Get Mystery Box with random crypto!

'Арыстан' лицейі 80 курсантқа үлкен өмірге жолдама берді 'Ары | Atameken Business - Жаңалықтар

"Арыстан" лицейі 80 курсантқа үлкен өмірге жолдама берді

"Арыстан" мамандандырылған лицейінде еліміздің әр өңірінен келген 240 оқушы білім алады. Ойы озық, жігерлі жастарды іріктейтін оқу ордасынан биыл 80 курсант үлкен өмірге қанат қағып, аттестат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Арыстан" лицейі курсанттардың интернатта жатуы, тегін білім алуы мен оқуға қажетті керек-жарақтың барлығымен қамтамасыз етуді өзінің әлеуметтік мақсаты деп таниды. Сондықтан оқуға қабылдау кезінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды қабылдауға басымдық береді. Мәселен, бүгінде лицейде көпбалалы отбасыдан шыққан 82 жасөспірім және толық емес отбасыдан шыққан 45 жасөспірім білім алуда.

t.me/atamekenbusiness_qaz