Get Mystery Box with random crypto!

Путин Назарбаевқа Кенесары ханның сүйегін Қазақстанға жеткізуг | Новости ПК

Путин Назарбаевқа Кенесары ханның сүйегін Қазақстанға жеткізуге көмектесуге уәде берді

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы мәлімдеді.

"Елбасының Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында талқыланған мәселелердің бірі қазақ халқының қасиетті артефакті - Кенесары ханның сүйегін іздеу және Қазақстанға қайтару тақырыбы болды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Ресей президентінен бұл жұмысқа көмек көрсетуді сұрады. Елбасы қазақ халқы үшін соңғы хан сүйектерінің туған жеріне көміліп, оның жаны тынышталғаны өте маңызды екенін ерекше атап өтті.

Владимир Владимирович Путин Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Ресей тарапы оған жан-жақты көмек көрсететініне сендірді. Путиннің айтуынша, артефакт табылып, Қазақстан халқына қайтарылады"
, - деді Айдос Үкібай.

t.me/aibat_news