Get Mystery Box with random crypto!

Atameken Business - Жаңалықтар

Telegram арнасының логотипі atamekenbusiness_qaz — Atameken Business - Жаңалықтар A
Telegram арнасының логотипі atamekenbusiness_qaz — Atameken Business - Жаңалықтар
Арна мекенжайы: @atamekenbusiness_qaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 24.98K
Арнадан сипаттама

Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.
Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.
Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness
Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2023-06-19 18:24:20 Астана маңындағы өрт оқшауланды. Өрттің жалпы ауданы 80 га құрады. Зардап шеккендер жоқ, өртті сөндіру жұмысы жалғасып жатыр — ҚР ТЖМ

t.me/atamekenbusiness_qaz
495 viewsedited  15:24
Ашу / Түсініктеме
2023-06-19 18:04:26
Atameken Business: playlist

Бүгін YouTube-тан көре отырыңыздар:

Судың шығыны жан басына шаққанда тәулігіне 3,5 мың литрге барады / Шыны керек

Ауыл шаруашылығы министрлігі кімдердің мүддесін қорғауда? / Басты тақырып

Британиялық Skyrora компаниясы 3D-принтерде басылған ракета қозғалтқыштарын сынақтан өткізе бастады / i-Sana

Дала демократиясы деген не? / Түскі формат

t.me/atamekenbusiness_qaz
99 views15:04
Ашу / Түсініктеме
2023-06-19 16:05:11
Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов келді

Өртті сөндіру үшін Қорғаныс министрлігінің 2 МИ-17 тікұшағы тартылды.

Өрт сөндіру штабы құрылды.
Тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп жоқ.

t.me/atamekenbusiness_qaz
1.1K views13:05
Ашу / Түсініктеме
2023-06-19 15:27:15
Әлихан Смайылов Астана маңындағы тілсіз жауды ауыздықтау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың Астана маңындағы қураған қамыстың тұтануынан басталған өртті сөндіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратын тыңдады.

ТЖМ басшысының айтуынша, Талдыкөл жақтағы сортаң жерде шамамен 15 га алқапта қамыс пен қураған ағаштар жанып жатыр.

Тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Өртті сөндіруге 158 адам және 33 техника жұмылдырылды.

Оны сөндіру жел екпінінің қаттылығы, батпақ жерлер, сондай-ақ техника өтетін жолдардың болмауы себебінен қиынға соғуда.

Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министріне арнайы күштер мен техника жұмылдыру жұмыстарын күшейтіп, тілсіз жауды ауыздықтау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды

t.me/atamekenbusiness_qaz
1.3K viewsedited  12:27
Ашу / Түсініктеме
2023-06-19 14:14:53
Түркістанда Президент жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы өтті. Тура бір жыл бұрынғы Ұлытаудағы басқосу жалпы мәселелерге арналса, биылғы жиында нақты экономика, білім, мәдениет және кәсіпкерлік саласындағы түйіткілдер сөз болды.

Мемлекет басшысы осыған дейің де айтылған, арнайы бағдарлама да қабылданған шекаралық аймақтарды дамыту мәселесіне ерекше тоқталды. Түскі форматтың бүгінгі қонақтары осы тақырыпқа қатысты өз ойларымен бөлісті.

Бүгінгі хабарда айтылған өзге де тұшымды ой-пікірлермен, Құрылтайда айтылған ұсыныстардың жүзеге асыру жолдарымен YouTube-арнамызда танысуға болады.

t.me/atamekenbusiness_qaz
593 viewsedited  11:14
Ашу / Түсініктеме
2023-06-19 13:32:45
Астаналықтарға көшеге шықпауға кеңес берілді

Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөп өртеніп жатыр. Осыған байланысты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды көшеге еш себепсіз шықпауға, пәтердің терезелерін ашпауға, көшеде бетперде тағып жүруге шақырады. Бұл ұсыныстар ең алдымен тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға қатысты.

Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер алдын ала болжам бойынша 15 гектар аумақта өртті сөндіру жұмысын жүргізуде.
Өрт сөндірушілер алдын ала 15 га алаңда өртті жою бойынша жұмыс істейді. Өртті сөндіру үшін жеке құрамның 140 адамы және 40-қа жуық техника жұмылдырылған.

t.me/atamekenbusiness_qaz
501 viewsedited  10:32
Ашу / Түсініктеме
2023-06-19 13:03:35 Биліктегілер пиязға қатысты жағдайды түсіндірді

Ресейліктер алдын-ала келісімшарт жасасып, агрессивті экспортты бастады. Елімізде пияз көп, экспортқа шығармауға амал жоқ. Бірақ маусымаралық кезеңдегі баға динамикасы басқаны меңзейді. 

Мәжілісте өткен Үкімет сағаты барысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда пияз өндірісі тұтынудан төрт есе көп екенін айтты. Толығырақ inbusiness.kz тілшісі Құралай Құдайбергеннің материалынан оқыңыз.

t.me/atamekenbusiness_qaz
776 views10:03
Ашу / Түсініктеме
2023-06-19 12:04:01
Астананың шетінде құрғақ шөп өртеніп жатыр

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасында қураған шөптің жанып жатқанын хабарлады.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.

t.me/atamekenbusiness_qaz
85 views09:04
Ашу / Түсініктеме
2023-06-19 11:27:02 Азық-түлік бағасын ауыздықтаудың амалы қандай?

Маусымаралық кезеңде жылыжайлардың электр энергиясы мен газ шығындарын субсидиялау жоспарлануда. 

Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ведомство басшысы әңгіменің әлқиссасын саладағы келелі мәселелерді мойындаудан бастады. 

"Маусымаралық кезеңде өніммен қамтамасыз етуде проблема бар. Негізгі тапшылық сәуір-мамыр айларында болады", – деген министр бірден мәселені шешу жолдарын ұсынды. 

Атап айтқанда, маусымаралық кезеңде халықты өз өнімдерімен қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданбақ. Толығырақ Inbusiness.kz тілшісі Құралай Құдайберген материалынан оқыңыз.

t.me/atamekenbusiness_qaz
576 views08:27
Ашу / Түсініктеме
2023-06-19 09:40:50 Ұлттық құрылтайда шекаралық аймақтарды дамыту, білім саласын жетілдіру және басқа да бүгінгі таңда өте өзекті тақырыптар қозғалды. Енді осы айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру механизмдері талқыланбақ.

t.me/atamekenbusiness_qaz
410 views06:40
Ашу / Түсініктеме