Get Mystery Box with random crypto!

КІРСАБЫННЫҢ ПАЙДАСЫ Қазіргі таңда біз кірсабынды киім жуғанд | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

КІРСАБЫННЫҢ ПАЙДАСЫ

Қазіргі таңда біз кірсабынды киім жуғанда көмекші құрал ретінде ғана пайдаланатын болдық. Бірақ оның адам денсаулығына тигізер пайдасы мол.

Адамның қолына тікен кіріп кеткен кезде кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады.
Егер шашыңыз қалың әрі ұзын болғанын қаласаңыз, онда мамандар шашыңызды кір сабынмен жууға кеңес береді. Сусабынды пайдаланып болғаннан соң, артынша басты кір сабынмен жуу керек.
Бетті аптасына екі рет кір сабынмен жуу керек. Ол беттің тері қабатына терең сіңіп, бетті майланудан сақтайды.
Моншаға түсуді ұнататындарға кеңес. Буға түсерде сыпырғыны кір сабын салынған суға батырып қолданса, теріңіз тазарып қана қоймай,  денеңіз сергіп қалады.
Сулы беторамалды кір сабынға үйкеп, ащы иісін 5-10 минуттан күніне үш рет иіскеп тұрған адам тұмауынан айығады.
Көгерген, жарақаттанған жеріңізді кір сабынмен жусаңыз, жараны асқынуынан және микроб тусуінен қорғайды. Жараның бетін күніне екі-үш рет жусаңыз жеткілікті.
Күйіп қалған жараға (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады.
Ит тістеп алған жағдайда қан тоқтағаннан кейін жараға сабын ертіндісіне малынған дәкені  басыңыз.
Ер адамдар қырынғаннан кейін тері тітіркенсе, кір сабынмен сабындап қоюға болады. Көпіршік кебуін күтіп, кепкеннен кейін сумен шайыңыз.

Мен көбіне кір сабынмен жуынамын және иісі маған ұнайды.

Сіздер кірсабын ИІСІН ұнатасыздарма?