
477 views03:29
Ашу / Түсініктеме
2023-06-23 06:20:20 Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді және тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтады

«Мемлекеттік қызметшілерді және тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Сіздер ел игілігіне қызмет етудің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін», – деп жазды Президент Twitter-де.

t.me/atamekenbusiness_qaz
589 views03:20
Ашу / Түсініктеме
2023-06-23 05:00:01
Ұлттық банктің 23 маусымға арналған валюта бағамы

Күндеріңіз сәтті өтсін!

t.me/atamekenbusiness_qaz
96 views02:00
Ашу / Түсініктеме
2023-06-22 17:50:52
Atameken Business: playlist

Бүгін YouTube-тан көре отырыңыздар:

Халқының ішінде ішкіші көп елдердің қатарында Қазақстан да жүр / Шыны керек

Кімдердің еңбекақысы көтерілмек? / Басты тақырып

Windows 11 жүйесінде жаңа Оutlook бағдарламасы пайда болады / IT NEWS

Виртуалды кеңістік: интернеттің пайдасы мен қаупі / Түскі формат

t.me/atamekenbusiness_qaz
231 views14:50
Ашу / Түсініктеме
2023-06-22 16:51:44
Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі сын-қатерлер талқыланды;

Үкімет пен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын әзірлеу барысында бүгінгі талқылаудың нәтижелерін ескеру жөнінде тапсырма берілді;

Мемлекет басшысы «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасын тиімді әрі уақытылы жүзеге асыру Үкіметтің басты міндеті екенін айтты;

Президент жылу энергетикасы және энергия жүйесінің нысандары білікті кадрлармен қамтамасыз етілмегенін келесі өзекті мәселе ретінде атап өтті. Кадр тапшылығы мәселесін жедел шешу жөнінде тапсырма берілді;

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларын уақытылы әрі сапалы жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды.

t.me/atamekenbusiness_qaz
766 viewsedited  13:51
Ашу / Түсініктеме
2023-06-22 16:01:45 2GIS навигациясы қазақша сөйледі

Әзірлеушілердің мәліметінше, навигация тілін баптауда өзгертуге болады.

Бүгінгі таңда мобильді қосымша Қазақстанның 40-тан астам қаласында істеп тұр.

t.me/atamekenbusiness_qaz
1.1K views13:01
Ашу / Түсініктеме
2023-06-22 15:32:51
Интернет пен телевидениенің қалпы бөлек, сондықтан екеуіне екі бөлек контент қажет. Ғаламтордың қазақстандық сегментінің кенжелеп қалуына мамандардың тапшылығы емес, түрлі шектеулер себеп. Сондықтан еркіндік берген берген жөн.

Түскі форматтың интернеттегі балаларға арналған материалдар тақырыбына арналған шығарылымының толық нұсқасын YouTube-арнамыздан көруге болады.

t.me/atamekenbusiness_qaz
1.2K views12:32
Ашу / Түсініктеме
2023-06-22 14:37:58
Шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны аяқталуға жақын

Армения, Ресей, Қырғызстан, Белорусиядан әкелген көлікті заңдастырмаған азаматтар үшін маңызды ақпарат. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден сатып алған темір тұлпарларды Қазақстанға тіркеу үшін мемлекет берген мерзім 9 күннен кейін аяқталады.

Осы уақыт аралығында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары мен әкімшілік полицияның арнайы орталықтары күшейтілген түрде жұмыс істемек.

Атап айтқанда, дүйсенбі мен жұма аралығында 9.00-ден 20.30-ға дейін құжат қабылдаса, сенбіде 19.30-ға дейін көлікті заңдастыруға мүмкіндік бар. Ең бастысы темір тұлпарыңыз 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге кіргізілсе болғаны.

t.me/atamekenbusiness_qaz
485 views11:37
Ашу / Түсініктеме