Get Mystery Box with random crypto!

Atameken Business - Жаңалықтар

Telegram арнасының логотипі atamekenbusiness_qaz — Atameken Business - Жаңалықтар A
Telegram арнасының логотипі atamekenbusiness_qaz — Atameken Business - Жаңалықтар
Арна мекенжайы: @atamekenbusiness_qaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 24.98K
Арнадан сипаттама

Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.
Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.
Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness
Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2023-06-22 13:59:08 Шемонаиха қаласындағы жарылыстан болған өрт сөндірілді

Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы 80 ш.м.

1974 және 1975 ж.т. объектінің зардап шеккен екі қызметкері термиялық күйікпен ауруханаға жеткізілді.

t.me/atamekenbusiness_qaz
168 viewsedited  10:59
Ашу / Түсініктеме
2023-06-22 12:34:48
ШҚО Шемонаиха қаласында жарылыс болды

Украинская көшесіндегі газ баллондарына жанармай құю станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шықты. Өрттен 5 бірлік техника жойылды.

Сағат 14:44-те өрт оқшауланды.

Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді.

Тұрғын үйлер мен орман қорына қауіп жоқ. Өртті 5 өрт сөндіру автокөлігі және 12 адам сөндіріп жатыр.

t.me/atamekenbusiness_qaz
484 views09:34
Ашу / Түсініктеме
2023-06-22 11:22:51
Джо Байден Си Цзиньпинді "диктатор" деп атап Қытай билігін ренжітіп алды

Джо Байденнің Си Цзиньпин туралы "диктатор" деген мәлімдемесі 2 ел арасындағы онсыз да қырғи-қабақ қарым-қатынасты шиеленістіре түскендей. 

Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі АҚШ президентінің сөзін ашық саяси арандатуға балап отыр. 

t.me/atamekenbusiness_qaz
635 views08:22
Ашу / Түсініктеме
2023-06-22 10:15:50
Қытайдағы мейрамханалардың бірінде жарылыс болып, 30-дан астам адам қаза тапты

Қытайдың солтүстігіндегі Нинся-Хуэй автономиялық ауданындағы мейрамханадағы жарылыс кем дегенде 31 адамның өмірін қиды, 38 адам түрлі жарақат алған. Бұл туралы Синьхуа АА хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Агенттік хабарлағандай, төтенше жағдай Иньчуань қаласының көшелерінің бірінде (осы автономиялық ауданның әкімшілік орталығы) сәрсенбіде жергілікті уақыт бойынша 20.40-та (Астана уақытымен 18.40) болған. 

Зардап шеккендердің барлығы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі өте ауыр жағдайда.

Оқиға орнында полиция жұмыс істейді.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин зардап шеккендерді құтқару және емдеу, сондай-ақ Иньчуань қаласындағы мейрамханада жарылыс кезінде қаза тапқандар мен жараланғандардың отбасы мүшелерін қолдау үшін барынша күш салуды тапсырды.

t.me/atamekenbusiness_qaz
641 views07:15
Ашу / Түсініктеме
2023-06-22 09:03:30
Осы сағаттағы елордадағы валюта бағамы

t.me/atamekenbusiness_qaz
92 views06:03
Ашу / Түсініктеме
2023-06-22 08:05:00 Сенат электросамокаттарды пайдалану мәселелерін реттейтін заңды мақұлдады

Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындауға мемлекеттік монополия енгізілмек.  Электросамокатқа тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолымен сағатына 6 км-ден аспайтын жылдамдықпен жүруіне жол беріледі.

Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

t.me/atamekenbusiness_qaz
744 viewsedited  05:05
Ашу / Түсініктеме
2023-06-22 07:17:20
Шағын және орта бизнес үшін қосылған құн салығының шегін көтеру керек

Мәжілістегі «Республика» фракциясы, кәсіпкерлердің жағдайы мәз емес екенін алға тартып Премьер-министрге осындай ұсыныс жолдады.

Депутат Руслан Берденовтың сөзінше, аталған салыққа қатысты енгізілген өзгеріс, бизнес өкілдерінің қалтасын қағып отыр. Қазір фискалды чек беріп, қызмет ететін кәсіпкерлердің тауар айналымы 20 мың айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Яғни бір күндік кіріс 190 мың теңгедей. Егер тапқаны бұл сомадан асып кетсе, кәсіп иесі айыппұл арқалайды. Оның көлемі бұдан да жоғары. Қосымша құн салығын есептемегенде, тауар айналымының 15 пайызын төлейді.

Депутат айыппұлды алып тастауды және құн салығының шегін 30 мың айлық есептік көрсеткішке көтеруді ұсынды.

t.me/atamekenbusiness_qaz
1.1K viewsedited  04:17
Ашу / Түсініктеме
2023-06-22 06:55:16
Қытайдың Уси қаласында семсерлесуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, командалық есепте күміс жүлдеге қол жеткізді. Велоспорттан жекелей сында спартакиада жеңімпаздары анықталды. Елена Рыбакина Берлиндегі турнирде кімге есе жіберді?

@atamekenbusiness_sport телеграм-каналына жазылып, толық ақпарат алуға болады.

t.me/atamekenbusiness_qaz
1.1K views03:55
Ашу / Түсініктеме
2023-06-22 06:37:40
Семейде «қайырымдылық қорына» деп адамдардан ақша бопсалағандар ұсталды

Олар жергілікті жастар мен есірткі пайдаланушыларды жалған қорды қаржыландыруға мәжбүрлеген. Тіпті кейбіреуін сұраған қаражатты бергенге дейін пәтерде қамап ұстаған. Осындай жантүршігерлік ақпаратты таратқан Ішкі істер министрлігінің өкілдері «қылмыстық топтың 8 мүшесі қамауға алынды» - деп отыр. Тінту барысында пышақ, травматикалық тапанша сынды қарулар табылған.

Айта кетерлігі, мұқтаж жандарға көмектесу мақсатында деген желеумен құрылған қайырымдылық қорын ресми тіркеп қойыпты. Тіпті инстаграм парақшасын ашып үлгерген. Алайда, құрылғалы бері қор шотына бір тиын да түспепті.

t.me/atamekenbusiness_qaz
1.1K viewsedited  03:37
Ашу / Түсініктеме
2023-06-22 06:36:24
Иран елі атом қаруына қол жеткізуге таяды ма?

Халықаралық сарапшылар да, МАГАТЭ инспекторлары да дабыл қағып отыр. 

Олардың байламынша, біздің Каспий бойынша көршіміздің ядролық центрифугалары енді уранды анағұрлым жоғары деңгейге дейін байытуға қауқарлы. Демек, мұның соңы Иранның төл атом қаруын жасауына соқтыруы мүмкін. Бұл күтпеген нәтижеге әкелді: Батыс державалары Иран Ислам республикасына қатысты қырғи-қабақ, зілді саясатын жұмсартып, онымен дипломатиялық қатынастарды жақсарту жолдарын іздеп жатыр. 

Дау неден басталды? Inbusiness.kz тілшісі Бақыт Көмекбайұлы зерттеп көрді. Сайтымыздан оқыңыз

t.me/atamekenbusiness_qaz
1.2K views03:36
Ашу / Түсініктеме