Get Mystery Box with random crypto!

Atameken Business - Жаңалықтар

Telegram арнасының логотипі atamekenbusiness_qaz — Atameken Business - Жаңалықтар A
Telegram арнасының логотипі atamekenbusiness_qaz — Atameken Business - Жаңалықтар
Арна мекенжайы: @atamekenbusiness_qaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 24.98K
Арнадан сипаттама

Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.
Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.
Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness
Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2023-06-21 06:51:22
Астанада емханалар қалада тұрмайтын, тіпті қайтыс болған адамдарды тіркеп қойған. Мұндай заңсыздықты прокурорлар, Сарыарқа ауданына қарасты денсаулық сақтау ұйымдарын тексеру барысында анықтады. Бұдан бөлек, азаматтардың жасы бойынша міндетті скринингтен өтпегені және балалардың профилактикалық тексеруден өтпегені де белгілі болды. Сондай-ақ, созылмалы ауруы бар пациенттерге, дәрі-дәрмекті уақытылы жеткізбеген. Қалалық прокуратура таратқан ақпаратта, «тексеру нәтижесінде 12 жарым мың азаматтың құқы қорғалды»-делінген. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты.

http://t.me/atamekenbusiness_qaz
345 views03:51
Ашу / Түсініктеме
2023-06-21 06:36:15
Германияда теннистен халықаралық турнир өтіп жатыр. Қазақстан спортшысы Елена Рыбакина алғашқы сыннан сүрінбей өтті. Талдықорғанда велоспорттан жазғы спартакиада басталды. Жарыстың бірінші күні аралас командалық эстафета өтті. Шілде айында үстел теннисінен Үндістан лигасының төртінші маусымы өтеді. Беделді жарысқа Қазақстанның атынан кім қатысады?

@atamekenbusiness_sport телеграм-каналына жазылып, толық ақпарат алуға болады.

t.me/atamekenbusiness_qaz
524 views03:36
Ашу / Түсініктеме
2023-06-21 06:18:18
"Қазақстан барысы" турниріне бөлінген қаражаттың жұмсалу заңдылығы тексеріліуде

Турнирге бюджеттен 1,075 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттінің Алматы қаласы бойынша департаменті мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

"Сотқа дейінгі тергеу аясында "Қазақстан барысы" қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығы тексерілуде. Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде", делінген агенттік хабарламасында.

t.me/atamekenbusiness_qaz
687 views03:18
Ашу / Түсініктеме
2023-06-21 05:00:01
Ұлттық банктің 21 маусымға арналған валюта бағамы

Күндеріңіз сәтті өтсін!

t.me/atamekenbusiness_qaz
86 views02:00
Ашу / Түсініктеме
2023-06-20 17:04:27
Atameken Business: playlist

Бүгін YouTube-тан көре отырыңыздар:

Қазақстанда өрт көбейді, ал Үндістанда адамдар күнге күйіп өліп жатыр / Шыны керек

Ақсу Екібастұздың күйін кешпек пе? / Басты тақырып

Атлант мұхитында әйгілі Титаниктің батқан жеріне экспедицияға шыққан батискаф жоғалып кетті / i-Sana

Алматыдағы ВИЧ: індет өршіп бара ма? / Түскі формат

t.me/atamekenbusiness_qaz
1.7K views14:04
Ашу / Түсініктеме
2023-06-20 15:36:11
Үкім шығарылғаннан кейін сот залындағы атмосфера

t.me/atamekenbusiness_qaz
1.9K views12:36
Ашу / Түсініктеме
2023-06-20 15:05:56
Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды

t.me/atamekenbusiness_qaz
1.9K viewsedited  12:05
Ашу / Түсініктеме
2023-06-20 14:43:26 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс елдері жариялаған санкциялардың сақталуына қатысты пікір білдірді:

«Біз, ең алдымен, ДСҰ ережелері мен нормаларын басшылыққа аламыз. Сондай-ақ халықаралық нарықта қабылданған барлық ережені сақтаймыз. Ал екі мақсатта қолданылатын тауарлардың Ресейге экспорты туралы айтар болсақ, бұл мүлдем шындыққа жанаспайды. Өйткені, жаңа ғана айтқанымдай, біз ДСҰ ережесін және Еуропалық Одақ жариялаған барлық санкция талаптарын сақтаймыз.
Әйтсе де, Ресеймен сауда-саттық жасаймыз. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 28 миллиард долларға жетті. Бұл қолданыстағы халықаралық стандарттарға толық сай келеді».

t.me/atamekenbusiness_qaz
1.9K views11:43
Ашу / Түсініктеме
2023-06-20 14:23:50 Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымын тағы да айқындады:

«Мен бұл күрделі мәселеге қатысты ұстанымымызды айқындадым.

Біріншіден, біз БҰҰ Жарғысын қатаң сақтауымыз керек. Әрине, Біріккен Ұлттар Ұйымын әлемде теңдесі жоқ әрі әмбебап ұйым ретінде қолдауға тиіспіз.

Екіншіден, біз Қытайдың, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің барлық бейбіт бастамасын қолдауымыз қажет.

Сондықтан жақын арада Украинадағы қарулы қақтығыс тоқтайды деп үміттенеміз. Содан кейін әлемнің осы бөлігінде берік бейбіт өмір орнайтыны туралы сөз қозғай аламыз.
Қазақстанға келетін болсақ, біз осы мақсатқа қол жеткізуге өз үлесімізді қосуға дайынбыз.

Сонымен қатар біз – Ресеймен стратегиялық серіктеспіз және бірнеше ұйымның мүшесі екенімізді атап өткен жөн. Сондықтан біздің мақсатымыз – екіжақты және халықаралық ұйымдар аясында өзара ынтымақтастығымызды нығайту үшін Ресеймен тығыз байланысты сақтау».

t.me/atamekenbusiness_qaz
1.9K viewsedited  11:23
Ашу / Түсініктеме
2023-06-20 14:11:08 2025 жылға дейін Қазақстандағы барлық қала мен елдімекен ауыз сумен қамтылады

Бұл туралы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"2025 жылға дейін барлық қала мен елдімекен ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте 1395 елдімекенде модульдің кешенді блогы қарастырылып жатыр. Бұл – халық саны 200 адамнан аз елдімекендер. Тұрғындар саны одан көп елдімекендер орталықтандырылған сумен қамту жүйесімен қамтылады. Бұл 432 бірлік",  - деді ведомство өкілі.

Бұдан бөлек оның айтуынша, суды үнемдеу және оны есепке алу мақсатында есепке алу құрылғыларын міндетті түрде орнату мәселесі де қарастырылып жатыр.

t.me/atamekenbusiness_qaz
2.0K viewsedited  11:11
Ашу / Түсініктеме