Get Mystery Box with random crypto!

Atameken Business - Жаңалықтар

Telegram арнасының логотипі atamekenbusiness_qaz — Atameken Business - Жаңалықтар A
Telegram арнасының логотипі atamekenbusiness_qaz — Atameken Business - Жаңалықтар
Арна мекенжайы: @atamekenbusiness_qaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 24.98K
Арнадан сипаттама

Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.
Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.
Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness
Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2023-06-23 16:35:34
СТРИПТИЗ ДЕ СПОРТ ПА?

Еліміздегі сансыз спорт федерациялары бюджет қаржысын алып, шалқып жүр. Алайда беріп жатқан қайтарымы жоқ дейді спорт сарапшысы Аслан Қаженов. Бұл мәселе спорт шенеуніктері тарапынан шешілетін көрінеді.

t.me/atamekenbusiness_qaz
879 views13:35
Ашу / Түсініктеме
2023-06-23 16:03:26
Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға сотталды.

Бізге жазылуды ұмытпа | inbusiness.kz
310 views13:03
Ашу / Түсініктеме
2023-06-23 15:47:18
18 жастан кейін спортшылар қайда барып, немен айналысады?

Бәрі бірдей ұлттық құрамаларға ілігіп, біліктілігін арнайы оқу ордаларында шыңдай бермейді. Жаңа ереже бойынша енді кәмелет жасына жеткен жастар спорт мектептерінен кетуі тиіс. Мамандар олардың тағдырына алаңдаушылық танытып отыр.

t.me/atamekenbusiness_qaz
542 viewsedited  12:47
Ашу / Түсініктеме
2023-06-23 14:12:41
СПОРТ МЕКТЕПТЕРІ ЖЕТІСПЕЙДІ

Кеңес одағы кезінде де бүкіл қызыл империядағы бәсекелестерін бет қаратпай жеңіп, әлемдік додадаларда топ жарып жүрген қазақстандықтар көп болды. Сол қарқынды тәуелсіздік жылдары бәсеңдетіп алғанымызбен жетістіктеріміз жоқ емес. Бірақ олқы тұстар жоқ емес. Соның бірі арнайы спорт мектептерінің тапшылығы.

t.me/atamekenbusiness_qaz
247 views11:12
Ашу / Түсініктеме
2023-06-23 13:33:38
Бүгін Халықаралық олимпиада күні. 1894 жылдың 23-маусымы Халықаралық олимпиада комитетінің құрылған күні болып есептеледі. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде ұлттық олимпиада комитетінің ұйымдастыруымен түрлі шааралар өтіп жатыр.

Түскі форматтың бүгінгі шығарылымы да осы оқиғаға арналды. Хабарға келген осы салаға жауапты мамандар, сарапшылар келер жылы Парижде өтетін ойындардан күтетін нәтижелерге қатысты ойларымен бөлісті. Толық шығарылымды YouTube-арнамыз арқылы көруге болады.

t.me/atamekenbusiness_qaz
594 views10:33
Ашу / Түсініктеме
2023-06-23 13:00:57
Олимпиада күні Қазақстанда қалай тойланып жатыр?

Бүгін бүкіл Қазақстанда Халықаралық Олимпиада күніне орай түрлі спорт шаралары өткізіліп жатыр. Астанада мерекелік фестиваль ұйымдастырылып, оған он шақты спорт мектебінің оқушылары қатысты, деп жазады inbusiness.kz.

Ежелгі Грекиядан бастау алған Олимпиада ойындары – күллі әлемнің спортшылары бақ сынайтын дүбірлі дода. Төрт жылда бір өтетін айтулы шара жаһандық олимпиада қозғалысына айналғалы қашан?! 1948 жылдан бастап 23 маусым осы қозғалыстың басты күні – Халықаралық Олимпиада күні ретінде аталып өтіле бастады. Әлемнің 150-ден астам Ұлттық Олимпиада комитеттері жыл сайын ұйымдастыратын шараға жер шарының түкпір-түкпірінен 3,5 млн жуық адам қатысады. Біздің ел де тәуелсіздік алғалы бері спорт күнін 30 жыл қатарынан тойлап келеді. 

Олимпиада күні эстафетасын Қазақстанның барлық өңірлері қабылдап, түрлі шаралар ұйымдастырды.

t.me/atamekenbusiness_qaz
1 view10:00
Ашу / Түсініктеме
2023-06-23 12:11:25
Биыл бастауыш сынып оқушылары толық тамақпен қамтамасыз етіледі

Президент Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады. Ғани Бейсембаев биыл 1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары толықтай тегін тамақпен қамтамасыз етілетінін айтты.

Сондай-ақ білім беру ұйымдарын дабыл түймелерімен, лицензиясы бар күзетпен, турникеттермен және жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Ауыл мектептерін дамыту тұжырымдамасы таныстырылды. Биыл техникалық және кәсіптік білім алушы студенттердің 80 пайызы тегін оқиды. Қыркүйек айынан бастап олардың шәкіртақысы 50 пайызға, ал келесі жылы 100 пайызға артады. Кәсіпорындар колледж түлектерін міндетті түрде жұмысқа орналастыру шартымен мамандарды мақсатты даярлау ісіне алғаш рет атсалысып отыр.

t.me/atamekenbusiness_qaz
589 views09:11
Ашу / Түсініктеме
2023-06-23 11:45:42
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт намазына орай айт намазының кестесін жариялады

“28 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынамыз. Айт құтты болсын, ағайын!”, - делінген хабарламада.

t.me/atamekenbusiness_qaz
371 views08:45
Ашу / Түсініктеме
2023-06-23 09:59:38 ​​Ozon ұсынған COM.E ON Forum Алматы: онлайндағы бизнесті қалай жылдам дамытуға болады

Әр нәрсенің өз формуласы бар, бизнес дамытудың да өз формуласы бар. Ozon ресейлік жетекші маркетплейсі оны әлдеқашан жасап, онымен 29 маусымда COM.E ON Алматы атты Қазақстан кәсіпкерлеріне арналған алғашқы форумында бөліседі.

Іс-шара Ritz-Carlton қонақ үйінде өтеді — залда шамамен жарты мың орын бар, ал билеттер басқалардан бұрын тіркелгендерге бұйырады.

Тапсырыстарды табыстау орындарын қалай ашуға және табысты қалай алуға болады, ресейлік және қазақстандық сатып алушыларға қандай тауарлар жетіспейді, Ozon-да сатып, қалайша еселеп дамуға және 10 есе көп табысты қалай табуға болады — іс-шарада кәсіпкерлер бизнестің маңызды сұрақтарына жауап алады.

Ozon өкілдерімен, маркетплейс серіктестерімен, сондай-ақ өз бизнестерін әлдеқашан дамытып жатқан қазақстандық кәсіпкерлерімен тікелей талқылау жүргізіліп, пайдалы әңгімелер айтылады.

Билеттер лезде сатылады — тезірек тіркеліңіз!

Сонымен қатар, Ozon іс-шараға офлайн түрде қатыса алмайтындарға онлайн таратылым жүргізетін болады. Эфир Ozon YouTube арнасында ең жоғары сапада өтеді — қатысыңыз және көріңіз!

#серіктестерақпараты

t.me/atamekenbusiness_qaz
202 views06:59
Ашу / Түсініктеме
2023-06-23 08:57:11
Осы сағаттағы елордадағы валюта бағамы

t.me/atamekenbusiness_qaz
145 views05:57
Ашу / Түсініктеме