Get Mystery Box with random crypto!

Арғы аптада Нигерияның Жоғары соты Лагос штатындағы бастапқы ж | Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Арғы аптада Нигерияның Жоғары соты Лагос штатындағы бастапқы және орта мектептерде хиджаб киюге тыйым салу туралы қаулыны жою туралы үкім шығарды. Аталмыш тыйым 2015 жылы күшіне енген болатын. Алайда, Жоғары Сот өкілдері  орамал тағу исламда жазылғанын және діни міндет болып табылатынын, сәйкесінше аталмыш тыйым мұсылман қыздардың жеке құқығы мен дінін, ар-ұяты мен тұлғалық еркіндігін шектеу екендігін ескере отырып, 1999 жылы қабылданған Конституцияның 38 бабы аясында үкім шығарған.

Бұл оқиға Нигерия қоғамында екіұдай пікір қалыптастырды. Кейбір БАҚ өкілдері «ертең христиандар да өз киімімен мектепке келсе қайтеміз» деп дау көтеріп жатыр екен. Бірақ, біздегідей «Ауғанстан, Сирия» болып кетеміз деп жатқан ешкім жоқ. Десе де Жоғары Сот Лагос штаты әкімшілігінің аппелациялық арызын қанағаттандырмай, үкімді заңды күшінде қалдырды.

Нигерия Батыс Африка ең көп мұсылман тұратын ел. Ресми деректерде халықтың елу пайызын ислам өкілдері құрайды.

Мұсылмандар бір дене секілді дейді ғой. Осы жақсы жаңалықты көріп сіздермен бөлісіп жатқан жайым бар. Бізге де жұғысты болсын деген ниет қой