Get Mystery Box with random crypto!

Atameken Business - Жаңалықтар

Telegram арнасының логотипі atamekenbusiness_qaz — Atameken Business - Жаңалықтар A
Telegram арнасының логотипі atamekenbusiness_qaz — Atameken Business - Жаңалықтар
Арна мекенжайы: @atamekenbusiness_qaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 24.98K
Арнадан сипаттама

Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.
Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.
Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness
Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz

Ratings & Reviews

5.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 515

2021-05-06 10:30:01
Алматы облысында Ақсу ауданының полиция басшысы қоластындағы қызметкерлеріне әдепсіз сөйлегені үшін жұмыстан кетті

Осы жағдайға байланысты Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев түсініктеме берді. Айтуынша, аталған қызметкер жеке құраммен жұмыс кезінде өрескел кешірілмейтін қателік жібергенін мойындап, оны қызметінен босату туралы өтініш жазған. Қазір қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

t.me/atamekenbusiness_qaz
2.2K views07:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 07:15:18 Елжан Біртановқа 1,5 млрд теңгені талан-таражға салды деген айып тағылды

Жуырда ғана жұмыс істеуге рұқсат алған бұрынғы Денсаулық сақтау министрі қайтадан үйқамаққа алынуы мүмкін. Себебі, прокурорлар экс-шенеуніктің сыртқа шығуына тыйым салу санкциясының мерзімін 1 айға ұзартуды сұрап отыр. Мемлекеттік айыптаушылардың айтуынша, Елжан Біртанов үйқамақта болған кезде негізгі ережелерді 5 рет бұзған.

Мемлекетке келген шығын көлемі де анықталды. Талан-таражға түскен қаржы 1,5 млрд теңгені құрайды. Қомақты қаражат хорватиялық компаниядан автоматтандырылған ақпараттық жүйені сатып алуға жұмсалуы тиіс еді. Алайда тергеу барысында аталған жүйе «денсаулық сақтау саласының жұмысына теріс әсер етті» деген қорытынды ұсынылған.

Еске салайық, экс-министр Елжан Біртанов 2020 жылы маусым айында қызметінен босатылып, артынша бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған.

t.me/atamekenbusiness_qaz
2.2K views04:15
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 06:37:59 Балалар үйлерінде вакцинация жүргізіле ме?

Қазнетте балаларды COVID-19-ға қарсы мәжбүрлеп вакцинациялау жүргізіледі деген ақпарат тарады. Бұны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстанда балаларға COVID-19-ға қарсы екпе салынбайды. Балалар үйіндегі балаларға да, отбасыларда тәрбиеленетіндерге де. Бұл – фейк», – деп хабарлады ведомстводан.

Бүгінгі таңда Қазақстанда КВИ-ге қарсы 2 вакцина қолданылуда: ресейлік «Спутник-V» және қазақстандық «QazVac». Екі препараттың клиникалық сынақтарына 18 жастан асқан адамдар қатысты. Демек, бұл вакциналардың баланың ағзасына әсері туралы мәлімет болмағандықтан екпе жасалмайды.

Қазақстандықтар вакцинаны ерікті түрде салдырады.

t.me/atamekenbusiness_qaz
2.1K viewsedited  03:37
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 05:00:06 Таңғы ас ішерде көре отырыңыз:

Таразда автобус жолақысы 20 теңгеге қымбаттады
Елордада жетім баланы қағып кеткен шенеуніктің ұлы жүргізуші құқығынан айырылуы мүмкін
Жуырда ғана жұмыс істеуге рұқсат алған экс-министр Елжан Біртанов қайтадан үйқамаққа жабылуы мүмкін

Ал мына материалдарды оқуға кеңес береміз:

Мемлекеттік борыш 1,5 трлн теңгеге артты
Қазақстанда жақында теңгенің үшінші түрі пайда болады
Павлодарда құрылыс саласындағы олқылықтар азаяр емес

Күндеріңіз сәтті өтсін

t.me/atamekenbusiness_qaz
2.4K viewsedited  02:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 15:30:03 Биыл 836 әкім тікелей дауыс беру арқылы сайлауға түседі

Оны реттейтін заң жобасы бүгін Мәжілісте таныстырылды. Ережеге сәйкес, елдегі 2345 әкімшілік аумақтық бірлік әкімдері өкілетті мерзімі аяқталған соң қызметінен кетуі тиіс. Кандитаттар сайлаушылар дауысының 1 пайызын жинай алған жағдайда ғана негізгі додаға түседі.

Әкімдік сайлауға 25 жастан асқан, жоғары білімді кез келген Қазақстан азаматы қатысуға құқылы. Сайлау 40 күн бұрын жариялануы тиіс. Ал сайлауға дайындық қазіргі әкімнің өкілетті мерзімі бітуге 10 күн қалғанда басталады.

Бұл сайлаудың тағы бір ерекшелігі – бюллетеньде кандидаттардың барлығын да «қолдамаймын» деген жолақ болады. Жеңіске жету үшін үміткер дауыс берушілердің 50%-ын дауысын жинай алуы шарт.

t.me/atamekenbusiness_qaz
2.4K viewsedited  12:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 12:05:00 Биыл ҰБТ қалай өтеді?

Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасы жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Ақмарал Айтуарова айтты.

Биылғы және өткен жылдардағы қала мектептері түлектері арасында ҰБТ ертең басталады. Тестілеуге қатысу үшін түлектердің өтінішін қабылдау ұлттық тестілеу орталығының сайтында онлайн тіркеу арқылы жүзеге асады. Оған қоса, оқушы республика бойынша ҰБТ тапсыратын орынды өзі таңдай алады.

Тест өткізу форматы тек электронды түрде, “бір тестіленуші, бір компьютер, бір камера” принципі бойынша өтеді. Бір күнде 2 лек қатысады: түске дейін және түстен кейін. Отыратын орындардың ең көп саны - 300

«Биыл алғаш рет түлектерге ҰБТ-ны екі рет тапсыру және ҰБТ-ның ең үздік нәтижесімен білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу құқығы беріледі», - деді ол.

ҰБТ-ның жалпы ұзақтығы аппеляцияны есепке алғанда 4 сағат 30 минут (270 минут). Тестілеу уақыты - 240 минут.

Түлектерге сәттілік тілейміз!

t.me/atamekenbusiness_qaz
2.5K viewsedited  09:05
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 09:48:33
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды сынға алды

Мәжіліс төрағасы вакцинациялауға қатысты әр түрлі ақпаратпен халықты шатастыруды тоқтату қажет екенін айтты. Бұған дейін екпенің екінші компонентін 21, одан кейін 45 немесе 90 күннен кейін салу керек деген мәлімет тараған еді.

t.me/atamekenbusiness_qaz
2.4K viewsedited  06:48
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 07:49:18 Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандықтарға қандай жеңілдіктер беріледі?

Тақырыпты тілшіміз зерттеді

t.me/atamekenbusiness_qaz
2.4K views04:49
Ашу / Түсініктеме