Get Mystery Box with random crypto!

ӘРТҮРЛІ БЕТТЕГІ СКОТЧ ІЗДЕРІН КЕТІРУ ЖОЛДАРЫ Скотчты қандай | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

ӘРТҮРЛІ БЕТТЕГІ СКОТЧ ІЗДЕРІН КЕТІРУ ЖОЛДАРЫ

Скотчты қандай да бір жерге жабыстырып, біраз уақыттан кейін алсақ асты дақ болып, скотч ізі қалып қалады.

Әртүрлі беттегі скотч іздерін кетіру әдістерін ұсынамын:

Жиһаз бетіндегі скотч іздерін сұйық май, эфир майы, сабын ерітіндісі және өшіргіш арқылы кетіруге болады.

Әйнектегі немесе айнадағы скотч іздерін спирт, ацетон және уксус арқылы кетіруге болады.

Пластиктегі скотч іздерін сұйық май, эфир майы және спирт арқылы кетіруге болады.

Қандай беттегі скотч іздерін кетірсек те, алдымен мақтаға сұйық майды(спирт,ацетон,уксус,эфир майы) жағып, дақ бар жерді ысқылайсыздар.

Осындай қарапайым әдістер

Қажеттеріңізге жарасын...