Get Mystery Box with random crypto!

Вакцинасыз кімдер жұмысқа кіре алмайды? Елімізде вакцина ал | Новости ПК

Вакцинасыз кімдер жұмысқа кіре алмайды?

Елімізде вакцина алмағандар енді жұмысына кіре алмайды. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов халыққа қызмет көрсететін сала қызметкерлерін екпе салуға міндеттеді. Құжатқа сәйкес, тұрғындар бірінші компонентті 15 шілдеге дейін, ал екіншісін 15 тамызға дейін қабылдауы тиіс.

Екпе салдыруға міндеттелгендердің қатарында сауда орталығы, тамақтану орны, мәдениет және демалыс объектілері, вокзал және әуежай қызметкерлері, білім беру және Денсаулық сақтау ұйымдары бар. Сондай-ақ, санатория орталығы, дәріхана, экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар мен ойын-сауық объектілері, байланыс және телекоммуникация саласының қызметкерлері де міндеттелген.

Ал екпе салдырмағандар 7 күнде 1 рет міндетті түрде ПТР тестілеуден өтуі керек.

t.me/aibat_news